"Жаңа жылдық сиқырлы кеш!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа жылдық сиқырлы кеш!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанымыз бәріміз. Жаңа жыл бәрімізге бақыт әкелсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық сиқырлы кеш!

Ақжүрек: Амансың ба халайық?

Жаңа жылды тойлайық

Ән салайық, билейік

Көңілімізді көтерейік!

Айсана: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанымыз бәріміз.

Жаңа жыл бәрімізге бақыт әкелсін.

Ақжүрек: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімей қапы қалмаңыздар,

Таңдандырып, таңдай қақтыратын.

Бір күлдіріп, бір жылататын.

Айсана: Көңілді теңіздей толқытатын,

Сүйсіндірер, күрсіндірер.

Қызыққа толы шытырманды,

Ешкімді бей-жай қалдырмайтын.

Көз бен құлақты талдырмайтын жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастаймыз, кешіккендерге есікті ашпаймыз.

Ақжүрек: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! «Нұршашу» тобының Жаңа жылға арналған ертеңгілін бірге тойлайық!

Жаңа күн де ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік-деп шыршаны айналып ән айтайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Айсана: Жасыл шырша жанында,

Көңілдіміз бәріміз.

Тақпақ айтып, ән айтуға,

Әрқашан да дайынбыз.

Тақпақтар:

Расул:Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жап-жалтар боп жатады.

Данеля: Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

Дінмұхаммед:Аппақ апапақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

Айтуар О.:Кіріп келді қыс айы,

Көп күттік бұл айды.

Қыста жауар аппақ қар,

Ұшар шанада балалар.

Аспан ашық жер тайғақ,

Жауар тағы қар аппақ.

Нұрай:Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала.

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақпен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз.

Би: «Әуежай»

Айсана: Салайықшы шарықтап.

Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық

Жаңа жылды жырлайық.

Ән: «Шырша жыры»

Тақпақтар:

Асанали: Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Айтуар И.: Әкем таңдап әкелді,

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны...

Жүпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды!

Омар: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған,

Кел балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Медина: Тауда туып,

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Би: «Шығыс»

Ән: «Snowflake»

Тақпақтар:

Арлан: О, алақай, аяз ата,

Келе жатыр алыстан!

Кел билейік, үйренейік.

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл.

Ханарыс: Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып,

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Назым: Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық,

Алып келді алыстан.

Аңсар: Кел, балалар,тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық.

Алим: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той –маскарад басталады,

Аяз ата оралып.

Иманали: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Би: «Қазіргі заман» ұлдар

Ән: «Вокал қыздар»

Тақпақтар:

Адия: Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып.

Мади: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Жасмин: Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Шаһ-Керім: Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,

Керемет қой жаңа жылғы әніміз.

Ән айтамыз бәріміз де қуанып,

Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.

Би: «Заманауи » қыздар

Ән: «Жаңа жыл» попурри

Флешмоб

Ақжүрек: Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол Жаңа жыл!

Қадымың құтты болсын Жаңа жыл!

Бейбітшілік жылы бол Жаңа жыл!

Құт-береке жылы бол жаңа жыл!

Айсана: Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2025
89
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі