Жаңа жыл сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

176 орта мектебі

Picture 5

(Ұжымның жаңа жыл кеші)







Күні:29.12.2022 жыл

Уақыты: 12.00

Ұйыдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пән берлестігі


















2022 жыл

«Төрлет ел, кел, жылым!Бақытыңды бер, жылым!» атты мерекелік кештің барысы:


1. Кешті жүргізушілер ашады.

2. Директордың құттықтау сөзі

3. Аяз ата мен Ақшақар келеді.

4.Ескі жыл келеді

5.Ойын «Жұбыңмен ән шырқа» 

6.Ескі жыл кетеді, жаңа жыл келеді

7. «Түрлі-түсті кеш» басталады

8. ФМИ пән бірлестігі «Ақ көйлек киген көк көйлек киген» әні

9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігі «Қызыл раушан» әні

10. Тех қызметкерлер «Көк көйлек кимеңдерші арулар» әні

11. «Тарих, өнер» пән бірлестігі «Жасыл көйлек» әні

12. «Орыс тілі мен әдебиеті» пән бірлестігі « » әні

13. «Дене шынықтыру» пән бірлестігі «Сары қыз»

14. «Бастауыш» пән бірлестігі «Номерін бермей кеткен қыз» әні

15. Мектеп әкімшілігін «Черные глаза» әні

16. «Жаратылыстану» пән бірлестігі «Сенің күлгін көйлегің» әні

17. Асхана, кітапхана, бухалтерия, жастар практикасы, хатшы қыздар «Жылтыр көйлек» әні

18. «Ағылшын тілі» пән бірлестігі «Розовый Вечер» әні

19. Ойын: «Жаңа жылдық кешке арналған селфи» байқауы .

20.Қорытынды.






















Жаңа жыл мерекесі


(Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға клоундармен бірге 4- жүргізуші шығады.)


1-жүргізуші: Армысыздар, ханымдар мен мырзалар!


2- жүргізуші: Бармысыздар, мерекеге жиналған бауырлар! 


3-жүргізуші: Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!!!


4-жүргізуші: Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін!


1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,


2- жүргізуші: Қош келдіңіздер бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.


3-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл -күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

4-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Келе жатқан жаңа 2023 барыс жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін өзінің жылы лебізімен мектеп директоры Садуова Майра Өмірзаққызын ортаға шақырамыз! 
(Директордың құттықтау сөзі, марапаттар)


1-жүргізуші: Алтын ұя мектебіміздің 2022 жылдың қорытындысы бойынша жаңа жыл мерекесінің марапат иелерін ортаға шақырамыз!

1.Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет громатасымен» Шакманова Сауле Серікқызы - мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ «Алғыс Хатымен» Жалғасбаев Руслан Ержанұлы – информатика пәнінің мұғалімі марапатталады.Марапаттарыңыз құтты болсын!Естелік суретке түсіп жіберсеңіздер!


2-жүргізуші: 1. Қалалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет громатасымен» Жубакешова Индира Аманкелдіқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

2. Қалалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет громатасымен» Раушанбек Мөлдір Сәбитбекқызы - денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

3. Қалалық білім бөлімінің «Алғысымен» Бименова Әсел Зинапдинқызы – информатика пәнінің мұғалімі марапатталады. Марапаттарыңыз құтты болсын!Естелік суретке түсіп жіберсеңіздер!


3-жүргізуші: Қызылорда қаласы бойынша "АМАНАТ" партиясының "АЛҒЫСЫМЕН"

1. Азаматова Айжан Болатбекқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

2. Қуанышқызы Бақытгүл - биология пәнінің мұғалімі.

3. Ахметова Манат Смағұлқызы - тарих пәнінің мұғалімі.

4. Абдиева Сабира Арыстанбекқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

5. Кенішбай Олжас Темірбекұлы - денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

6. Жұмабекова Майра Мырзаханқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

7. Қалыбаева Қалдыгүл Алтайқызы - мектеп тәлімгері

8. Бимаханова Каншайым Еркінқызы - көркем еңбек пәнінің мұғалімі марапатталады. Марапаттарыңыз құтты болсын!Естелік суретке түсіп жіберсеңіздер!


1-жүргізуші:  Ал, ендеше кереметтей кешімізді бастайық! Жаңа жыл ерекше мереке. Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі. Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету әсте мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық! 
(Аяз ата, Ақшақар! Сахнаға келеді)


2-жүргізуші:  Ал, Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер!  

3-жүргізуші:  Алыстан келген Аяз ата, жаңа жыл мерекесіне жиналған қонақтарды құттықтап, бір тілегіңізді айтып жіберсеңіз.Сіздікі рахат қой дим да...жылына 364 күн демалып, 1-ақ күн жұмыс істеп, сол 364 күннің айлығын алып кетесіз да...ал біз болсақ жылы 365 күн жұмыс істеп, 182,5 күннің айлығын алып, мәз боламыз да жүреміз.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, Ханымдар мен Мырзалар!Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Неге үйттің, қарағым, няғып 182,5?! 


4-жүргізуші: Былай ғо, аяз ата, бізде «алтыншы, демалыс» деген бар, біз ол күні мектепте емес өзіміздің «жеке офисімізде» жұмыс істейміз. Ал бірақ оған төлемейді ғоооооой.
Аяз ата: Деймін да, қарағым, менікі де оңай емес! Екі бұғым бар, олардың жем-шөптері, Ақшақардың қысқы-жазғы киімі, косметикасы, салоны бар дегендей, одан қала берсе өзімнің де темекім бар күніне 2 пачка...продуктамыз бар...Мен де еріккеннен жүрген жоқпын ғой...


1-жүргізуші:  
Оооооой қояйықшы болды, «жылағанның алдынан өкірген шығады»- дейді...


2-жүргізуші: Соны айтам, 1-ақ тілек айта қояйыңышшы деп ем, проблемаңызды айтып кеттіңіз ғо, Аяз атау?! 


3-жүргізуші: Кризисный аяз ата екенсіз! Ал, Аяз ата, жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер. Одан да тілек жаудырып, бата беріңіз,  мына ұстаздар қауымына!!!
Аяз ата: Жарайды, қарақтарым, аааал қолдарыңды жайыңдар!
Ақ мол болсын...
3,4-жүргізушілер: АЯЗ АТА! Бұл ол жаңа жыл емес қой!


Аяз ата: Кешіріңдер, қарақтарым! Қыста Аяз ата, көктемде Қыдыр ата болып, ми ашып кетті...Аааал, қарақтарым...
Жаңа жыл құтты болсын!
Шаңырақтарың шаттыққа толсын!
Әр үйде амандық болсын!
Бесікте балаң жылап, 
Үйлерің у-шу болсын!
Жұмыстарың жемісті болсын!
Айлықтарың 300 мың болсын!
Айтпай шапқан жау жаман,
Фронтальныйларың жоқ болсын!
А4 қағаздарың көп болсын,
Файлдарың мол болсын!
Ручкаларың бітпесін,
Сияларың кеппесін.
Соткаларың өшпесін,
Комиссияларың келмесін.
Оқушыларың білімді болып,
Мектеп атын еңсерсін!
(Аумин)


1,2-жүргізуші:  Мәәә не деген бата?! Аумин, рахмет, аяз ата?!


3-жүргізуші:  Аааал, Ақшақар сіз не дейсіз? Или шынымен де Аяз атаның счетына өмір сүріп жүрсіз ба?...Бір ауыз бірдеңе демейсіз ба? 
Ақшақар: 
Демейді ау ешкім жаман өз атасын,
Қалайша жан жүрегің сыздамасын?!
Сіздерге ұнап қалған аташкамның,
Жазып берген мен болам ақ батасын.


3, 4-жүргізуші:  Ойбоооой, керемет, керемет!


1-жүргізуші:  Сөз тапқанға қолқа жоқ! Жақсылап тұрып дайындалып кепсіздер ғой, ия? 364 күн кеткен шығар мына батаны жаттауға.


2-жүргізуші:  Дегенмен, алғысымыз шексіз! Сонау жерден бұғы терлетіп келген сіздерді де құр қол қайтармаспыз! Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін жақсылып тойлаңыздар, төрге жайғасыңыздар!


3-жүргізуші:  Уа, халайық той бүгін, 
Бақыт, шаттық мол бүгін. 
Қарсы алайық қоян жылын, 
Ұзатып сап барыс жылын!


4-жүргізуші:  Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген мол жақсылық.

1-жүргізуші:  Ия, ескі жыл біздің ұжымға жақсылықтар мен жаңалықтарымен есімізде қалғалы тұр.Атап өтетін болсақ, 2022 жылы мектебімізге жаңадан басшы Садуова Майра Умирзаковна келді.


2-жүргізуші:  Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Назикбаев Мейрамбек Тұрабекұлы келіп жұмыс істеуде.


3-жүргізуші:  Мектебіміздің кабинеттері жаңа заманға сай жабдықталуда.Соның бірі жаңа үлгідегі STEM кабинет ашылды.

4-жүргізуші:  Асханамыздың жиhаздары ауысып, тамаша көңіл-күй сыйлауда.


1-жүргізуші:  Биылғы оқу жылына «Педагог – ассистент», «мұғалім-логопед» шататы қосылды.


2-жүргізуші: Мектебіміздің бір мәртебесі көтеріліп, оқушыларымыз бен ұстаздарымыз түрлі бағыттағы байқаулардың жүлделі орын иесі болды.Атап өтер болсақ:

1) Түрлі байқау- 38 орын

2) Ғылыми жоба - 4 орын

3) Пәндік және түрлі олимпиада - 23 орын

4) Спорттық командалық сайыстар – 6

5) Қалалық деңгейдегі түрлі бағыттағы кәсіптік байқау – 12 мұғалім


3-жүргізуші: Олай болса, ескі жылды ортаға алып, қош айтысып қалайық!

(Музыка ойналып, ескі жыл ортаға келеді)


Ескі жыл: Шырша той құттыболсын , ағайын,

Жыр тойында би-билеп, ән салайық.

Күлкінің керуеніне бізде ілесіп,

Езу жыймай бір жасарып қалайық!


Аяз ата: Құрметті мерекеге жиналаған қонақтар!Барлығымыз бірге, ескі жылмен бірге ойын ойнап қалайық!


4-жүргізуші: Ойын «Жұбыңмен ән шырқа» . Ортаға қыздар мен жігіттер жұптасып шығады. Жұптасып тұрған екі адам бір-бірінің арқасын түйістіріп, екі түрлі ән айтады.Қай жұп жаңылмай ән айтса, сол жұп жеңімпаз атанады.Әнді дұрыс емес не шатасып айтқан жұп ойыннан щ

шығарылады.

Ескі жыл: Ойын өте қызықты өтті.

Ескі жылын есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап.

Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап!

Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді қыймас көңілмен,

Келер қоян жылында,

Жақсылығымыз көп болсын!

Ашық болсын аспаның,

Аман болсын жас кәрің.


1-жүргізуші: Құрметті Барыс жылы! Сіз құтты жыл болдың.Біз ризамыз сізге.Қош, сау болыңыз!

Ескі жыл: Ұмытпаймын сіздерді, сау болыңыздар!


Ақша қар: Қош келдіңіз жаңа жыл!



Жаңа жыл: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Қоянмын мен жаңа жыл

Барыс жылының мерекесін ,

Берекеге жалғаймын.

Елде , жерде, табиғатта

Бейбіт жолды қолдаймын.


2-жүргізуші: Жаңа жылым, жол болсын!

Басқан қадамың оң болсын!

Төрлет, төрлет, құтты жыл,

Бізге құтты жыл болсын!


3-жүргізуші:  Уа, халайық жараңдар, 
Айналаға қараңдар! 
Жаңа жылдың бұл тойын, 
Салтанатқа санаңдар 


4-жүргізуші:  Қызық көріп, шат болып, 
Шаттық күліп тараңдар, 
Уа, халайық құрметті, 
Көмейіме жыр кеп тұр 

Тамаша би, әнменен,
Өткізейік жаңа жыл кешін,

Түрлі-түсті кешпенен –деп «Түрлі-түсті кешімізді» бастаймыз.


1-жүргізуші:  Дүниемен танысуға берген талай көмегін,

Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.

Қосып алып, бөліп тағы көбейткен,

Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.


2-жүргізуші:  Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың- дегендей ду қол шапалақпен ФМИ пән бірлестігін «Ақ көйлек киген көк көйлек киген» әнімен ортаға шақырайық!

(Бірлестік мұғалімдері ортаға шығып, әнін айтып, қолындағы корзинаны қазақ тілі бірлестігіне ұсынады)





3-жүргізуші:  Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігін,

Ортаға шақырамыз әсем әнмен – деп кезекті «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің «Қызыл раушан» әнімен қарсы алайық!


4-жүргізуші:  Жыр жазбаймын құр сөзбен мақтау үшін,

Өрнектейін жүректе сақтаулысын.

«Тех қызметкерлер» деген ұлы маман иелері,

Тер төккен ел үмітін ақтау үшін-дегендей «Көк көйлек кимеңдерші арулар» әнімен ортаға шақырамыз!


1-жүргізуші:  Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
«Тарих, өнер» пән бірлестігіне

Көп қой сізге деген қарызым-деп «Жасыл көйлек» әнімен ортаға шақырамыз!


2-жүргізуші:  Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген!-дегендей « » әнімен «Орыс тілі мен әдебиеті» пән бірлестігін қарсы алайық!


3-жүргізуші:   Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Сыныбында тәртіпсізді жоятын.

Ұмытсаңыз әкел дейтін форманы,

Д/шы ағай тұрғызып қоятын-деп «Дене шынықтыру» пән бірлестігін «Сары қыз» әуенімен ортаға шақырамыз.


4-жүргізуші:  Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш апайларым жас жадымда!-деп «Номерін бермей кеткен қыз»әнімен «Бастауыш» пән бірлестігін қарсы алайық!


1-жүргізуші:  Ортаға...біреу үшін оңбай таяқ жейтін, біреу үшін сөз еститін, қонақ келсе бірінші боп қарсы алатын, жұмыс рөлін басқаратын, біреуге апа, біреуге ағай, біреуге завуч, біреуге көрші бола білген  мектеп әкімшілігін ду қол шапалақпен «Черные глаза» әнімен ортамызға шақырайық! 

2-жүргізуші:  Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География апай мен ағай келді деп біз жайнаймыз.


3-жүргізуші:  Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Ұстаздарым сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!


4-жүргізуші:  Ген, рнк, днк деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп біздерге
Апайларымыз биологиядан үн қатқан!-дегендей «Сенің күлгін көйлегің» әнімен «Жаратылыстану» пән бірлестігін қарсы алайық!


1-жүргізуші:  

Қылығы қандай, бұрымы қандай - беліне дейін төгілген
Көз тоймас көрік, сертіне берік, қазақи мінез көрінген.
Оятып әнді, баурайды жанды қарақат мөлдір көздерің
Тамыры ұлттың, жарығы жұрттың болашақ ана – өздерің.

Сыңғырлап жатқан, сырғасын таққан қазақ қызымен мақтанам
Қазақ қыздарым, ғажап қыздарым, ажарлы қазақ қыздарым.
Қадірлі қыздар, тәлімді қыздар тап-таза арын сақтаған.
Тербетіп бесік, перзенті өсіп, үмітін елдің ақтаған-дегендей
асхана, кітапхана, бухалтерия, жастар практикасы, хатшы сұлу ханшайымдарымызды «Жылтыр көйлек» әнімен ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.


2-жүргізуші:   «Good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.
Ұстаздарға алғыс айтып әрқашан,
Түскі ауысым арасынан табамыз!-деп дегендей «Розовый Вечер» әнімен «Ағылшын тілі» пән бірлестігін қарсы алайық!


Аяз ата: Бүгінгі «Түлі- түсті кеш» керемет өтті. Көріп бір көңілім көтеріліп қалды.Рақмет сіздерге ханымдар мен мырзалар!

3-жүргізуші:  Начало формыКонец формы

Начало формы

Әріптестер, білесіздер ме, біз негізі ерекше жаратылыс иесіміз. Айтыңыздаршы, кім таңғы ас ішпей жүріп бүкіл тірлікті тиянақты етіп істей алады? 
-    Кім жұмыс уақыты басталмаса да жұмысқа ерте бара алады? 
-    Кім түскі үзіліс, демалыссыз жұмыс істей алады? 
-    Кім түн ортасы жұрт ұйқыға жатқанда компьютерге телміріп қарап отыра алады? 
-    Ал кім өзіне өзі сұрақ қойып, өзі жауап бере алады? 
-    Кім бір уақытта 30 адамның сұрағына 30 түрлі жауап тауып бере алады? 
-    Кім керек емес қағаздарды үнемі көтеріп жүре алады? 
Әрине, тек қана біздер, мұғалімдер!!! 
4-жүргізуші:  Начало формыКонец формы
Біздің жасаған жұмысты ешкім жасай алмайды, сондықтан біз ерекше жандармыз! Өзімізге құрмет көрсетіп, шапалақ соғып қояйық! 
Олай болса кереметтей ойын ойнап жіберсек, ия?!
Ойын: Жаңа жылдық кешке арналған селфи байқауы .

Оны қалай жүзеге асыруға болады? Қатысушылар сапқа тұрады және жүргізуші тапсырмаларды жариялай бастайды. Ағашпен селфи жасау сияқты оңай нәрседен бастау керек. Әр ойыншы суретке түсіп, көшбасшыға жүгіру керек. Соңғы келген адам жойылады. Бірақ сіз хосттың фотосуретті тексеретіні туралы ескерту жасауыңыз керек. Ақыр соңында, біреу алдауы мүмкін, бірақ біреудің суреті жағылады. Бұл жағдайда жойылатын соңғы адам емес, қалаған селфиі жоқ адам.

1-жүргізуші:  Начало формыКонец формыЕй, Жаңа жыл! Жаңа бақыт ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да, нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы

Жанға шуақ, бойға қуат құйылсын 

2-жүргізуші:  Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін

Жиналған осы жерге, бәріңізге.

3-жүргізуші:   Кел, Жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің біздіі де!

.

4-жүргізуші: Жаңа жыл әр отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке ала келсін. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, кешімізді бимен жалғастырайық!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі