400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудан әкімінің Жаңа 2022 жылдық сценарийі

1-жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар, 
Айналаға қараңдар! 
Жаңа жылдық бұл тойын, 
Салтанатқа санаңдар 
Қызық көріп, шат болып, 
Шаттық күліп тараңдар, 
Уа, халайық құрметті, 
Көмейіме жыр кеп тұр 
2-жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Барыс жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Біз сіздерді Жаңа 2022 барыс жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл қуаныш әкелсін.

2-жүргізуші: 
Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге біздің мектебіміздің 6 сынып оқушылары қатысып отыр. Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

1- жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! дей келе

Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді Ақжайық ауданының әкімі Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлына береміз.

2-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып
,
Жалғасады жырға жыр. ____________________________________________________________________________________________________ өнерін тамашалайық!



1-жүргізуші: Құрметті достар!
2 -жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
1- жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін.

2-жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!









 

 

 

 

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі