жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАҢА МАЗМҰНДА БІЛІМ БЕРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ
ЖАҢА МАЗМҰНДА БІЛІМ БЕРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ
Курманова Лаззат Бауржановна
Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, АЛҒА АУДАНЫ, БЕСТАМАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Аннотация
Мақалада, әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскендігі және педагогті толғандырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесі» жайлы айтылады. Осы мәселені шешуде, мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа мазмұнда білім берудің ерекшеліктері және балалардың болашағына тигізер пайдасы көрсетіледі.
В данной статье говорится о проблемах обновления содержания образования, что волнует педагогов, когда в современном мире с огромной скоростью развивается тенденция глобализации и мировое соперничество. В решении этой проблемы сказываются особенности обновленного образования в дошкольных учреждениях и пользе обновленного содержания образования для будущего поколения.
Annotation
This article refers to
the problems of updating the content of education, when teachers
care about in modern world with great speed a growing tend of
globalization and international competition. In solving this
problem an important role, in preschool institutions education
in the new edition peculiar properties and use for children in the
future renders
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек»,- дейді. Кешегінің ескіріп, бүгінгінің өзі жаңа болған кезеңінде білім де жаңа бағытқа бұрылды. Соған сәйкес елімізде білім беру жүйесі де білім берудің жаңа мазмұнына көшті. Елбасының сөзіне сүйенсек: «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Ал қазақ халқы- білімнің пайдасын, болашақ үшін маңызын ерте кезден-ақ білген көкірегі ояу, көзі ашық халық.
Бүгінгі күні алдыңғы қатарлы дамыған елдер білім жүйесін заман талабына сай бейімдеп өзгертіп оқытуда. Біздің елімізде де білім беру ісін жаңарту да осындай қажеттіліктерден туындағаны анық. Қазіргі күні алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім берудегі озық тәжірибесі мен жетістіктерін алып, өзімізге бейімдеп беру мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қажетке жарату, сол арқылы саналы, қоғамдағы өзінің орнын білетін, бойына адами қасиеттер мен құндылықтарды сіңірген ұрпақ тәрбиелеу- мойнына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған ұстаз қауымының міндеті. Халық айтса, қалып айтпайды: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды».
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологияларды қолдану негізінде ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеу қажет.Қазіргі уақытта көп балабақшаларда мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мекемелердің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жабдықталған, мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және өзін-өзі тану кабинеттері бар.Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген.Балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша түрлі оқу қызметтері жүргізілуде.Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған . Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында психологтар заманауи тұрғыда жұмыс жасауда. Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемелерде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған.
Мектепке дейінгі білім берудегі өзгерістер уақытын бастан өткеруде, оның табыстылығы тәрбие мен оқытудың ғылыми, әдістемелік және материалдық базасының жаңаруымен байланысты. Мұндай жаңарудың маңызды шарты заманауи инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады.
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу қызметтерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Біздің педагогикалық ұжым қойылған талаптарға сай жаңа мазмұнда жұмыс жасайды, онда балалар педагогикалық бастаманың объектісіне айналады. Міне, сондықтан да меңгеруші қоғамның әлеуметтік тапсырысын есепке ала отырып, өз мектепке дейінгі ұйымының даму перспективасын анықтауға және жаңа мазмұндағы қызметтің мақсатын айқын тұжырымдауға тиіс.
Жаңа мазмұндағы қызметтің мақсаты әрбір педагог пен бүкіл педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті толығымен іске асырылатын білім беру ортасын жасау болып табылады.Олай болса, әрбір бағыт үшін нақты міндеттерді анықтау маңызды:
-
Біз педагогикалық үрдістің мазмұнында нені өзгерткіміз келеді?
-
Балабақшада әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезінде біз қандай мақсат қойдық?
-
Заттық-дамытушы ортаны қалай өзгертеміз?
МДҰ жұмысында маңызды өзгерістерді туындататын инновациялардың түрлерін енгізу нақты мақсат-міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік білім беру стандартының критерийлеріне және баланың құқығын қорғау Конвенциясы негізінде жүзеге асырылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады.
Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда.
Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.
Әр педагог өз оқу қызметінің –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет.
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына оқу қызметі арқылы жеткізеді. Ол – педагогтың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген оқу қызметтері. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Қазіргі уақытта жаңа мазмұнда білім беру келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Балаларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Осы қағидалар негізінде оқу қызметін жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - баланың өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс.Міне,жаңа мазмұнда білім берудің тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір жаңа мазмұндағы технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді.Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Балабақшада жүргізілетін көптеген жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс , олардың білімдерінің жоғарылауына , балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға , зерттеу және шығармашылық қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызады , ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып , мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар жаңа мазмұндағы білім тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес , әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.
Сонымен бірге , ата –анасының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұратын жағдайдың әр күн сайын куәсі болатын біздер үшін (Қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану) қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынадай міндеттер қояды:
-
Жаңа заманға қадам басу ;
-
Жаңа технология әлеміне балаға жолсерік болу ;
-
Компьютерлік бағдарламаларға тәлімгерді таңдау ;
-
Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру ;
-
Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата – аналардың құзыреттілігін көтеру Сапалы білім , саналы тәрбие беру үшін педагогтың үздіксіз ізденуі , шыңдалуы , шағырмашылықпен айналысуы , білімін жетілдіруі қажет. Сондықтан ғылымдар мен технологияны ойлап табуда . Өйткені жаңа оқыту технологиялары заман талабына сай білім беру бағытын өзгертіп отырады. Сөйтіп өздігінен білім алуға , логикалық пайымдауға талдай, қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады.
Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –«Егеменді Қазақстан» газеті, 17 қаңтар, 2014 жыл.
2 Әбдікәрімұлы Б., Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері: Ғылыми басылым. – Астана: ЕГИ, 2008. – 284 б.
3. Жаңартылған білім беру бағдарламасы, 2016.
4. Оқытудың тиімді әдістері, 2016.
5. «Мектепке дейінгі ұйым басшының анықтамалығы» 2017 жыл
6. Республикалық қоғамдық педагогика-психологиялық басылым «Бала тәрбиесі»2017ж
3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген