400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылға тақпақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған тақпақтар Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл” мерекесіне арналған тақпақтар


1. Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


2. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


3. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


4. Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр


5. Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындық аяз атаны


6. Мол сыйлықпен келер ол

Шырқатып ән салар ем

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен


7. Тамаша тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға


8. Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз


9. Шанамызға мінеміз,

Мәз - мәйрам бо күлеміз

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз


10. Қорықпаймыз аяздан

Шымшыса да бетімді

Аппақ қарды кешеміз

Киіп алып етікті




11. Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл келіп кіреді


Қартыңызға, жалпыңызға

Жалынды сәлем береді


12. Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны


13. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата - әже, әке - ана.

Құтты болсын Жаңа жыл


14. Бүгін біз көңілдіміз

Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып


15. Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді




16. Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О, алақай, аяз атай

Келе жатыр алыстан


17. Даланыңда қаланың

Думандатып отбасын

Тағы, міне Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын


18. Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз


19. Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.


20. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, Жаңа жыл


21. Ән саламыз, билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді


22. Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып


23. Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып



24. Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ болып үстіміз

Ақ қырау жабысты.


25. Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық,

Алып келді алыстан


26. Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады.

Жып - жылтыр боп жатады.


27. Кел, балалар, тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық


28. Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз,

Ойнап бірге, күлейік.


29. Қыс келгенде далама

Қызығып тек тұрамын

Ат жегіп алып шанама

Аппақ қармен зырлаймын.


30. Не ойласаң жаңа жылда

Орындалады бар арман

Жаңа жылды сондықтан

Күтеді барлық балақан


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі