Жаңа технология - білім сапасының
кепілі
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық
және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,
ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі
дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және
кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі
дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың
кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа
төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз
сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың
ерекшелігі – оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді
немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық
қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі
өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,
белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге
деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі
жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың
біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен
пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында
әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы
керек.
Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын
қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі
мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу.
Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
- адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
- белсенділікті, қабілетті тұлғаны
- жоғары мәдениеттілікті көре аламыз
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан - жақты болу керек.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін
жайттар баршылық. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын
туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын
жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш -
жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының
қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет
етеді.
Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар.
Оларды атап өтетін болсақ:
-«Түртіп алу» әдісі
-«Ұжымдық оқыту» әдісі
-«Ой толғау» әдісі
-«Кубизм» әдісі
-«Топтастыру» әдісі
«Түртіп алу» әдісі
- Өз ойын білдіреді
- Білмегенін сұрақ - жауап арқылы біледі
- Түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын
нақтылайды.