жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жылдық ертеңгілік
«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ»КММ
«Кел, Жаңа жыл»
(Мерекелік ертеңгілік)
Шағын орталық топтары
2018-2019 оқу жылы
«Кел, Жаңа жыл!»
Ертеңгіліктің
мақсаты:
Білімділік:
Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып,
олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін
тиянақтау.
Дамытушылық:
Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,
ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік:
Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, өзін
көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс
суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.
Әуенмен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар келіп отырған қонақтар және әріптестер Баршаңызға келіп жеткен жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт тілейміз,аспанымыз ашық болып,еліміз көркейе берсін. Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр төгіп,тек қана жақсылықтар алып келсін.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Әр қанаттан кең алқапқа тарайды
Кел жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Құшақтарды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық .
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай, тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтың несібесін!
Тәрбиеші: -Бүгінгі біздің «Кел жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Хор: «Жаңа жыл»
«Шырша» әні орындайтын тобымыздың әншісі: Манас Асылайым
«Балдырғандар « әні орындайтын Айзере, Мұхаммеджан
Тәрбиеші: -Балалар, Жаңа Жыл да таяп қалды.Жаңа Жыл кешінде небір ғажайыптар болып жатады. Ал біздің кешімізде не күтіп тұр екен?
ҚОҢЫРАУ ДАУСЫ ЕСТІЛЕДІ.
Тәрбиеші: -Кіріңіз! Есік ашық!
Әуен ойналып, Қоян кіреді.
Тәрбиеші :- Хош келдіңіз , Қоян! Төрлетіңіз!
Қоян: - Мен, Қоянмын, Қоянмын
Жорыққа түнде жортамын.
Қалдырмаймын ізімді,
Өйткені күндіз қорқамын.
Сәлеметсіздерме, менің кішкентай достарым!
Қар борап кетті ғой. Жаңа жыл құтты болсын! Сендердің көңілді дауыстарыңды естіп, бірге тойлауға асығып келдім.
Тәрбиеші: - Ой, біз сізді Аяз ата екен деп қалсақ. (ренжіп айтады)
Қоян: - Ой, ақмақ басым, ұмытып бара жатырмын ғой. Аяз ата сендерге хат беріп жіберді. Хаттың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар. Егер сендер тапсырманы орындай алмасаңдар, мен Аяз Атаға қоңырау шаламын, балалар дайын емес екен деп. Дайынсыңдар ма?
Балалар: - Дайынбыз!
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы бүгін бізде Жаңа жыл мейрамы өтіп жатыр. Айнала қандай әдемі, шыршамыз да әр түрлі ойыншықтармен безендірілген. Бірақ шыршамыздың шамдары жаңбай тұр екен. Сендер неліктен жанбай тұрғанын білесіңдер ме?
Қоян: -Ия балалар бәрі тамаша, мереке де қызып жатыр. Бірақ біздің шыршамыз көңілсіз сияқты . Аяз Атаның тапсырмасын орындамас бұрын шырша шамын жағып мерекемізді ары қарай жалғастырсақ қалай болады?
Балалар: -Шырша шамдары жану үшін сиқырлы сөздер айту керек
Қоян:- Әрине,балалар шырша шамын жағайық. Қанеки бәріміз бірге
Бәрі: Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!
Қоян: - Шырша шамын жақтық. Енді Аяз атаның тапсырмасын орындайық.
І – тапсырма . Жұмбақтар жасырады
1. Тікен- тікен тік пісте 4. Қырға сүйреп шығамын
Қысы, жазы бір түсте (шырша) Ойға мініп – түсемін (шана)
2.Сылдырдан қорқады 5. Аяқтарым қалтылдап
Шошынып жортады . (қоян) Қос тай міндім жалтылдақ
3.Шанамен зырлап, жетемін Шапса жұбын жазбайды
Шаңғы коньки тебемін Бір – бірінен озбайды (Коньки)
Аққала жасап ойнайтын 6. Аяғымда басы қайқы қос сырық,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс) Таяғым да қуады оны састырып. (шаңғы)
Қоян: - Бәрекелді! Тапқыр екенсіңдер!
ІІ- тапсырм. Ойын ойнау. «Қар жинау» ойыны.
Ойын соңында Қоян шаршай бастайды .
Қоян: Ой,ой балалар көмектесіңдер мен шаршап қалдым.
-Қане, балалар келіңдер қоянға көмектесіп жіберейік.Оны тамақтандырайық ол не жегісі келеді екен? Қоян нені жақсы көреді?
Балалар: -Сәбіз деп шулайды.
Тәрбиеші: Біздің қоян шаршап қалыпты ол тынығып , сәбізін жеп алсын біз оның көңілін көтерейік.
Би: «Ұлпа қарлар»
Қоян: -Бәрекелді, тамаша!
Тәрбиеші: - Балалар, шырша шамын жақтық,тапсырмаларды орындадық, енді бізге қонаққа кімдер келеді?
Балалар: - Ақша қар мен Аяз ата келеді
Тәрбиеші:- Біздер олардан не күтеміз?
Балалар: - Сыйлықтар.
Тәрбиеші: - Қане бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! (3 рет)
Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!(залға музыка әуенімен Маша келеді)
Маша:-Бұл кімдер екен шулап жүрген? Мұнда не болып жатыр? Неге бәрің әдемі киініп алғансыңдар?
Тәрбиеші:-Сәлеметсіз бе, Маша! Бүгін бізде Жаңа жыл мейрамы тойланып жатыр. Ал, біз балалармен Аяз ата мен Ақшақарды шақырып жатырмыз.
Маша:-Жаңа жыл мейрамы? Ол қандай мейрам? Мен ондай мейрамды білмейді екенмін.
Тәрбиеші:-Сіз алаңдамаңыз Маша, біз сізге Жаңа жыл мейрамы жайлы айтып береміз. Жаңа жыл әр қыс мезгілінде тойланады. Сіз бұл мейрамды білмеуіңіз де мүмкін. Бізге бұл мейрамда Аяз ата мен оның немересі Ақшақар келеді. Балалардың өнерлерін тамашалап оларға сыйлықтар береді.
Маша:-Ой, рахмет балалар! Мен енді Жаңа жыл мейрамын тойлайтын боламын. Оның қандай мейрам екенін білетін болдым.Мен де өнерімді көрсетіп Аяз атадан сыйлық алғым келеді.
Мен де сендердің орталарыңа қосылсам бола ма?
Балалар: -Ия
Маша : -Балалар, олай болса мен сендерге алғысым ретінде Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға көмектесейін өздерің білесіңдер менің даусым өте зор мен айқайлағанда бүкіл орман естиді.
Аяз ата!Ақшақар! 3 рет
Аяз Ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,
Амансыз ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Аяз Ата сендерге
Шаршап келді алыстан.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақшақар біз сіздерді көптен күттік. Аяз Ата сіздерді сағындық. Қош келдіңіздер!
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер!
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем!
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың
Міне, өсіп қалыпты?
Ал, мені қарақтарым,
Асыға күттіңдер ме?
Балалар: Әрине, Аяз ата!
Қоян: -Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз!
Тәрбиеші : - Бар баланың қонағы Төрлет, Ата, жоғары!
Аяз ата: - Амансың ба Қоян, Көңілді ойнап, Бірге жүр ме топ бала?
Қоян :- Әрине , Аяз ата! Аяз ата, Ақша қар сіздің хатыңызды аман-есен тапсырып, балаларды сынақтан өткіздім балалардың дайындықтары тамаша екен. Мен енді басқа балаларға сіздің сәлеміңізді жеткізейін.
Аяз ата:- Рахмет Қоян! Әрине рұқсат бара ғой. (Әуен ойналып Қоян шығып кетеді)
Ақшақар: -Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын шырайлы
Жалт-жұлт еткен жүзіммен
Күміс күлкі тарайды
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: - Салеметсіз бе Ақшақар!
Ақшақар: - Ал балалар не тұрыс?
Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық.
Тәрбиеші : - Құрметпен көп тосқан
Келді Аяз атамыз
Келіңдер, кел балалар
Қазір ән айтамыз.
Тәрбиеші: Балалар бізге Аяз атамен бірге жаңа Доңыз жылымыз келіпті қане бәріміз жаңа жылды қол соғып жақсылап қарсы алайық.
Доңыздың сөзі. Осы жыл мен боламын.
Мен жаңа
жылмын
Мен жаңа
нұрмын
Нұрымды да
себейін
Жырымды да себейін.
Тәрбиеші: - Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер шаршаған боларсыздар енді балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Хор: «Зырлайды шанамыз»
Ән: «Шырша» әні орындайтын тобымыздың әншісі: Манас Асылайым
«Ә» тобының тақпақтары:
1.Фатима 2. Хадиша 3. Әли
Ақ қырауға малынған
Безендіріп шыршаны Аппақ тонға оранып
Сақалы да мұрты да. Жыл қуантты баршаны. Базарлықты мол алып.
Аяз ата сағынған, Той-маскарад басталды, Келді алыс
сапардан,
Сәлем бepді жұртына.
Аяз оны басқарды. Аяз ата оралып.
4. Мансұр
5. Нұржан 6. Айнара
Жаңа жылмен шаттанып, Тақпақ, өлең жаттадық, Тамаша.тамаша!
Жаңарады бар дала. Би үйрендік көрсін деп.. Шыршамыз тұр жараса.
Шырша тойын тойлайды Аяз Ата шаттанып, Басында әсем жұлдызы
Дөңгеленіп бар бала Бізге риза болсын деп Көз тоймайды қараса
7. Жанарыс.Е 8. Асылайым 9. Әлинұр
Қызыл ала шапаны, Келді тағы жаңа жыл, Жүзімізде күлкі ойнап,
Сағындым аяз атаны. Қуантумен біздерді. Қанаттанды жанымыз.
Жылдамырақ келсе екен, Құтты болсын қуаныш, Жаңа жылды біз тойлып,
Бізге сыйлық
берсе екен. Құттықтаймыз сіздерді. Шаттанамыз
бәріміз.
10. Сартай
11.Дінмұхаммед 12.Аманқосов Жанарыс
Жаңа жылым мол болсын Сапалы аппақ күмістей,
Жасыл желек
жамылған,
Басқан қадам оң болсын Тістері аппақ күріштей,
Асыл моншақ
тағылған.
Төрле, төрле жаңа жыл Қызыл ала шапанды,
Miнe, сұлу
шыршамыз.,
Бізге құтты жыл болсын. Сағындым Аяз атаны. Көптен күтіп,
сағынған.
14. Аят 13. Анас
Дед Мороз пришел к нам в дом, Безендіріп шыршаны,
Сразу ярко стало в нем, Жыл қуантты баршаны.
Стало мило и красиво,
Рядом я стою — счастливый,
Потому, что Дед Мороз
Мне подарочек принес!
Ән: « Шыршаға бардық» сөзі: Серікбай Оспановтікі, әні: Айжігіт Асановтікі
Орындайтын: Манас Асылайым
«Б» тобының тақпақтары:
Ән: «Қошақаным» орындайтындар: Әли, Айнара, Сартай
Ән : «В лесу родилась ёлочка» орындайтын Найл Мадияр
«А» тобының тақпақтары:
Ән: «Ойыншықтар» орындайтын: Азат, Мұхаммеджан
Күтпеген сәт.Ортаға ит шығады.
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Тәрбиеші:
Балалар биыл ит жылы болды, ит
жылында сендер бір жасқа өстіңдер. Ит жылы
бізге құтты,берекелі жыл болды,енді ескі жыл Жаңа жылға орнын
сыйлағысы келіп тұр, олай болса, ит жылына сау бол айтып шығарып
салайық. сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Ит
:Мен енді кезегімді доңызға
беремін.
Доңыздың сөзі. Келер жыл мен боламын.
Мен жаңа
жылмын
Мен жаңа
нұрмын
Нұрымды да
себейін
Жырымды да
себейін.
Ақшақар: Аяз ата, балалар өз өнерлерін
көрсетті, ал сіз ештеңе ұмытқан
жоқсызба?
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Қош болыңыз Аяз Ата. Келесі жылы кездескенше біз сізді сағына күтеміз.
Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Тәрбиеші : Құрметті қонақтар, балалар! «Кел , Жаңа жыл!» атты жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға
рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген