«Қош келдің,
Жаңа жыл»
2024 жылдың балаларға арналған
ертеңгілігі!
Жүргізуші:
Барлық жандар
бір білікке қосқан үн
Бақытты боп
бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді
той деп жаңа жыл
Құтты болсын
жаңа бақыт достарым
Жүргізуші:
Құрметті
балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне
арналған
«Қош келдің,
Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жүргізуші:
Құрметті
жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді
ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана
ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына
береміз.
Жүргізуші: Осындай
ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа
жылымызды әрі қарай
мерекелейік.
1Джинн:
Армысыздар, Халайық!
2 Джинн: Жақсы
жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма?
Бәріне орын жетті ма?
1 \ДЖинн:
Сендермен
кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені
тойлағалы отырмыз.
2Джинн: Бүгінгі
мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден
бастайық.
Шырша
ән: Біз мұнда
жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл
көтерейік.
2ДЖинн:
Мен сендерге
шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір
көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке
қарайсын. Сонымен, ғажайып
басталады.....
( Ойынға
қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ
ештеңе көре алмайды.)
1Джинн:
Қалай көрдің
бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап
береді.) Джинн:
(ашуланып) Бұны қалай түсінуге
болады.
Бұл не сұмдық
сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып,
жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке
қарайды.
(аржағынан биші
қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші;
Бұрыннан болған екен Аяз
ата
Тосады екен
балалар қысқы уақытта
Ақшақарды
қасына ертіп алып
Жер бетін
шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші:
Бәріміз қосылып
бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға
шақырайық .Джинн: Кәне
бәріміз қол шапалақтап қарсы
алайық!
(Аяз ата
ақшақарымен бірге кіріп
келеді.)
Аяз
Ата: Аяулы ата -
аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін
балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан
(Балалармен
амандасады.)
Ақшақар;
Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып
келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Қоян жылына аман
есен саулық тілеп, келер жылымыз Ұлу жылына табыс жыл, береке,
бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын
деймін.
Ақшақар;
Аяз ата қарашы,
балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.
Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын
жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды
жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары
жағылады.)
Аяз
ата: Бәрекелді
балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның
құрметіне ән айтып, шыршаны айналып
өтейік.
Би
(билеп жатқанда
ескі жыл шығады,)
Қоян жылы: Мен
ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға
айтар тілегім.
Қуанышты
ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын
мәңгі ашық аспан
2024 жыл қадам
басқан
Гүлденіп
көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл
бастауын Ұлуға беремін
(Сахнаға Ұлу
шығады)
Ұлу:
Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай
жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім
бе?
Қоян
жылы:
Мен тағы бір
қонақпын
Он екі жылда
оралар
Үлкендерге ақ
ниет
Сіздерге де
ақниет
Сіздерге де мың
рахмет.
Барлығы: Қош
бол, қоян, қош бол.
Ақшақар: Қош
келдің жаңа жыл.
Аяз
Ата: Ал айналайын
жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен
қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу
сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа
жыл.
Ән «Қош келдің
жаңа жыл»
(шыршаны айнала
билейді.)
Би
Аяз
ата; Бәрекелді
жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала
кел.
Қоян:
Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен
құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы
дайындалыпсыздар.
Жүргізуші:
Иә, барша
балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп
тұр.
Аяз
ата: Ал енді біз
келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны
көрейік.
Жаңа
жылдық көрініс Қызыл
Раушан
Жаңа жылдық
әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане
балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған
тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей
балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ,
өлең шумақтарымыз болса
айтамыз.
1/Бексұлтан/Жаңа жыл,
Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа
жыр.
Жасыл шырша
жанында,
2/Айсұлтан/Тамаша,
тамаша,
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы,
Көз тоймайды
қараса..
3/Алдияр/Жаңа жыл, жаңа
жыл
Тамаша
тойымыз
Алақай,
алақай
Өседі
бойымыз.
4/Ринат/Жаңа жыл, жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
5/Хантемір/
Жаңадан
тақпақ
Аламыз
жаттап
Жаңа жыл
келді
Жаңа жыл аппақ
6/Мадина
Тамаша
сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән
айтамыз.
7/Аделья/
Келді
міне жаңа жыл,
Қарсы алайық
бәріміз.
Күліп, ойнап
бәріміз,
Ән салайық
бәріміз
8/Айару/
Аяз
Ата келді
Бізге сәлем
берді
Қалтасында көп
кәмпит
Оны бізге
берді
9/Даяна/
Келіңдер,
келіңдер,
Тақпақ айтып
беріңдер.
Жомарт аяз
атадан,
Сыйлық алып
көріңдер.
10/Айша/ Аппақ, аппақ
қар аппақ,
Аппақ, аппақ дала
аппақ.
Қырау, қырау тал
аппақ.
Айналаның бәрі
аппақ.
11/Жансая/ Жаңа жыл, жаңа
жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
12/Санжар/ Аяз Ата
келді
Бізге сәлем
берді
Қалтасында көп
кәмпит
Оны бізге берді
(аяз ата ортада
отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын
береді)
Ән:
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға
мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын
баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға
жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош
бол, Аязата, Ақшақар, Аязата
ақшақар......
Ән
Би
1 ДЖинн
Міне, қымбатты
балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді,
достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын.
Көктегі күніміз сөнбесін.
ДЖинн
: Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн
Бақыт боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа
жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті
болады.
Жүргізуші: Жаңа
жылдарыңыз тағы да құтты
болсын.
Соңы.
ЖШС «Дана-2009»бөбекжай
балабақшасы
«Қош келдің, Жаңа
жыл»
Ересек
«Балапан»тобы ертеңгілігі
Топ
-Балапан
Тәрбиеші: Абдибекова
А
Әдіскер Шадибекова
Э
2023-2024