Материалдар / Жаңа жылдық сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жылдық сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
2024жаңа жылдық кеш сценариі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Кел, төрлет, табысты,Жаңа жыл!

(Хоровод орманда шырша туыпты әнімен балалар кіреді)

Екі жүргізуші : сахна сыртынан телефон арқылы бір – біріне звондап

Арман: Сен қайдасың, Индира?

Индира : мен әлі келмедім, таксиде келе жатырмын? Директор келді ме?

Арман: Иә келеді қазір, тез жылдамдат

(Видео қосу лед экраннан) : директордың залға келе жатқанын түсіріп алу....

Видеодан аяз ата мен ақшақардың далада келе жатқан видеолар қосу......

Жүргізушілердің шығуы екеуі билеп музыкамен.. фон

Бірге : Жаңа жылдарыңмен оқушылар, Жаңа жыл берекелі, мерекелі болсын!

Арман: Қалайсыңдар, оқуларыңды қалай аяқтадыңдар, тжб, бжб бітті ме? Көңіл күйлерің қалай?

Индира; Сендерге жаңа жылда жаңа белестер мен жетістіктерге жетуге шын жүректен тілектеспіз! Ал, енді көп тұрмайық жаңа жылдық кешімізді бастаймыз ба?

Арман: Жаңа жылдық кешті аяз ата, ақшақарсыз қалай бастай береміз бе?

Индира: Аяз ата мен ақшақар ақ тілектермен құттықтаулар естісін, тыңдасын шақырайық па?

5а сантаклаустар қолдарыныда қоңырау жарыса жүгіріп билеп, аяз ата келе жатыр деп жүгіріп, шыршаны айнала жүгіреді

Арман: Ал, ендеше аяз атаны қарсы алайық, достар!

Фон: Аяз атаның келуі Шамдарды жағайық, бенгалский жағу, сотка жарықтарын жағып, Қош келдің аяз ата, ақшақар ! деп айғайлау.

АЯЗ АТА:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп кетіп ем.
Ойларың мен бойларың
Бірдей өсіп қалыпты
Оқуда алғыр ұландар,

Тәртіпті балғын балалар

Сағынып келдім ортаңа

Тыңдайын тілек, шырқа ән.

Ақшақар:

Ал, тыңдайық тілектер мен

ақтарылған ән мен жыр.

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.


Индира: Аяз ата мен Ақшақар келіп жайғасыңыздар, құрметті қонақтар жанына ... Би : Айжан қыз би тобы

Арман: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар, көңілді ойындар ойнатылады. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді Түймебайұлы Шоқан Қалдыбаевқа беріледі.

Құттықтау сөз

Ән : Елмұрат «Меховая жаңа жыл»

Арман

Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған жасыл шыршамыздың басындағы жұлдызы сөнбей, шамдары жарқырап, жанған от шашулары қуаныш әкелсін.

Индира: Әрбір бала жарқыраған жұлдыз болсын, алаулаған жүздерінен күлкі кетпесін! Марат ендеше «Жыл басына таласқан хайуанаттардың « ертегісін тамашалайық. Ертегі ----Фон

(Аяз ата мен ақшақар әр нөмерлер сайын конфеттер беріп отыру , сөздер айтын; өнерлерің өрлей берсін!)

Аяз ата мен Ақшақар ойын ойнатады: Ал балалар қызықтан қалмайық, тәттілерден құр қалмаңдар, келіңдер ойын ойнайық. Ақшақар қызым ойынның ережесін түсіндіріп өтсін

Жаңажылдық сайыс
Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Ақшақар: Ортаға әр сыныптан 3 оқушыдан шығамыз,сендерге берілетін тапсырма ең үстіндегі қорапты қай сынып бірінші болып алса, қораптағы сыйлықтарды береміз!!!
Әліппе ойыны
Ақшақар: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліпбиді білеміз бе?» - «А» әрпінен бастап, альфавить бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады. Ал кім шығады әр сыныптан жаңа шықпаған 3 оқушыдан шығамыз
(Жеңімпаз баланы отырған қонақтар таңдап, немесе аяз ата кәмпиттерн беріп шығарып салады.)

АЯз ата: ал тағы қандай өнерлерің бар тамашалайық:

Би – 6б қыздар

ӘН – Ұлдар тобы

Арман:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жыл Қоян жылы. Балалар, қоян жылын қалай шығарып салсақ екен?

Қоян Ақбота:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

өмірге мынау шат қоян

Жылымда болды жақсылық,

Болсыншы тыныш, ел аман.

Жаңа жылға тапсырдым

Мереке болсын әр күнің.

Биылғы ұлу жылында

Таусымасын ән жырың.

(Секіріп шырша алдында жүреді)


би : 5ә сынып ханзада мен ханшайымдар

(Ән айтылып болған соң Қоянды қолдарынан жетектеп алып шығып кетеді. )

Қош сау болыңдар::: (қолын бұлғап кетеді)

Балалар: Қош сау бол, қоян жылы, рахмет саған . 3 рет қайталайды .фон

Арман: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

Индира: Марат, Ұлу жылы қандай жыл болатынын білесің бе? Шығыс жылнамасына сәйкес келесі жылдың иесі- ұлу жылы өте жайлы, жақсы жыл болады деген үлкен сенім бар. Бейбіт өмірді сүйетін, тыныштық жаны қалайтын ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Ұлу жылының бір ерекшелігі, еш құрғақшылық болмайды, астығы асқан, шөбі шүйгін береке- молшылық жыл болмақ.

Арман: Ләйім тек солай болсын,әумин! Ендеше сол жаңа жылымыз ұлуды қарсы алайық ... Ортаға келіп өзі туралы айтып береді.

Нұртөре: .. Мен ұлумын, ұлумын
              Бәріне мен таныспын, таныспын.
              Айналама сыйлымын, сыйлымын,
              Сезімсізбен алыстым,алыстым.

Молшылық болсын елімде

Тыныштық болсын жерімде!

Кетпесін Ырыс – елден құт!

Шығам енді төріме


КВН – 6б

5б «Ән ,би

Бірге : «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» жаңа жыл жаңа табыстар мен жақсылықтар әкелсін!.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

Ұлу Нұртөре : Құрметті мені көптен күткен оқушыларым, ата аналарым, ұстаздарым! Бүгін сіздерге алыс жерден келдім.2024 жыл сіздерге отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық тілеймін.Он екі ай бойы сіздерді бағып қағу мен өз мойыныма аламын. Тек жақсылығы мол жыл боламын деп уәде етемін.

Фон : Аяз ата : кәмпитерін шашады қонақтарға, оқушыларға

Ақшақар: Осындай молшылық жылы болсын!

Индира: Берекелі, мерекелі жыл болсын!

Арман: Татулығымыз жарасқан,Тәуелсізідігіміз тұғырылы тынышытығымыз жасай берсін!

5а Би : «САнтаклаустар

Жаңа жыл 6ә Жәнібек -?

АЯЗАТА: - Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой.

Арман: Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнайық бір сәтке, бұл көңілді отырыстың да аяғы келіп қалған сияқты:

Аяз ата: мына жаңа жылға әдейілеп кастюм тігіп, бар өнерін ортаға салып келген оқушыларға тарататын тәттілерім бар соны үлестіріп берейік. Қызым.

Аяз ата балаларға , сыйлықтарын үлестіреді).

Ойындар: (Шыршаны айналып тұра қаламыз балалар, музыка ойнайды соған билейміз, аяз ата сиқырлы таяғы қай балаға кеп тоқтаса сол балаға сыйлығын береді. Кеттік ойын басталды, таяқ жерге тасталды.

Аяз Ата:Уа, балаларым  Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл. 365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін. Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын. Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!


Ақшақар:  Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!


АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!

Әсем әуен: 5А сынып Ән (Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)

Индира: Міне, жаңа 2024да келді. Ал 2024 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!

Арман: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Музыка-Дискотека




















Шығу реті

Орманда шырша туыпты -хоровод

  1. Айжан қыз «Би»

  2. Директор «Құттықтау сөз» .

  3. Ән «Ұлдар тобы»

  4. Ертегі«Жануарлар жыл басына таласуы»

  5. «Би» 6 б

6. 5б « Ән » Жаңа жыл

  1. Қоянның шығуы Ақбота 6а «өлең оқиды»

  2. Елмурат 6б меховая «Жаңа жыл»

  3. Ән Малика 5ә

  4. Ұлу шығуы . Нұртөре 6б өлең

  5. 5а сынып «Ән»

  6. Жәнібек пен Ерасыл «Ән»

  7. «Сантаклаустар биі» 5а сынып

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!