«Қош келдің, Жаңа
жыл!»
(5-11-
сыныптар)
Өтетін
мерзімі: 28.12.2023
жыл
Өтетін орны:
Бостандық орта мектебінің спорт
залы
Жаңа жыл мерекесі (5-11-сыныптар)
Мереке
тақырыбы: Қош
келдің, Жаңа жыл!
Іс-шара
мақсаты:
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес
жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды
айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін
тиянақтау.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой
өрістерін кеңейту.
Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік
ортада тәртіпті, инабатты ұстауға
тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Аяз Ата- Маханбет Алдаберген
Ақша қар- Пірімбетова Гүлжайна
Жүргізушілер:
1. Қайырбек Сандуғаш
2. Ерік Ислам
Мереке
барысы:музыка залында ата-аналар, қонақтар
жиналған зал қыс бейнесімен, жарық түрлерімен безендірілген және де
әдемі көрікті шыршамен әсемделген.
1-Жүргізуші– Армысыздар
ардақты, ағайын, Ұлағатты ұстаздар! Салтанатты жаңа жылдық шырша
тойдың қадірлі қонақтары!
2-Жүргізуші
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1-Жүргізуші
Бүгін сізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толық болсын
маңайың.
Көргендер де көрмеген де
арманда,
Жаңа жылың құтты болсын,
ағайын!
2-Жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіңдей айшықтанып
арайың,
Жанға – шуақ, бойға қуат
әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын,
ағайын!
1-Жүргізуші
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті, халайық! Бүгінгі
жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді
бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз
бар.
2-Жүргізуші
«Қош келдің,Жаңа жыл!» атты
мерекелік думанды кешін ашып беру
үшін мектеп директоры міндетін атқарушы Сабыр Санжар Өзбекұлына
беріледі.
1-Жүргізуші: Мына орындалар әсем ән
баршаңызға арналады.
Әсем әуен әнді қабыл
алыңыздар 9-сынып
2-жүргізуші
Ой ,бәрекелді, тамаша
әндеріңізге көп рақмет.
1-Жүргізуші:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың
бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып
қайтыңдар.
2-жүргізуші
Ал енді кешіміздің көркін
келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымызды қошеметпен қарсы
алайық!
(Аяз ата! Аяз ата!
Шапалақтап қарсы алу)
Аяз ата
сөзі
Сәлеметсіздер ме? Кешіккен
жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты
қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап
қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі
ашық аспан, 2024 жылға қадам басқан. Гүлденіп көркейе бер,
Қазақстан!
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен
оқушылар, ортамызға бізбен бір жыл бірге болған қоян жылына рақмет
айтамыз.
2-
Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
Жаңа жылымыздың құрметіне 6-7 сыныптың орындауында би. Қарсы
алыңыздар. (6-7 сынып Би
биленеді )
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алайық
бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы
әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де
қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз- дей келе
ортаға 5-
сынып оқушыларын шақырайық. Әсем әнді тыңдайық. (Жаңа
жыл)
2-жүргізуші:
Боранмен буып
белді,
Жаңа жыл тағы
келді.
Берекесін ала
келсін,
Нұрға бөлеп біздің
елді.
Көрініс
6-7сынып
1-жүргізуші:
Келді тағы жаңа
жыл,
Қуантумен
біздерді.
Құтты болсын
қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді, -дей келе
ортаға 5-сынып
оқушыларын, қол соғып қарсы алайық!
(«Флешмоб» биі джингл
бенс)
2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа
жыл.
Жаңа жылда-жаңа
жыр.
Жасыл шырша
жанында
Жадырап бар бала
жүр.
6-сынып
ойын
1-жүргізуші:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса.
5-сынып
ойын
2-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа әннің
тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның
өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы
лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің
ержетуі
1-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды
ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа
уақыт-
2-жүргізуші
Ойын
9-сынып
1-жүргізуші
Аяз
Ата, ақша қармен шырша кеші
өте көңілді өтіп жатыр, бәріміз шыршаны айналып бір би
билейік!
(музыка)
2-жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
1-жүргізуші
Уа, ағайын, той
бүгін!
Думанды басқа қой
бүгін.
Бәріміз үшін ойлы
күн,
Жаңа жылдық той бүгін.
2-жүргізуші
Ендеше Аяз ата мен Ақша
қарды шығарып салайық
Ал, балалар біздің де кететін уақытымыз болды.
Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып
басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен
мақсаттарың орындала берсін. Аман сау болыңдар. (шығып
кетеді)
1-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат,
өмірлерің думанға толы болсын,
балалар.
2-жүргізуші:
Осымен думанды кешіміз аяқталды. Әрі қарай би кешімізбен
жалғастырайық!