Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Жаңа жыл қош келдің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік. Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің,Жана жыл!

Балалар қатарға тұрып,музыкалық әуенмен залға кіреді

Тәрбиеші:

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық, баршамыз.

Тақпақ айтып, би билеп,

Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар, балалар!Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз.

(Музыка әуенімен залға қоянды қуып түлкі кіреді).

Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Қоян:

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

Ойын: «Қар жинау»

Түлкі:

Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түciп,

Тарқатам құмарымды.

Қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

Тәрбиеші: Аңдардың бәрі осында,аю қайда?Жүріңдер ондай болса аюды оятайық

Би: «Қонжықтар»

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

ОЙЫН: «Тығылыспақ»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, аңдар! мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Соны шешесіңдер ме?

Аңдар: Иә.

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бip-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді

/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

АЮ, ТҮЛКІ, ҚОЯН:Біз кетейік аяз ата бізді қатырып тастайды.(қоштасып шығып кетеді)

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Ал, мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдарма?

Балалар: Аяз атасыз

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым!

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Ақшақар:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат

Ойын: «Аяз атаның шанасы»

Тәрбиеші: Аяз ата шаршаған шығарсыз ,балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.

Алимжан

Аяз ата келеді.

Тамашаны көреді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді

Айзере

Тамаша сый алып,

Келді аяз атамыз

Шаттанып қуанып,

Шырқап әнге саламыз.

Айлин А

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


Сымбат

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Асылжан

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

Мөлдір

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Элиса

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз.

Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.

«Ұлпақарлар биі»


Аққаланың кіруі:

«Қар лақтыру" ойыны ойналады.

Тәрбиеші:Аяз ата,біздің балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді). Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші:

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!



Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!













































КМҚК «Айгөлек»бөбекжайы





«Қош келдің, Жана жыл!»

«Айналайын»1-ші кішкентайлар тобы















Тәрбиешілері:

Кенжебаева Д.Ж.

Нурлиева Г.Т.











Молодёжный кенті 2018ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12