Жаңа жыл сценарий 2024

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл сценарий 2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудан әкімінің жаңа жылдық шырша сценарийі

Аппақ болып киінген Асан қайғы мен желмая (түйесі) сахнада жүреді. Жәй фондық музыка жүріп, лед экраннан тау шыңын қар басқан табиғат пейзажы шығып тұрады.

Асан қайғы: - Е-е-е, менің желмаяым, дала кезіп, ел шарлап жүргеніміз көп болды. Мына менің арманым саған мәлім ғой. Ел қонатын, жері шұрайлы, шөбі шүйгін,  ну орманды, көкорай шалғынды, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жайлы қоныс тапсам, жерұйықты тапқандай боламын. Ех, сол кезде мына сенімен, менде арман қалар ма еді?!

Осы кезде жұпыны киген өлеңдете Тазша шыға келеді:

Мына мені қалдырды,

Жаңа жылдан қалам ба?

Ебін тапса, Тазшаеке...

Ортаңыздан бір шығар, - ООО, Асан қайғы шал, айттым әне, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан... (басын тырнап), Асеке, желмаямен ел кезіп қайда келесіз?

Асан қайғы: Мына бала қай бала? Мен сені танымадым ғой...

Тазша бала: «Асеке, әкемнің белінде, анамның көңілінде жатып, әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл баққан Тазша мен боламын! Жаңа жылды тойлауға қалып қойып едім, енді міне, сіздің желмаяңызды есіп барар жолды көрсетсем, сіз іздеген құрық үстіне құрық салып, жау тигендей қуалап, айдын шалқар бір мекен бір-ақ апарам»

Асан қайғы: Ә-Ә-Ә, Тазшамын дейсің? Тазша, мына тұрыс не тұрыс кеттік ендеше...

Үшеуі алға қарай жартылай құрулы тұрған киіз үйге жүре бастайды. Тазша өлеңдетеді:

Көлбақаның көлектей иегі бар,

Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар.

Өзім барып, жерінен алып келдім,

Казталовтың әдемі қыздары бар!

Сенбесеңіз қараңыз,

Мың бұралып билейді,

«Би тобының аты» қыздары.

1 «Қазақ биі»

Би биленіп жатқанда Жиренше мен Қарашаш киіз үйден шығады. Биге барлығы тамсана қарайды.

Жиренше шешен: -Уа, Асан ата, ассаламалейкум!!! Біздің елдің Тазшасы мына сіздің қасыңызда не ғып жүр?

Тазша қарқылдай күліп: Бүйтіп мені атамаса, Жиренше Жиренше болармысың?...

Қарашаш: Асан ата, қош келдіңіз! Қонақ келсе, құт келер демекші төрге қаррай беттіңіз...

Асан қайғы: Жиренше, айналайын сен менің сырымды жақсы білесің ғой. Жерұйықты іздеп ел кезсем, мына Тазшаңыз жаңа жылды сондай бір мекенде өткізесіз деп жетектеуде...

Жиренше: Ә, Асан ата, Тазшаның қырық өтірігінің бір деп сенім арту қиын деп тұрған боларсыз, иә... Ендеше, алдымен отырып, домбыраның күмбір үнінде әуезді бір әуен тыңдасаңыз, мен сізге сол елдің басын қасыңызға байлап жіберем ғой.

Асан қайғы: Әрине, домбыраның күмбірін естігенде елітпейтін қазақ жоқ-ау, сірә.

Тазша: Дәл солай, Асеке. Әсіресе, «Қыз Жібектік» қыздардың әсем дауысы әдемі киімдерімен үйлесім тауып, мына сіздің көзіңіздің жауын алады.

2 домбырамен

Жиренше: Асан ата, көңіліңіз жайланып, әсем әуенге еліткендейсіз. Мен сізге берген уәдемді орындайын. Мына Тазша жаңа жылды дүбірлілер мекендеген (осы жерге Оралға қойған концерт сценарийінен Казталов туралы жазу керек) Казталовта қарсы алмақ. Ал елдің қазіргі әкімі Сарқұлов Асыланбек мырза. Асыланбек мырзаны Қарашаш келініңіз шақырып келген болатын. (Осы кезде «Ассаламалейкум» деп шығады)

Міне, өзі де келді. Елдің баласы Казталовтың төрінде керемет жаңа жыл кешін өткізбек. Ендеше, бір ауыз тыңдап, сол елге бет алсаңыз, нағыз жерұйықты табасыз.

3 Аудан әкімінің құттықтау сөзі

Асан қайғы: «Жол мұраты – жету» демекші біз жолдан қалмайық. Казталов, Казталов деп жиі естуші едім... Әсіресе, сөзге шешен, қағытпа қалжыңмен қағыта сөйлейтін өрендер бар деуші еді. Бұны да көрер болдық қо...

Тазша: Е-еже, Асеке, сіз біліп тұрсыз ғой. Жерұйық деген сол қағытпа әзілдің отаны Казталовта ғой...

КВН жігіттер: Уа, Тазшеке, мына біз туралы айтып жатқаңыңыз сонау Сарықұдықтың белінен асып, Талдыапан шекарасынан жеткен соң құштай ұшып келді.

Асан қайғы: Ойбу, мен тілге шешен, сөзге жүйрік үлкен кісі болар десем, мыналарын бозбала екен ғой.

КВН: Асан ата, түк те уаымдамаңыз. Біз қағыта сөйлеп, әзілмен залды жаруды қайдан үйренді дейсіз? Қазағымыздың үш биі ауданымызға келіп дебат үйретіп кеткенді, одан шабыттанған мына біз республика төрінен бір шықтық.

Асан қайғы: Ал, бозбалаларым, қандай өнерлерің бар?

КВН: Асан ата, біз кешті бастау үшін мына жеріміз сүттей жарық күйге ену керек.

Асан қайғы: Ол не деген тағы?

Тазша шыршаның артынан сығалап жүріп, атып шығады:

Мына мен бар кезде мүмкін еместі мүмкін жасауға болады. Қараңыздар, менің қолымда не бар?

КВН: Е, мынау, таяқша ғой.

Тазша: Бұл жәй таяқ емес, сиқырлы таяқ. Біз осы шыршаның шамын жақсақ, жаңа жыл тойлайтын ауыл алыс емес екенін мына менің бүйірім сезуде.

Асан қайғы: Ал, ендеше, мынау шырша шамдарын жарқырата жағып, өнерлі бозбалалардың бір өнерін тамашалайық!

Бәрі бірге: Шырша шамдары жарқыра, жарқыра, жарқыра!

4 КВН

Тазша бала: Өнерлеріңіз өрге жүзсін! Мына жер жарқырап тұр екен, ендеше, жаңа жыл өтіп жатқан елді табайық.

Асан қайғы, желмая, Тазша келе жатырса, қоян секіріп жүреді.

Асан қайғы: Еее, мынау ытқып-ытқып жүрген қоян емес пе?! Айналайын қоян жан, барар жер, қонар қоныс таба алмай жүрген жоқсың ба?

Қоян: О, Асан ата, сіз жолығып жақсы болды ғой. Мына менің жүнім түлейтін уақыт келіп, қыс болар өзге елді іздеймін. Бір жыл мекен еткен мен үшін бұл өлке жайлы болды. Өзге өлкенің қысын сезінбекпін.

Тазша: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіңдей айшықтанып арайың,

Жанға – шуақ, бойға қуат әкелген,

Қоян жылы сау болсын қайта айналып келгенше!

Қоян:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар жаңа жылы.
20 жыл есте қаларлық оқиғалар мен мерекелерге толы болды, себебі мектебіміздің есімімен аталатын Тәкен Әлімқұловқа 100 жыл, күйші Төлеген Момбековке 100 жыл, Ауданымызға 90 жыл, Бәтима Батырбековаға 90 жыл, Асқар Сүлейменовке 80 жыл толған мерей тойларды тойладық. Біраз жұмыстар атқарылды, еш өкпем жоқ, келер жылдан күтер үміт көп, келер жаңа жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бірлік пен береке, толағай табыс әкелсін.

Тазша: Қоян жан, мына сені достарың күтіп тұр екен, әне, қарашы.

5 «Қоян» биі

Асан қайғы: Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге,

Мен бастайын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр.

Келе жатыр ...

Балалар: Жаңа жыл!

Тазша: Ооо, мен күткен жаңа жыл ма?!

Асан қайғы: Иә, сен күткен жаңа жыл-ау...

Жаңа жылдың әріден дауысы шығып:

Ой, жарайсыңдар!

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі ашық аспан, 2024 жылға қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!


Тазша: Жаңа жыл қош келдің! Сен келді деп далада әдемі қар жауып тұр екен. Көрінісіне бір тамсанып қараңыздаршы.

6 «Снежинка» биі

Тазша: Пах, шііркін, не деген әдемі көрініс. Қой, адуынды билер мен жыраулар мына бізді тосуда, жолдан қалмай жүрейік.

Асан қайғы, Тазша, жаңа жыл жүріп келеді, алдарынан 3 би кездеседі.

Үш би: Ооо, Асеке, елімізге қош келдің!

Асан қайғы: Армысыздар, билерім. Мынау сіздерге арнауым:

Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған, - демекші бұл өлкеде не ғып жүрсіз.

Төле би: Мына, сенің сырың бізге мәлім ғой. Сөзге шешен, ойға жүйрік дебатшылары көп мекенде біз жүрмегенде кім жүреді?!

Қазыбек би: Шөбі шүйгін, көгі жайлау, қысы жайлы мына өлке бізге ұнады.

Әйтеке би: Бізге қоныс болған мына Батыс қара жерге қар жаудырып, айналаны аққа бояп, сіз келеді деп жаңа жылды тойлауда.

Асан қайғы: Әйтеке би, құрметіне рахмет! Мен мына желмаямен есіп жүріп, мына Тазша мен жаңа жылды қасыма ертіп, кәріліктің құрығына түсейін дедім бе екен, шаршай бастадым....

Әйтеке би: Асаеке, ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, барлық балалардың қуанышы Аяз ата мен Ақша қар да біздің өлке таяп келді. Қане, бәріміз бірге тездетіп шақырып алып, әдемі кешті бірге өткізейік. Біздің елдің қонақжайлығына тәнті болыңыз.

Ал, қане, бәріміз бірге: Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

Әйтеке: Менің құрметтілерім, мына жерге бәріңіз жайғасып, жаңа жылдық думанды жалғастырып, мың бұралған бишінің, күміс көмей әншінің өнерлеріне тәнті болайық.

Аяз ата мен Ақша қар, сіздер үшін «Аяз ата» биі биленбек, қарсы алыңыздар!

6 «Аяз ата» биі

Тазша өлеңдете жүре шеткері тұрған кремло-орындыққа барып шалқасынан түседі:

Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай, жерге түстім.

Шаршағаным соншалықты,

Ән тыңдап, жатып демалмақпын.

7 «ән»

Асан қайғы:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Биылғы келіп отырған жыл да

Қазақ халқы үшін жайлы ұлу жылы!

Ендеше бабына келіп отырған жүйрікті жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!


8 көркемсөз


Тазша: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,


Әрқашан мерекелік көңіл болсын


Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,


Қане достар, күлкімен орта толсын.


9 __________________  орындауында  “______________”  күйі қабыл алыңыздар.


Аяз Ата:Уа, балаларым  Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл. 365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!


Ақшақар:  Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!


Құрметті кіші жүз елі мен Асан қайғы көп-көп рахмет! Біз жол жүрейік.


Асан қайғы: Аяз ата, Ақша қар, мына өлке шынымен нулы, шұрайлы жер екен. Дүлділдер мен шешендер, әншілер мен бишілер, ақындар мен жыршылар, күйшілер мен термешілердің басын қосқан бұл өлке әлі талай асу асып, әлі талай шыңдарды бағындырмақ. Құрметті казталовтық достарым, мына сендерге риза болдым. Мен іздеген жерұйық сендер екенсіңдер!

Тазша: Ех, мен әлі бір би тамашалап, ән тыңдағым келіп тұрғаны.


Ақшақар: Құрметті Тазша, бір биге уақытымыз бар екен, сағат тілі тырсылдай соққанда жолға шығуымыз қажет.


Тазша: Мына келе жатырған жыландар биін тамашалаймыз, болды шығамыз.


10 «Жыландар» биі


Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!


Асан қайғы:


Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.


Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Тазша: Ал, ендеше, достар, қош сау болыңыздар.

Әйтеке: Менің құрметтілерім, өлкемізге келіп, жаңа жылды бірге тойлағандарыңыз үшін рахмет! Жүздеріңіз әрқашан жарқын, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз думанға толы болсын! Сіздерді әсем әнмен әуелетіп шығарып салайық!

11 ән

Бәрі бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі