Жаңа жылдық сценарий 5-9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылдық сценарий 5-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашылу биі 9сынып


Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Аманбеков Нұралы Ғапизұлына сө з кезегін.береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.


5 сынып өнерлерін көрсетеді. Көрініс, ән



Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен
Тауық жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Ит жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Шаршаны айналып билеу қол ұстасып
Би

Ақшақар сөзі: Аяз ата мына жерде бірдеңе жетіспейтін сияқты. Ескі жылымызды шақырайық.
Тауық жылы:
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен сіздермен қош айтысып, менен кейін келетін жылға сіздерді тапсыруға келдім. Менің жылым жаман өткен жоқ, келісесіздер ме?

Балалар: келісеміз деп жауап береміз


ЖҮРГІЗУШІ:  Олай болса өтіп бара жатқан Тауық жылында қандай жетістіктерге жеттік,өз ризашылығымызды білдірейікші (Білдіріп кетеді) (тізіп жазу керек жетістіктерді)





Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын итке берем
(Сақнаға ит шығады,)
Ит: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Тауық жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, тауық, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл. Балалардың өнерін тамашала, біраз демалып, көңіл көтер.

Жүргізуші: Қанекей балалар олай болса Жаңа жылымыздың көңілін көтерейік.


Ортаға 6 сынып оқушыларын өз өнерлерімен ортаға шақырайық. Тілек айтады. Би билейді.


Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Ит; Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.


Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар,оқушылар, барша халайық, тұқсат етсеңіздер біз шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауылымыз, басар беліміз көп, бізді басқа да балапандар күтіп отыр, соларға да соғып қайтайық..

Жүргізуші: Жоқ жоқ Аяз ата, біз Ақшақардың өнерін тамашаламай сіздерді ешқайда жібере алмаймыз
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Ән «Қош келдің жаңа жыл»


Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......

Жүргізуші: ал балалар біз Аяз ата Ақшақармен қош айтыссақ та Жаңа жылдық мерекелік кешімізді одан ары жалғастырамыз.


7 сынып оқушыларын шақырамыз (тақпақ, би)


Мыстан терезе қағады: «балалар есікті кім қағып тұр? Қанекей қарап көрейікші»

Мыстан кемпір:


Жүргізуші: Жоқ мыстан әжей, біз сізді ұмытпадық, сізге де арнаған өнеріміз бар. Қане мыстан әженің көңілін көтеретін кімдер бар екен бізде?


8 сынып оқушылары көңілді би.



Жүргізуші: : Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін. Жаңа жылымыз құтты болсын!


2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Соңы.








Ау бақытты ұландар!
Айлы көкке қараңдар
Мініп аппақ кемені
Жаңа жыл Ғарыштан келеді
Безендіріп шыршаны
Жыл қуанышты баршаны
Ән  менен би  басталсын
Жарқырап шырша шамдары


Қараңдаршы балалар
Ортада міне шырша бар
Сылдырлаған моншағы
Шыршамыздың мол шамы





Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.



Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
5240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі