«Жаңа жылдық
ертегі»
Зал әдемі безендіріліп,
шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып
тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,
ата-аналар! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа
жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп,
аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! мектебіміздің мәртебесі одан
әрі арта берсін!
Жүргізуші: Келіңдер бәрің
қараңдар,
Ертегімді
тыңдаңдар.
Ертегімізде сан
қилы,
Қызық-қызық сырлар
бар.
Осынау зәулім
сарайда,
Жаңа жыл кеші
өтпекші.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Карнавалдан
қалмаңыздар!
Ханзада мен
Ханшайым.
Сіздерге сәлем
жолдайды,
Бұл кештеріңді
қолдайды.
Жүргізуші: Осынау зәулім сарайға,
мерекені тойлауға Ханзада мен Ханшайым жолға шыққан
екен.
Музыка әуені ойналып залға
Ханзада мен Ханшайым келеді.
Ханзада: Бұл зәулім сарайда бізсіз
болып жатқан қандай той – думан!
Жүргізуші: О, Ханзадам мен Ханшайымым!
Бұл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар.
Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз
бар?
Ханшайым: Қалайша кешті бастамақшымыз.
Мына сарайда ешкім жоққой. Қане шақырыңдар кештің қонақтарын. Әр
келген қонақ өз қонақ өнерлерін көрсетсін.
Жүргізуші: Әміріңізге құлдық
Ханшайым.
(музыка әуені ойналып тұрады
Кеш қонақтары шақырылады.)
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі кешіміздің
Үнді елінен келген қонақтарын қарсы алыңыздар. (4 класс өз
нөмерлерін орындайды.)
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі кешіміздің
хайуанаттар әлемінен келген қонақтарын қарсы алыңыздар. (5 класс өз
нөмердлерін орындайды.)
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі кешіміздің
Клеопатра патшалығынан келген қонақтарын қарсы алыңыздар. (6 класс
өз нөмердлерін орындайды.)
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі кешіміздің
ертегілер патшалығынан келген қонақтарын қарсы алыңыздар. (7 класс
өз нөмерлерін орындайды.)
Жүргізуші: Келді міне жаңа жылым
еліме
Жаңа жылым құт әкелсін
жеріме
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Шуақ шашып баршамызға тарайды
- дей келе құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Жолдыбаева
Гүлсайран Молдабаевнаға беріледі.
Ханзада: Бұл зәулім сарайда, шыршаның
шамдары неге жарқырап тұрмасқа? Ханшайым, осы думанды кештің сәнін
келтіріп балаларға шырша шамын жағып берсек қалай
болады?
Ханшайым: Әрине ханзада, мына зәулім
сарайдағы шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім
келеді.
Ханзада мен Ханшайым,
балалар бәрі бірге айтады:
1,2,3 деп санайық, шырша шамын
жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
Ханзада: Ой, шырша шамы жанбады ғой,
балалар тағы да қайталап айтайық?
1,2,3 деп санайық, шырша шамын
жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
Музыкамен шырша шамы
жанады.
Жүргізуші: Балалар міне, қандай тамаша!
Шыршамыздың шамдары жарқырап, зәулім сарайымыздың сәні кірді?
Шыршамызға арнап ән орындап берейік?
Хор:
Ән: «Шырша
жыры»
Ханзада:
- Қолын соғып 3рет, тамаша өте
керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл
думанды кеште сен неге мұңайдын?
Ханшайым: - О ханзадам бәрі тамаша
керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді
ме?
Уәзір:
- Балалар біздің ортамызға кім
жетіспей тұр?
Балалар
жауабы: - Аяз ата мен
Ақшақар.
Уәзір:
- Ендеше балалар бәріміз
дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық?
Бәрі
бірге: - Аяз ата Ақшақар а – уу,
а-уу.
Балалар
бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп
дауыстап шақырады.
Музыкамен залға Аяз ата
сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді. (Балалалар
орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы
алады)
Аяз
ата: Амансыңдар ма
ұлдарым!
Амансыңдар ма
қыздарым!
Қандай солғын
жүздерің,
Неге сонша
мұңайдың.
Бізді күтіп
алаңдап,
Шаршадыңдар ма
балаларым!
Сендерге не болған балаларым?
Неге көңілсізсіңдер?
Ақшақар: - Балалар, біз атамыз екеуміз
сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді
көтереміз!
Жүргізуші: - Уа Ханшайымым, енді не
қалайсыз?
Ханшайым: Ақшақардың бүгінгі кеште
көрсететін қандай сыйы бар екен?
Ақшақар: Ия, менде құр қол келген
жоқпын меніңде сіздерге арнап әкелген биім бар. Қанекей барлығымыз
бірге билейік. Чито рито
биі
(барлығы билейді ақшақармен
қосылып билейді)
Жүргізуші: Енді не бұйырасыз
Ханшайымым?
Ханшайым: - Ммм..... (басын ұстап
ойланып) мен 4 сынып оөушыларының өнерлерін көргім
келеді
Ханзада: - Айтқаныңыз болсын
Ханшайым!
:
- Айтқаныңыз болсын әміршім,
тілегіңізді орындаймыз.
Би: 4 класс
номері
Ханзада:
- Қолын соғып 3рет, тамаша өте
керемет би болды.
Жүргізуші: Уа, Ханзадам сіздің әміріңіз
бойынша барлық тілегіңізді орындаймыз, тағыда қандай әміріңіз
бар?
Ханзада: Мен бұл думанды кеште өнерлі
балаларды көріп отырмын, енді мерекенің сәнін келтіретін 5 класс
оқушыларының өнерлерін тамашалағым келіп
отыр?
Жүргізуші: Ия Ханзадам, ендеше осы зәулім
сарайға өздерінің өнерлерін көрсетуге хайуанаттар елінен келген
қонақтарымыздың өнерін тамашалаңыз?
Би: 5 класс
номері
Әні
Шырша
Жүргізуші: Уа ханшайымым енді қандай
қалауыңыз бар?
Ханшайым: - Ендеше мына залда жиналған
балалармен маған тамаша бір ойын
көрсетіңдер!
Жүргізуші:
- Айтқаныңызды екі етпей
орындаймыз, ханшайымым
Ойын: 6
класс
Жүргізуші: Балалар қалай көңілдеріңіз
көтеріңкі ме? Олай болса 6 класс оқушыларының өнерлерін
тамашалайық.
6 класс ән,
биі
Ит (ескі жыл):
: - Балалар, менің жылым
аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер
көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім
керек.
Жүргізуші:
- Рахмет саған ит жылы ! Сенің
жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге
жетті. Олай болса ит жылын ортамызға алып 7 класс оқушыларының биін
тамашалап, бірге билейік.
7 класс оқушыларының
биі
(номер кетеді ) (Балалар ит
жылымен қоштасады.)
Ит: Жарайсыңдар балалар,
өнерлеріңізге тәнтімін! Ендеше мен жүрейін! Сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Сау болыңыз, Ит
жылы!
Ханзада:
-
Қолын соғып 3рет, тамаша өте
керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл
думанды кеште сен неге мұңайдын?
Ханшайым: - О ханзадам бәрі тамаша
керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді
ме?
Жүргізуші:
- Балалар біздің ортамызға кім
жетіспей тұр?
Балалар: Жаңа жыл, Жаңа
жыл
(музыка ойнатылып жаңа жыл
кіреді)
Доңыз: Сәлеметсіңдерме балалар, Аяз
ата. Мен жаңа жыл доңыз жылымын, сендерді жаңа жыл мерекесімен
құттықтап келдім, сендермен жыл бойы
біргемін.
Жүргізуші: Қош келдіңіз жаңа жыл.
Төрімізге шық, бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала
кел.
Аяз
ата: Ал айналайын жаңа жыл келген
қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым
саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл
бол жаңа жыл.
Жүргізуші: Ханшайым тағы да қандай
қалауыңыз бар?
Ханшайым: Мына залда жиналған балалардың
тағы бір ойынын көргім келіп тұр?
Жүргізуші: Әміріңізге
құлдық ханшайым. 7 класс оқушыларының «Жылдам сельфи» ойыны
ойнатылсын.
Ханшайым: - Балалар, біз сендердің
тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйіміз керемет болды, рахмет
бәріңе! Енді біздің сіздерге арнап алып келген тосын сыйымыз
бар.
Ханшайым: Бұл сиқырлы сандықта сіздерге
арналған түрлі ойыншықтар мен сыйлықтар бар. Қазір әртүрлі сандар
көрсетіледі. Соған сәйкес ұтысқа ие бола ала аласыздар. (лоторея
ойнатылады.)
Ханзада: Балалар енді сіздер біздің осы
сыйлығымызға риза боласыздар. Сіздер сияқты басқада балаларға
барып, олардың да өнерлерін тамашалайық! Сау болыңдар балалар!-деп
кетіп қалады
Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар сізге
манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып
жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығыңыз
қайда?
Аяз
ата: - Ой балалар, өнерлі
екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені
ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда
қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.
Жүргізуші: Ия, Аяз ата олай
болса әрбір класс оқушыларына дайындаған сыйлықтарыңызды табыс
етіңіз.
(4 класс, 5 класс, 6 класс,
7 класс оқушыларының сыйлықтарын
таратады.)
Аяз ата мен ақша қар
балаларға сыйлықтар үлестіреді.
Аяз
ата: Балақандарым, сендер менің
сыйлығыма ризасыңдар ма?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: ендеше балалар, Аяз атаға
рахметімізді айтайық.
Балалар: Рахмет!
Аяз
ата: Балаларым, біздің кететін
уақытымыз болды. Рахмет сендерге. Көңілденіп қалдым. Ән де айттық,
ойнадық, биледік. Өздеріңе әбден риза болдым. Сау болыңдар
балақайлар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып
кетеді.)
Жүргізуші:
Келді міне Жаңа жылым
елімізге!
Жаңа жылым құт әкелсін
жерімізге!
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Шуақ шашып баршамызға
тарайды.
Осымен ортаңғы Жаңа жылдық
ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда аман-есен
кездескенше!
Сау саламатта
болыңыздар!