400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жаңа мамандық түрлері 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды түсінеді; • мәтіндерді салыстырады; • мәтіндегі деректерге қатысты пікір білдіреді; • мәтіннен жаңа сөздерді тауып жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары



САБАҚ: Жаңа мамандық түрлері

Мектеп: Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі

Күні: 6.11

Мұғалімнің аты-жөні: Бектенова Ләззат Базарбаевна

Сынып: 8

Қатысқандар: 9 саны:

қотыспағандар:0

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

8.2.1.1. тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.

8.4.3.1. сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • Тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды түсінеді;

  • мәтіндерді салыстырады;

  • мәтіндегі деректерге қатысты пікір білдіреді;

  • мәтіннен жаңа сөздерді тауып жазады.


Табыс критерийі

Оқу мақсатын басшылыққа алыңыз

  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;

  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

  • Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап жазады;

  • Жаңа сөздердің пайда болуының себептері туралы пікір білдіреді.



Тілдік мақсаттар





Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: :

-Сұранысқа ие қандай мамандық түрлері туралы білдіңіз?

-Неге дәнекерлеуші, құрылысшы, автомеханик мамандықтары сұранысқа ие болғанымен, жастар мамандық ретінде таңдамайды деп ойлайсыз?




Бұған дейін алынған білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы оқылым дағдылары дамытылды. Оқушылардың сөздік қор мен сөздік құрам туралы білімдері бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған шаралар (бағаналардың мазмұнын жоспарланған шаралармен ауыстырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басталуы

2 минут


Қызығушылығын ояту: Оқылым алдындағы тапсырма

Тұтас, тұтас емес, аралас мәтіндер туралы білімдерін еске түсіреміз.

1-тапсырма.

  • Тұтас мәтіндер дегеніміз не?

  • Тұтас емес және аралас мәтіндер дегенімізді қалай түсінесіз?

2.Төмендегілерді тұтас және тұтас емес мәтіндерге бөліп жазыңыз.

  • Ертегі

  • Сурет

  • Әңгіме

  • График

  • Мақала

  • Кесте

  • Диаграмма

Тұтас және тұтас емес мәтіндер тобына бөлінеміз.

Оқу мақсатымен таныстырамын.



Сабақтың ортасы

33 минут

Оқылым тапсырмасы.

Мұғалім оқушыларға бір тақырыптағы тұтас және аралас мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтіндермен танысып, салыстырады.

1-мәтін.

Қандай кәсіп иелері сұраныста болмақ? Тоқырау жылдары зауыт-фабрикалар жабылып, өндіріс тоқтаған соң, жұмысшы мамандарды даярлау ісі қажет болмаған-тын. Бүгінде кәсіптік білім беру өз бағытын қайта тапқандай. Яғни, қазір жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Сондай-ақ, сарапшылар Астанада аудармашыларға сұраныс азаятынын болжап отыр. Ал «сәнге» айналған экономист, мұнайшы, кеден ісі секілді мамандықты таңдаушылар әлі де кездеседі. Алайда жұмыс орны аз. Сондықтан, биылғы жылдың түлектері техникалық мамандықтармен қоса, жұмысшы мамандықтарын (инженер-құрылысшы, металлург, дәнекерлеуші және т.б.) таңдауда. Алайда, мамандар 2-3 жылдан кейін оның да сұранысы төмендейтінін алға тартады. Ал, сұранысқа ие медицина мамандығы жылдар өтіп артпаса, төмендемейтін көрінеді. Жылдар бойы Қазақстанда зерттеу жүргізетін мамандардың түлектерге берер кеңесі мынадай: Мәдина Денисова, HeadHunter.kz порталының маркетинг және PR жөніндегі директоры сұранысқа ие мамандардың тізімін айтты:

ТОП-5 сұранысқа ие мамандықтар:

- Менеджерлер;

- IT мамандары;

- Қаржы және есепші мамандары;

- Маркетинг саласы (маркетолог, PR маманы);

- Құрылыс мамандары.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда техникалық мамандықтар сұранысқа ие екенін алға тартып отыр:

- Дәнекерлеуші (сварщик);

- Құрылысшы (строитель);

- Автомеханик.

2-мәтін.























1-тапсырма. Тұтас және тұтас емес мәтіндердегі ақпараттарды салыстырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Екі мәтіннің ұқсастығы



Екі мәтіннің айырмашылығы неде?



Мәтіндердің тақырыбы




Екі мәтіндегі деректерде қандай сәйкестік бар?



Мәтіндердегі ақпаратта алшақтық бар ма?



Мәтіндегі ақпарат кімдерге пайдалы болады деп ойлайсың?




Сіздің ойыңызша, қай мәтінді түсіну, ақпаратты қабылдау жеңіл? Неліктен?


Ал қай мәтінде ақпарат толығырақ берілген?




Дескриптор:

  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;

  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім оқушылардың есіне сөздік қор мен сөздік құрам туралы білімдерін түсіреді. Мәтіннен сөздік қорға жаңадан енген сөздерді тауып жазуын тапсырады.

2-тапсырма.

  • Мәтіннен сөздік қорға енген жаңа сөздерді тауып жазыңыз.

  • Осы жаңа сөздердің пайда болуына не әсер еткені туралы ойланып, жауап беріңіз.

Дескриптор:

  • Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап жазады;

  • Жаңа сөздердің пайда болуының себептері туралы пікір білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мұғалім оқылымда көтерілген мәселе бойынша талқылауды ұйымдастырады.

3-тапсырма.

Мәтіндегі ойға қатысты «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы бір-біріңізден сұхбат алыңыз.

Шарты:

  • Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.

  • 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

  • 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

  • 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мына фразаларды негізге алыңыз.

Ақпараттың шынайылығы, қандай мамандықты таңдаған дұрыс, жұмыс орнымен қамтылу, сұранысқа ие, тағы басқа мамандықтар.

Мәтіндердегі ақпараттарды пайдаланып, жаңа сөздерді орынды қолданы, сұхбат құраңыз.

Дескриптор:

  • Жұпта сұхбатқа түседі;

  • фразаларды негізге алып сөйлейді;

  • мәтіндегі ақпараттар мен жаңа сөздерді тиімді қолданады.



3-тапсырма.

Мәтіндегі ойға қатысты «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы бір-біріңізден сұхбат алыңыз.

Шарты:

  • Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.

  • 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

  • 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

  • 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мына фразаларды негізге алыңыз.

Ақпараттың шынайылығы, қандай мамандықты таңдаған дұрыс, жұмыс орнымен қамтылу, сұранысқа ие, тағы басқа мамандықтар.

Мәтіндердегі ақпараттарды пайдаланып, жаңа сөздерді орынды қолданы, сұхбат құраңыз.

Дескриптор:

  • Жұпта сұхбатқа түседі;

  • фразаларды негізге алып сөйлейді;

  • мәтіндегі ақпараттар мен жаңа сөздерді тиімді қолданады.















http://kazakh-tv.kz/kz/view/blog/page_185630_byginde-top-5-suranyska-ie-mamandyktar




Сабақтың соңы

5 минут


Жағымды пікір: Сұранысқа ие қандай мамандық түрлері туралы білдіңіз?



Сындарлы пікір: Неге дәнекерлеуші, құрылысшы, автомеханик мамандықтары сұранысқа ие болғанымен, жастар мамандық ретінде таңдамайды.



Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
6125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі