жаңа жылға арналған сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

жаңа жылға арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
кіші топқа арналған жаңа жылдық сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылға арналған ертеңгілік.

Тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»

3 «Ботақан» кіші тобы.

2024-2025 оқу жылы


Қатысушылар: Қоян киімін киген балалар, Бауырсақ, Түлкі, Қоян, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, жүргізуші.

Музыка әуенімен қолдарын бұлғап бүлдіршіндер орындыққа кеп отырады.

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Әдемі болып қайда келдіңдер?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе бауырсақ?! Бізде бүгін ерекше күн, біз Жаңа жыл мерекесін тойлайын деп келдік. Бізге қонақтар келіпті. Құрметті қонақтар, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Бауырсақ, сен мұнда не істеп жүрсің?

Бауырсақ: Мені атам мен әжем Жаңа жыл мерекесіне арнап пісірген болатын. Мені суыту үшін терезеге қойған. Мен терезеде зерігіп, домалап жерге түстім. Содан домалап келе жатып, сендерге жолықтым. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер, қандай мерекені тойлағалы жатсыңдар?

Балалар: Жаңа Жыл мерекесін.

Бауырсақ: Балалар сендердің шыршаларың жанбай тұр ғой, қалай тойламақсыңдар? Қане бәріміз жағып көрейікші.

Жүргізуші: Енді не істедік балалар? Біздің дайындаған өлеңіміз бар еді ғой балалар. Соны айтсақ бәлкім шырша жанып қалар?!

«Жаңа жылды қарсы алайық» әні

(шырша жанбайды)

Жүргізуші: Енді қандай амал қолдансақ екен балалар?

Бауырсақ: Мен білемін, шыршаны жағу үшін Аяз атаның сиқырлы таяғы керек. Мен орманды аралап келдім, жолды жаттап алдым.Енді барып аяз атаны шақырып келейін.

(бауырсақ кетіп бара жатқанда қоян секіріп шығады да, бауырсақты бас салып ұстайды)

Қоян: Мен сені жеймін.

Жүргізуші: Қоянжан,сен бауырсақты жемеші. Біздің балалар саған өз өнерлерін көрсетеді.

«Қояндар» биі

Жүргізуші: Қоян, саған біздің балалардың биі ұнады ма?

Қоян: Иә, өте өнерлі балалар екен.

(қоян шығып кетеді)


(Бауырсақ ары қарай жүре бергенде алдынан түлкі жүгіріп шығады да бауырсақты бас салады)

Түлкі: Бауырсақ, мен сені жеймін.

Жүргізуші: Түлкішек сен бауырсақты жемеші. Ашуыңды басып біздің балалармен ойын ойнашы.

Түлкі: Олай болса сендердің балаларың ойын ойнай ала ма? Балалардың шапшаңдығын тексеріп көрейін.

Ойын: «Шыршаны безендіру»

(Шарты: Көңілді әуен ойналады, ортаға балалар кезекпен шығып, жердегі іздермен барып шыршаны ойыншықтармен безендіреді.)

Түлкі: Ой, жарайсыңдар балалар қандай шапшаңсыңдар.

Рақмет балалар мен енді орманыма қайтайын сау болыңдар!

(түлкі шығып кетеді)


(Бауырсақ одан әрі жүре бергенде алдынан Ақшақар шығады)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар?!

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Сіздер Аяз атаны көрген жоқсыздар ма? Қоржынын жоғалтып, соны іздеу үшін орманға кетіп еді.

Жүргізуші: Жоқ бізге әлі келмеді.

Ақшақар: Олай болса балалар бәріміз бар даусымызбен Аяз Ата деп шақырайық,біздің даусымызды естіп өзі келер. Аяяяз Ата, Аяяз Ата!

Аяз ата: Балалар қалдарың қалай?! Мен жолда келе жатып сыйлығымды жоғалтып, соны іздеп көп жүріп қалдым,

Аяз ата: Амансыздар ма балалар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жылан жылы табыс, береке, бірлік әкелсін!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат ,шамдарыңды жарқырат!(барлығы қолдарын шапалақтайды)Аяз ата таяғымен жерді соғады, шырша жарқырайды.

Жүргізуші: Балалар аяз атамен бірге ән айтайып, билейік!

Ән: «Ақ қоян»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Аяз ата балалардың сонымен қатар саған дайындаған тақпақтары бар екен.

Тақпақтар:

Мансұр:

Сара:

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.


Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.


Нұрали :

Аяз ата келіп тұр,

Хақназар:

Тақпақ айтып берейік,

Бізге сәлем беріп тұр. Асыр салып билейік

Батырхан: Алихан:

Ал балалар билейік, Қандай әсем шыршамыз,

Ойнайық та,күлейік. Ән шырқайық баршамыз.

Аяз ата қуансын,

Тақпақ айтып берейік.


Аяз ата: Қандай тамаша! Менің сендерге әкелген сыйлықтарым бар еді бірақ ол сыйлықтарды келе жатып жолда жоғалтып алдым не істесек болады?

(осы кезде музыка әуенімен аю мен Маша сыйлықтарды алып келеді)

Аю: Жүр,жүр Маша бол! Сыйлықтарды аяз ата жоғалтып алған сияқты тез апарып берейік.

Аяз ата: Аю,Маша! Бұл балаларға арналған сыйлықтар еді менің дорбамды тауып әкеліп бергендеріне рақмет!

(сыйлықтарды таратып береді де Аяз ата, Ақшақар, Аю,Маша,Бауырсақ қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Ботақан» табының «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі