Жаңа жылдық қойылым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылдық қойылым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық қойылым-2025 жылды қарсы алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық қойылым-2025 жылды қарсы алу

Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынын Лунтик - адам, Ара - адам шағады да:
Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Айдан келдым
Досымды да ерте келдім
Сендермен ойнап – күліп
Көп қызыққа батар едім
Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю - адам мен Маша - адам шығады.
Лунтик: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Қасыма ертіп қызымды
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Барлығы қол ұстасып, билейды. Сол кезде қуана Смешариктер келеді. Смешариктер – адам, адам, адам
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді
Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі қосылып, билейді.
Бәрі Жаңа жылдарыңызбен!
жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
жүргізушіі: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту - у - у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
жүргізушіі: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз - ата мен ақшақар кіреді. Аяз - ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз - ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз - ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз - ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз - ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз - ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
жүргізуші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Смешарик сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз - ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 - 2 - 3
«Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2024
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі