Жаңа Жыл- Жаңа
Жыр
1-жүргізуші:
Уа, халайық
жараңдар,
Айналаға
қараңдар!
Жаңа жылдық бұл
тойын,
Салтанатқа
санаңдар
Қызық көріп, шат
болып,
Шаттық күліп
тараңдар,
Уа, халайық
құрметті,
Көмейіме жыр кеп
тұр
Жаңа жылды қарсы
алып,
Өткізейік
дүрмекті
Уа, халайық той
бүгін
Бақыт, шаттық мол
бүгін
Қарсы алайық Ит
жылын
Ұзатып салып
тауықты.
Армысыздар ағайын! Құрметті ата - ана,
қымбатты ұстаздар, оқушылар,
қонақтар!
2-жүргізуші:
Сіздерді «Жаңа жыл» мерекесімен құттықтаймыз.
Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл
мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке,
бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ
қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен
жырға
Қыс қызығы басылмай
ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа
жылға
1 -
жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа
жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен
өткізуге ат салысайық.
2 – жүргізуші
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп,
баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға
рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Кел, жаңа
жыл,
Төрле, төрле
жеріме,
Құт береке боп келгейсің
еліме,
Үміт артып армандарға
аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,
- дей отырып, бүгінгі
көңілді кешімізді ашу үшін мектеп басшысы Алтай
Нөгербекұлының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл
алайық.
2 -
жүргізуші:
Жаңа жылым жаңа бақыт
сыйласын,
Көгімізде бақыт рухы
самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы
әнін
Қуанышпен арайлансын ақ
таңың
Кел жаңа жыл жаңа
жыл,
Саған әзір Жаңа
жыр
Елге табыс,
жақсылық
Ала келші жаңа
жыл,- дей келе Назираның орындауында «Кел жаңа жыл»
әнін қабыл алыңыздар.
1
-жүргізуші:
Ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің
қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды
шақырайық.
Хормен:
АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3
рет)
2-жүргізуші:
Қош келдіңіз АЯЗ
АТА.
1-жүргізуші:
Амаңсыңба
АҚШАҚАР.
АЯЗ
АТА:
Уа, жұртым,
жиналған.
Көңілдерің дүр
маржан
Айналайын
ұлдардан
Айналайын
қыздардан
Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан
қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар!
Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.
Ит жылы табыс жылы, береке,
бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз
ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты
кезең болсын.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар,
ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы
болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы
болсын.
Мен сіздерге
әдейлеп «Жаңа жылға» ән айтып берейін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:
Келді Аяз
атамыз,
Қасында Ақша қары
бар.
Қызыққа әбден
батамыз,
Қарсы аламыз
баршамыз.
1-жүргізуші:
Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз,
енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық
тартуларымызды қабыл алыңыз.
2-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ
қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен
жырға.
Қыс қызығы басылмай
ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда- дей келе
«Бипан» тамашасын қабыл
алыңыздар
1-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін
шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы
алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би
билетіп,
Қол соғып биік шыңға
самғатайық-дей отырып,
қыздарымыздың «Жазира» биін қабыл
алыңыздар.
1
–жүргізуші:
Шырша
ойыны. Біз әр сыныптан бір ұл бір
қыз шығарып, қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап
бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей,
әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын
тәртібін бұзды деген сөз ол бала ойыннан шығады. Сонымен сұрақ
ойнымызға көшеміз.
1. Атың
кім?
2.
Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар
ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің
кім?
5. Қай мектепте
оқисың?
6. Жаңа
жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың
кім?
8.
Жалғыздықтан қорқасың ба?
9. Сабақта
үлгерімің қандай?
10.
Көзіңнің түсі қандай?
11.
Тұратын қалаңның аты қандай?
12.
Киіміңнің түсі қандай?
13. Аяғыңа
не киесің?
14. Қыста
тонасың ба?
15. Бас не
үшін қажет?
2-жүргізуші:
Жаңа жыл ауылдарды
жарылқасын,
Қиналып әр отбасы
тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген
күндей
Жүздеріңнен қуаныш
арылмасын,- дей отырып Назираның орындауында «Хавана »
әні
1-жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып
арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат
әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын!
Тамашадан көрініс :
«Такси»
2-жүргізуші:
Асыға күткен жаңа
жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа
жыл
Жаңа заман, жаңа
айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл-дей
келе Дильнастың орындауындағы «Тәжік» биін қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген
үн,
Қанаттана кең алқапқа
тарайды ,- дей отырып Айгүлдің орындауында «Жаңа жыл
» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі
кешімізге,
Жаңа табыс тілейік
ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт
әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге
,- дей келеАйжанның орындауында үнді биін қабыл
алыңыздар
1-жүргізуші:
Ар бол, Жаңа
жыл!
Бар бол, Жаңа
жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа
жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа
жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа
жыл, -дей отыра «Қыздан кешірім
сұрау» тамаша
1-жүргізуші:
Шырша қандай
керемет,
Ойыншықтар
ілінген.
Жымың қағып
шамдары,
Бүкіл қызық тірілген, - дей
келе Нұрболдың
орындауындағы "Жаным
қазақ" әнін қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ойын:
Қимыл арқылы бұл ойынға барлық адам қатысуға
болады.Қағазды бөліктерге бөліп, алып, отырыста отырған адамдардың
аты жеке-жеке жазылып, бұктеп ыдысқа салынады.Қағазда кімнің аты
жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі тиіс.Қалғандары
кім екенін табуы керек.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл мерекесі құтты
болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл
болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға
толып,
Қане, достар, күлкімен орта
толсын,- дей келе
қыздардың орындауында «Өзбек биін» қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:
Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты
жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті
бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі
еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты
күнім-демекші «Шыншылдық күніне »
арналған қойылым
Жұмбақ:
Ақсақалды
шал жылына,
Бip-ақ рет келіп
кетеді.
Қызы мен
ұлына,
Сыйлық алып
келеді.
/Аяз
Ата/
Суды елекпен қалай тасуға
болады? Жауабы: мұз қылып
қатырып
Қатты жылдамдықпен келе жатқан
жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол
полициясы
Бір үйде елу батыр, үй сыртына
сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы:
Сіріңке
Патша кімнің алдында тәжін
шешеді? Жауабы:
Шаштараздың
Қазақстан мен Өзбекстанның
ортасында не бар? Ж-ы: мен
Жеген сайын жылататын
нәрсе? Жауабы:
Таяқ
Теңіздің суы неліктен
тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп
кетпеуі үшін
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда
өседі? Жауабы:
Ұзынағашта
1-жүргізуші:
Жаңа жыл-қайсарлық пен
жүректілік,
Баратын болашаққа білек
түріп.
Біз жаңа жылдарға қол
соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп
тұрып- Флэшмоб» биін қабыл
алыңыздар
Ойын:
Айзына көп сағыз салып тілек айту
керек
2-жүргізуші:
Жарқырайды
жан-жағым,
Жаңа жылдық
киіммен,
Жаңа жылдың
сыйлығын,
Жеңіп алғың
өнермен- дей келе тамаша
«Инстаграм»
1-жүргізуші:
Төрлетіңдер,
төрлетіңдер.
Шырша сәнің
көріңдер.
Әсем әнмен би
билеп,
Күй жырларды төгіңдер
–дей келе «Еркеназ» ұйымының биін қабыл
алыңыздар.
АЯЗ АТА:
Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би
билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет,
өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен
қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР:
Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда
кездескенше.
Барлығы:
Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз
Ақшақар.
2-жүргізуші:
Сыр қалмасын көңілде
ақтарылмай,
Бақытын өз елінде тапқан
ұдай.
Тай құлындай жарысып бірге
өскен,
Балауса балалықтың
шақтарындай,
-тамаша
«Терескоп»
1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт
ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да
нұрысын.
Адамдардың асқақтаған
арманы,
Ақындардың таусылмайтын
жырысың
2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа
жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға
ысыр.
Құт болып береке бер
халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке
асыр.
1-жүргізуші:
Міне, жаңа 2018 жыл да келді. Ал 2018 жылы да
елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз
арылмасын.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын
тап, қар үстіне қада гүл,
1-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан
тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші:
Кел жаңа жыл, игілік боп, иба
боп Жер бетіне кереметті жина көп.
1-жүргізуші:
Ақ қауырсын қанатына қайғы
емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
2-жүргізуші:
Жүздерің әрқашан жарқын,
көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы
болсын.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,
жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа
жыл баршамыз үйін берекелі, мерекелі жыл
болсын.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл шаттығы мәңгілік
тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап,
келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау
болайық, әрі қарай би кешімізбен
жалғастырайық
Бірге:
Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын.
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы
алып,
Жасаймыз той жылда
бір.
Жарқын-жарқын ән
салып,
Жалғасады жырға
жыр. -дей келе
Айшаның « Жаңа жыл» әнін қабыл
алыңыздар.