Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жаңашылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің


1-жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші :

Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
2-жүргізуші :

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан ұлу жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән « Жаңа жыл».


3-жүргізуші :

Жаңа жыл ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1- үстелде 10-11 сынып оқушылары, 2-үстелде 9 сыныптар, 3-үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 8 сыныптар және 4-үстелде 7 сыныптар. Ду қол шапалақ, қошыметтеріңізді аямаңыздар достар.
1-жүргізуші:

Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отыр және
біз сынып бойынша емес, үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз.
Кешіміздің соңында белсенді отырған үстелге ерекше сыйлығымыз бар.

2-жүргізуші:

Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
КОНКУРС-1.

Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек)

.
3-жүргізуші:

Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға ................................... әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші:

Енді балалар біз арамызға көптен күткен құрметті қонағымыз Аяз ата мен Акшақарлы шақырайық
2-жүргізуші:

Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
3-жүргізуші:

Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата:

Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?,
,

1-жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді бастайық.
Барлық сыныптан ән айтатын әншілер шығады
Ақшақар:

Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
3-жүргізуші:

Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

КОНКУРС-2.

Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.
1-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән .............................................................................................
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз.

КОНКУРС – 3

. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4.
Тауықтың қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Ортаға ...........................................................................................
3-жүргізуші:

КОНКУРС-4

Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-ЧА-ЧА
2-жүргізуші:

Конкурс-5

Мерекеден кейін өте көп қоқыс қалады, ендеше сіздердің алдарыңызда тұрған даптерді боклашкаға кім бірінші салады, сол жеңімпаз атанады. Уақыт 3 минут. Ортаға әр үстелден бір ойыншы шықсын.
Ән / би.............................................................................................
1-жүргізуші:

Ендігі кезекте Жаңа – 2017-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
2-жүргізуші:

Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
3-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1- жүргізуші

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші

Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
3-жүргізуші:

Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
1-жүргізуші:

Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
2-жүргізуші:

Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12