Материалдар / Жаңа жыл сценарий МАД топтарына

Жаңа жыл сценарий МАД топтарына

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған сценарий МАД топтарына. Жаңа жылдық саяхат. өте қызықты сценарий
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қуантып елді «Жаңа жыл» келді!

Жүргізушінің сөзі:

  • Қымбатты қонақтар,ата – аналар!

  • Сіздерді «Жаңа жыл» мерекелеріңізбен құттықтаймыз,өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға ынтымақ,бірлік тілейміз!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жыл баршаға

Қол соғып, қарсы алайық

Балаларды, шақырайық ортаға.

Музыка әуенімен балалар кіріп,шыршаны айналып,орындарына тұрып,жалпы би,ән орындайды.

Ән: «Жаңа жыл келді!»

Тақпақтар:

Жүргізуші:

- Қандай әсем,керемет!

- Неткен тамаша!!!

- Қандай жақсы балалар,

- Ай-жұлдызға пара-пар

- Бола қоймас, бізге айып.

- Аяз атамен,қарша қызды шақырсақ.

Хормен: 3 рет қайталайды.

-Аяз ата,Ақшақар!

Күтудеміз бәріміз!

Көңілді әуенмен Мыстан қарша қыздың киімін киіп алып келеді.

Жүргізуші:

- Мыстан,біз сені танып қойдық.

- Біз сені,тіптен шақырған жоқпыз.

- Неге келдің?

- Айт,айт, неге келдің?

Мыстанның сөзі:

  • Жарайды жақтырмасаңдар да,шақырмасаңдар да.

  • Сендермен,амандасып алайық.

- Сәлем,сәлем тікен,тікен болған шырша.

- Хелоу... көрермеңдер,қонақтар.

- Ой, менің кішкентай тышқандарым,ту-ту-ту бөпелерім,қандай сүйкімді өздері.

- Жарайды,киімімді өзгертсем де болмады,танып қойдыңдар.

- Өтпеді өтірігім,жарайды. Ох-Ох.

Жүргізуші:

-Мыстан,Аяз атамен Ақшақарды таба алмай отырмыз,сен бізге не көрсете аласың?

Мыстан:

  • Ой, менің жандарым,шырақтарым әншейін.

  • Мен білдім,олардың келмейтінін.

  • Жүрегім сезді,сендерді ұмытып кететінін.

  • Саспаңдар,Мыстан апаларың тұрғанда қам жемеңдер.

  • Бәрі шоколаттай күшті болады.

  • Ия, не ойлап тапсам екен,а-а.

  • О-о-о таптым, таптым.

  • Келіңдер, «Қаршақыз 2024» байқауын өткіземіз.

  • Келісеміз ба?

  • Маған,көңіл бөлсеңдерші.

  • Қандай керемет сұлумын,тал бойымда бір мің жоқ.

  • Қыр мұрынды,оймақ ауыз,күлім көз,қыпша бел.

  • Айтыңдаршы,балалар нағыз Ақшақар мен емес пе?

Балалар:

- жоқ.

Жүргізуші:

-Мыстан,қазір біз сені балалармен бірге өлеңменен тексеріп көреміз.Ақшақар болуға жарайсың ба,жоқ па?

Мыстан:

  • Ха,оп-оңай,бастаңдар өлеңдеріңді,ән деген менен қалған.Семешкеше шағып тастаймын.Балалар хормен:

  • Ақшақар,айтшы хәлің қалай?

  • Ақшақар,айтшы қалай жағдай?

Мыстан:

  • Жұмысым аз болсын деп, қаңтарда,сыпырғыммен ұштым...

  • Ой-ой,не деп кеттім мен.

Балалар:

-Айтшы,Ақшақар айта ғой?

-Хрусталь туфлиіңді көрсетші?

Мыстан:

-Хрусталь туфлиім аяғымда.

-Жүрсем,ол тоқылдайды.

-Кудах-тах-тах.

-Ой?

Жүргізуші:

-Көрдің бе,Мыстан сен өтпедің,бұл тексеруден.

-Тағы не істей аласың,бізге не көрсете аласың?

Мыстан сөзі:

Тағы,тағы мен не істей аламын.

Жүргізуші сөзі:

-Жетеді Мыстан,жетеді болды.

Мыстан сөзі:

Жүргізуші сөзі:

Балалар:

-Ия,шақырайық.

Боранның даусымен ортаға Ақшақар келеді көңілсіз жылап.

Жүргізуші сөзі:

Ақшақар, жаным не болды саған неге жылайсың?

Ақшақар сөзі:

Сәлеметсіздер ме, менің қымбаттыларым, үлкендерге, кішілерге, аналар мен әкелерге, әжелерге, қыздарға және ұлдарға, бәріңе, ыстық сәлемімді жолдаймын.

Мәселе аяз атаның келмегендігінде.

-Аяз ата жаңа жылға дайындық қалай болып жатқанын көріп келу үшін, әр елді аралап кеткен.

-Міне әлі жоқ, адасып кетті ма білмеймін.

Жүргізуші сөзі:

-Не істейміз енді?

Келіңдер, онда аяз атаны іздеп әр елді шарлап келейік.

Бірақ қалай барамыз? Бізде тік ұшақ та жоқ, не істейміз енді?

Ақшақар сөзі:

-Мен білмеймін, бізге кім көмектесетінін. Бізге Мыстан көмектесе алады. Онымен тез хабарласып, осында шақыру керек.

Жүргізуші сөзі:

-Хабарласамыз ба? Телефон шалайық онда.

-Амансың ба Мыстан апа? Сен бізге керексің.

Сен ең күшті мейірімді апасың. Ең басты ертегідей кейіпкерсің.

Сенсіз біз, ештеңе бастай алмаймыз.

Сен ертерек бізге қайтып келші.

Аяз атаны табуға көмектесші.Өтінеміз.

Мыстан сөзі:

Жарайды,қазір ұшып барамын.

Міне менің күткенім де осы. Сендер менен көмек сұрадыңдар. Жарайды көмектесемін. Ой мен де сендермен бірге елдерді аралаймын. Үйде отырғым келмейді. Жалғыздан жалғыз ішім пысты. Менің де елді аралағым келеді.

А-а ох таптым.

Біз менің ұшағыммен барамыз. Мен жақында өзіме ұшақ сатып алдым ғой. Өзімнің адал еңбек ақыма. Менің ұшағым кең, үлкен, бәріміз сиямыз. Қане ұшуға дайынсыңдар ма?

Балалар:- Ия,хормен.

Мыстан сөзі:Кеттік онда.

Бәрі музыка әуенімен ұшады.

Жүргізуші сөзі:

Балалар біз Жапон еліне келген сияқтымыз.

Ия-ия Жапон халқы.

Би: «Жапон биі». Веермен:Еркем,Көркем,Имана,К.Асылым

Ақшақар сөзі:

Айтыңдаршы, сұлу қыздар, Аяз атаны көрмедіңдер ме?

Сақалы оның аппақ, екі беті, мұрны қып-қызыл.

Ыстыққа шыдай алмайды.

1.Жапон қызы:Ия, Аяз ата бізде екі үш күн болды. Біз оған билеп бердік.

2.Жапон қызы:Ол біздің елден Испанияға теплоходпен кетті.

Мыстан сөзі:Рас па?

Кеттік онда Испанияға.

Би: «Испан биі» Раяна,Сабина,Асылзат,Айзия.

Ақшақар сөзі:Айтыңдаршы, қымбатты Испандықтар Сақалы оның аппақ, екі беті, мұрны қып-қызыл.

Ыстыққа шыдай алмайды.

1.Испан бала:Ия, Аяз ата бізде болды.

2.Бала:Біз оған пицца пісіріп бердік.

3.Бала:Ол бізден Африкаға кетті.

Мыстан сөзі:

Кеттік Африкаға ұшуға дайынсыңдар ма?

Ақшақар сөзі:Барабанның үні естілді ме, сендерге? Шынымен Африкаға келіп қалдық ау.

Би: «Африка биі» Ұлан,Арсен,Ханшаһар,Дамир,Бекнұр,Нұрлыхан.

Ақшақар сөзі:Айтыңдаршы Африкандықтар

Сақалы оның аппақ, екі беті, мұрны қып-қызыл.

Ыстыққа шыдай алмайды.

1.Африкандық бала:

Ия, Аяз ата бізде қонақта болды.

2.Бала:Біз оған банан бердік.

3.Бала:Ыстыққа шыдай алмаған соң, ол Лапландияға кетті.

Мыстан сөзі:Кеттік артынан онда.

Би: «Чукчалар биі» Аңсар,Абдурахим,Амина,Асылым,Нұрай,Аружан,

Айқаракөз,Айша.

Ақшақар сөзі:Қыздар қыздар айтыңдаршы, Аяз ата мұнда келмеді ме?

Сақалы оның аппақ, екі беті, мұрны қып-қызыл.

Ыстыққа шыдай алмайды.

Якутка:Ия ия келді.

2.қыз:Ыстыққа шыдай алмай, әбіржіп қалыпты.

3.қыз:Біз оған эскимо бердік.

4.қыз:2-3 күн қонақ болып, туған жерін сағынып, еліне қайтып кетті.

Мыстан сөзі:Онда үйге қайттық.

Аяз ата сөзі:

Амансыңдар ма балалар!Амансың ба немерем Ақшақар!

Қандай қуаныштымын сендерді көргеніме.Ия жаңа жыл алдында бәрі болады. Бірақ мұндай оқиға менде бірінші рет болды. Мен барлық елді араладым. Бір түсінгенім Қазақстаннан мықты, күшті жер жоқ екен. Ал Шымкентке ешқандай елдің қаласы тең келмейді екен.

Ақшақар сөзі:Амансың ба, Аяз ата?

Аяз ата сөзі:Ал, енді балалар ойын ойнайық.

Ақшақар сөзі:

Тоқта, тоқта Аяз ата. Шыршамызға қарашы, шамдары жанбай тұр.

Аяз ата сөзі:

Дұрыс емес. Бұл келеңсіздікті қазір бәріміз бірге жөндейміз.

Ал қане бәріміз бірге 1-2-3 шырша шамдары жан!

Шыршамыз оянбады.

Қане, қаттырақ айтайық!

1-2-3 шырша шамдары жан!

Қане қонақтар, бәріміз бірге айтайық!

1-2-3 шырша шамдары жан!

Көңілді әуенмен шырша шамы жанады.

Ән: «Қош, келдің, жаңа жылым»

Тақпақтар:

Аяз ата сөзі:

Енді, ойын ойнасақ та болады.

Ойын: «Кім жылдам?»

Тақпақтар:

Би: «Джингил бенс»

Тақпақтар:

Жүргізуші сөзі:

Аяз ата мына қолғап сіздікі емес пе?

Аяз ата сөзі:

Ой менікі ғой. Әкеле ғой.

Жүргізуші сөзі:

Тоқтаңыз тоқтаңыз, қолғабыңызды алу үшін біздің балалармен ойын ойнауыңыз керек. Біздің балалар өте жылдам, өте тез. Егер тез ұстап алсаңыз, қолғап сіздікі.

Аяз ата сөзі:. Қане қане көрейік.

Жүргізуші сөзі:

Қолғаптарды тез-тез бір-бірімізге береміз. Аяз ата ұстап алмас үшін.

Аяз ата сөзі:

Ой балалар, менің қолғабымды берулерің үшін не істеуім керек?

Жүргізуші сөзі:

-Бізге билеп беріңіз.

Аяз ата сөзі:

-Жарайды,билеп берейін,онда мені іздеген Мыстанмен билейін.

- Ой, мені шаршаттыңдарау,енді қолғабымды алуыма болатын шығар?

-Рахмет.

Жүргізуші сөзі:

Аяз ата шаршауынызды басып алыныз,балаларымыздың тақпақтарын тыңданыз.

Тақпақтар:Еркем,Көркем,Бекнұр,Дамир,Раяна.

Тақпақтар:М.Асылым,Айша,Қ.Асылым.

Ән: «Хоровод»

Аяз ата сөзі:

Ой,жарайсыңдар,балалар!

Ақшақар сөзі:

-Балалар,Аяз ата нені ұмытты?

Балалар: хормен «Сыйлықты»

Аяз ата сөзі:

А-а сыйлықтарма

Ия мен ел аралап,қыдырып, бірақ сыйлықтарды ұмытпай дайындадым,бірақ қайда қойғаным есімде жоқ.

Балалар: хормен

Шыршаның астында.

Аяз ата сөзі:

Байқаймын, сыйлықтарға үры түскен сияқты.

А-а Мыстан сенбісің,рұқсатсыз сыйлықтарды ашқан,балаларды сыйлықсыз қалдырмақшысың ғой.

Мыстан сөзі:

Мен-мен тек өзімдікін жедім,тәттілерді көріп шыдай алмадым.

Аяз ата сөзі:

Ай,Мыстан тәттіге жүгіргенше,тісінді күтсейші.

Ал,балалар ән айттыңдар,би биледіңдер,тақпақтарды тыңдадық.

Бала қоймас, бізге айып.

Ақшақар сөзі:Сыйлықтарды сыйлайық.

-Тілеймін мен баршаға денсаулық пен бақыт.

Аяз ата сөзі:

-Ал,балалар,біздің сендермен қоштасатын кез де келді.

- Қош,сау болыңдар.

Жалпы би: «Флешмоб»









11 Ақпан 2025
126
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі