Материалдар / Жаңа жыл, Төрле, төрле, жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жыл, Төрле, төрле, жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық кеш.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2023
267
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жаңа жыл,

Төрле, төрле, жаңа жыл!

Басталуы: 9А СЫНЫБЫ мерекелік кештің керемет би алаңына шығады. Вальс биі: «Sia-snowman»

Барысы: Музыка ойнап тұрады: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. (Али мен Бақзада)

Али:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум ардақтыларым!

Бақзада: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Али: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.

Бақзада: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық!

Али: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Қоян жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін құттықтау сөзді мектеп директорының міндетін атқарушы Ержан Нұрланұлына береміз!

Мектеп-интернатымыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Пернебайқызын,ғылыми істер жөніндегі орынбасары Іңкар Құрбанәліқызын ортаға шақырып,ыстық лебіздеріне кезек берейік. (Мектепішілік марапаттаулар)

Бақзада: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9А сынып оқушысы Елдосты ән шашуымен қабыл алыңыздар!

Ән: «Осылай бола ма?» (Мерекелік ән орындалады)

Али: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Қоян жылын

Ұзатып сап Барыс жылын!

Барыс (Арай): Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні - өзінің сиқырлы әсерімен сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйлады.

Жыл тұсауын кескізген,

Жылды бірге өткізген.

Барыс жылы мен болам,

Берекеге жеткізген.

Мен өткізген бір жылым,

Аяқталып қалыпты.

Шақырамыз ортаға

Қоян деген алыпты.

- Ал, балалар, бір жыл бойы бірге көп жақсылықтарға кенеліп, бірге қуандық. Енді менің де жылым аяқталды. Келесі жылды қоянға берейік. Қоян жылы құтты болсын! (шығып кетеді).

Қоян (Торғын): -О, халайық, армысың,

Жиылған қауым бармысың?

Енді міне, сендермен бір жыл бойы бірге боламын.

Димаш: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Барыс жылы елімізде талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Қоян (Торғын): Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл достар! Өздеріңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете беріңдер! Жаңа жыл құтты болсын!

Айзара: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар?


Димаш: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші 9А сыныбымыздың тамаша биін қарсы алыңыздар (флешмоб биі): «Тик-ток тренды»


Димаш: Рақмет, достар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?

Айзара: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?

Димаш: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

(Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата (Елдос): Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар (Камилла): Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен? (Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).

Бекзат: Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

А.Нұрай: Ортамыз нұрға толып,

 Төрт құбыламыз түгел болды.

Ән: «Бесаспап қыз» Ерқанат пен Бекзаттың орындауында.

А.Нұрай: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалайсыздар. Ал енді Аяз ата сіздіңде бізге әкелген қонақ кәдеңіз бар шығар?

  • Балаларым,сендермен бір ойын ойнайық. (Ыстық үстел) ойынын ойнатады.(Аяз ата)

Бекзат: Ал енді кезекті сегізінші сыныптар арасында өтетін сән байқауына берейік (байқау талаптарын айтады)

Нұрай: Қатысушыларымызды (әр сыныптан 1ұл мен 1 қыз) подиумға шақырамыз! (балалар шығады)

СӘН БАЙҚАУЫ 8 сыныптар

Али: Сыныбымыздың биші қыздарын заманауи биімен сахнаға шақырамыз,тамашалаңыздар.(5 қыз)

Би: «GI-(DLE)-nxde»

Али: Көңілді кешімізді тағы да,әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

Бақзада: Ортаға мұғалімдерімізді шақырып, ойын ойнатқымыз келіп отыр.Ал,аяулы­ да асыл жандарымызды ортаға шақырайық.

(қораптағы жасырын затты табу Али ұйымдастырады)

Али: Құрметті 9-сынып оқушылары сіздерді дайындаған сән үлгілеріңізбен ортаға шақырамыз! (Сыныптар шығады)

Ақшақар: -Балалар, барлығыңыз да өнерлі екенсіздер.

Аяз ата: -Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал,енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,  Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын. Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Дильназ: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,

Алишер: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

Дильназ: Кел жаңа жыл,

игілік боп, иба боп.

Жер бетіне кереметті жина көп!

Алишер: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес,

Түтін емес, рауан нұры жинап от.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Хормен ән айтылады: «Жаңа жыл»

Али: Әттең, сіздермен қоштасқымыз келмейді. Дегенмен, сіздермен би кешінде кездесеміз. Жаңа жылда жаңа бақыт...

Бақзада: Жаңа табыс...

Димаш: Жаңа талпыныс...

Айзара: Жаңа сыйлықтар тілейміз!!!

Бәрі бірге: ҚОШ, САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!