400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа отбасылық түрлер және қоғамдық пікірталас

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа отбасылық түрлер және қоғамдық пікірталас. Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы. Қазақстандықтардың бұл саясатты қабылдауы туралы ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ






Эссе

Тақырыбы: Жаңа отбасылық түрлер және қоғамдық пікірталас. Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы.







Дайындаған: Аяуова Ә.Т.











Aқтөбе 2020 жыл








Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы.

Қазақ халқында «Әйел – бастаған көш онбайды» деген ата замаңнан келе жатқан мақал бар. Ер адам қашанда әйел азаматтар үшін 1-орында тұрған және қанша уақыт өтседе, қанға сінген бұл әрекет өзгермейді. Әйел адам өз ер азаматтын әрқашан қолдауы керек және де өзінен жоғары қою керек , оны дініміздің өзі айтып тұр. Шетелге еліктеп әйел баласы өзін бірінші орынға қоюы қате болады. Иә, әйел адам өз – өзің қатамасыз алатындай, еңбекқор болуы керек, бірақ ол үшін еңбек етіп жүрген ер азаматты әрқашанда бағалауы қажет!

Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.

Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.

Қазақстан адам құқықтары бойынша 60 аса халықаралық шарттарға қосылды.

2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенцияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады.

Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.

Аталған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірі әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен (ІІД, отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссия, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттері) тығыз жұмысты қамтитын әйелдерге арналған дағдарыстық орталықтардың ашылуы.

Қазақстанда отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан.

Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Олардың қызметін ынталандыру үшін 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы мен 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады».

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді. Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2009 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертуге және алдын алуға, сонымен қатар оларды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды анықтап, жоюға бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерімен жүзеге асырылатын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралардың кешенін анықтайды.

Биылғы жылдың басты жаңалығы болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.

Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын.

Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, ақпараттық-насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіпорындарына шығу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастармен кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік және құқыққорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отбасы-неке заңнамасындағы өзгерістерді, бизнес ашу сұрақтарын, азаматтармен тегін заң көмегін алу құқықтарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.

Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 маусым
1950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі