жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жаңа жылдың таңы неткен арайлы"
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамық орап алды маңайды.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, ана-әке
Құтты болсын жаңа жыл!
2 бала: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
3 бала: Ойыншықтар мұншама,
Кім ілді екен соншама.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай, ән айтамыз,
Би биле, тұрма енді.
A happy New
Year!
The day is so
clear,
The snow is so
white,
The sky is so
bright,
We shout with all our
might:
A happy New
Year!
Оқушы:
Bring on the new
year
Celebrations in the
streets.
Bring on the new
year
Make sure there’s lots of
treats.
Оқушы:
A year to be glad
in,
And not to be sad
in
To gain in, to give
in,
A happy new
year.
-
Ән «Қыс»
(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)
Жүргізуші: Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.
1 лақ: Апатай-ау, апатай,
Таяп қалды жаңа-жыл Ә
зірлейік ән мен жыр, мә-мә!
2 лақ: Сен орманға барсаңшы,
Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!
3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,
Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!
4 лақ: Ақ моншақты тағайын,
Сауық сайран салайын, мә-мә!
5 лақ: Апатай-ау, апатай,
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз, мә-мә!
6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,
Би билеп, ән салайық, мә-мә!
7 лақ: Жаңа жылға қатысып,
Сыйлық алғым келеді.
Орманға тез барсаңшы,
Аяз ата алып келсеңші!
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,
Орманға мен барайын,
Сыйлық таңдап алайын,
Сақ болыңдар әркез тек,
Қасқыр келіп қалмасын,
Тойдың шырқын алмасын.
Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.
Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты. Сол кезде Ақшақарды кездестірді.
Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?
Ешкі: Сәлеметсіз бе, Ақшақар!
Ақшақар: Жасыл шырша орманда,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншықты балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,
Жаңа жылға біз дайын.
Лақтарыммен бірге,
Шырша әнін жырлайын.
Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.
Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,
Есік аш қарақтарым.
Мамаң келді орманнан,
Сендерге сыйлық әкелді.
Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!
Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.
-
«Кішкентай шырша» хоровод әні.
(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).
Бауырсақ: Тимеші маған, Жемеші мені,
Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошеметке қаламын.
Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.
Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар, балалар жиналған, кел бірге тойлайық.
Түлкі: Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.
-
Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?» (Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді.
Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).
(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).
Ақшақар: Сәлем, Мақта қыз.
Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.
Жүргізуші: Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән айтса келіп қалар.
-
Ән «Мысығым».
Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын. Ақшақар: Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ. Жүргізуші: Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық. 1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет).
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым, Балаларым балғыным, Өмір гүлім, шалғыным. Тілейтінім жыл бойы, Сендердің денсаулығың. Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін, менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен. Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды жағып алайық, қанекей бірге… Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
-
Ән хороводы: «Аяз ата».
Жүргізуші: Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.
-
Тақпақтар. Аяз ата: Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!
Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?
1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,
Бөліспеймін балымды,
Бір өзім-ақ жеп қоямын.
2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.
Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,
Егер балды бөліспесеңдер,
Мақтаншақ деп ат қоямыз.
Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп
Аяз атадан сыйлық алыңдар.
-
Хоровод биі «Жаңа жыл».
Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой. (Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).
Ақшақар: Ой, мынау не? Жылан ғой!
Доңыз: Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл доңыз жылы, ол мына – мен. Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.
1 бала: 2 бала:
Аяз
ата: Кел, доңызым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды,
таратайық!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген