Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Жаңа технология элементтерін сабақта пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз бетінше білім алуға, оны тәжірибеде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету; Білім мазмұнын оқушылармен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау; Жоғары оқу орындарының және мектептік білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғарғы сыныптардағы бейіндік пәндер бағдарламаларын жасауда кредиттік технология элементтерін енгізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





І.Кіріспе



ІІ. Негізгі бөлім



1)Жаңа технология элементтерін сабақта пайдаланудың тиімділігі



2) Жаңа технология іс жүзінде

(СТО технологиясының элементтерін іс жүзінде пайдалану, СТО

стратегиялары )



3) Сабақ үлгілері




ІІІ. Қорытынды





























І.Кіріспе бөлім

Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.

Н.Ә. Назарбаев

Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі , әлемдік ортада өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа тезнологияларды жетік меңгеруіне тікелей байланысты болмақ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім берудің басымдылықтарын атап өтті. Жолдауда: «Барлық дамыған елдерде өзіндік сапалы оқыту жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық сатысында білім сапасын арттыруда біздің алдымызда үлкен жұмыстар тұр» делінген болатын.

ҚР «Білім туралы « Заңы, «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты негізгі құжаттарда заманауи контексте білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру идеяларын жүзеге асыру жолдары қарастырылған.

Қазақстандық білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса бастауына байланысты өз дамуының жаңа сатысына көшуде. Дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі мен жетілдірілген модельдердің жасалуы және т.б. үрдістер байқалып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге себеп болып отырған әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • Қоғамдамуының қарқындылығы;

  • Постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;

  • Халықаралық ынтымақтастық, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;

  • Қоғамның демократиялануы;

  • Экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;

  • Ақпараттың мейлінше өсуі;

  • Адами капитал мәнінің артуы.

Осы үрдістердің негізінде оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Сол себепті Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.



Осыған орай мектептік білімнің жаңартылу бағыттарын төмендегідей белгілеуге болады:

  • Оқушылардың өз бетінше білім алуға, оны тәжірибеде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

  • Білім мазмұнын оқушылармен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;

  • Жоғары оқу орындарының және мектептік білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғарғы сыныптардағы бейіндік пәндер бағдарламаларын жасауда кредиттік технология элементтерін енгізу және т.б.

  • Репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшу;

  • Білімдік парадигмадан әрекеттік парадигмаға көшу

( шәкірттердің белсенді әрекеттерін талап етеді);

  • «өмір бойы білім алу» қағидасын ұстану;

Бұл бағыттардағы мектептік білімнің жаңартылуы оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылатын сабақты жүргізуге жаңа талаптар қоятыны айқын. Демек, жаңа талаптарға жауап беретін заманауи сабақ жүргізуде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың қажеттілігі»Заманауи сабақты ұйымдастыру мен жобалау» атты тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Білім берудегі инновацияның ғылыми анықтамасын берген педагог-ғалым Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше, заманауи сабақ-мұғалім тарапынан оқушының тұлға ретінде дамуына, ой-өрісінің белсенді өсуіне, білімді толығымен меңгеруіне және бойына рухани-адамгершілік негіздерінің қалыптасуына ықпал ететін, барлық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдалануы. Дегенмен бұл заманауи сабаққа деген түсініктің толық сипаты емес. Өткені, жоғарыда айтылған күрделі міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылатын стандартты, жүйелі және үйреншікті кезеңдерден тұратын сабақтың түрі белгіленбегені анық.

ҚР «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі-жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің парасаттылық, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру- жалпы оқыту теориясының бүгінгі таңдағы жағдайын тереңірек жүйелеу мен реттеуді қажетсінеді.

ІІ. Негізгі бөлім

«Білім – теңіз, мектеп – кеме», - деген қанатты сөз кез келген азаматтың саналы өмірін қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы- мектептің қоғамдағы орны мен ролін айқындап тұрса, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәрі де мектептен басталады» - деп мектептің қоғамдағы орнын ерекше бағалады.

Ұстаз мамандығы- киелі мамандық, олай болса, мамандық таңдау барысында болашақ ұстаздық мамандығына жүрек қалауымен , өзіндік қабілеті мен биімділігіне қарай таңдаса ғана өзіне жүктеген жауапкершілік биігінен көрінері хақ.

Қазіргі замандағы ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасыр- білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін , дүниежүзілік мәдениетті танып , ұлттық төл мәдениетті қастерлей білетін , рухани жан – дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз.» - деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше , сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес.



Мен өзімнің іс тәжірибемде « Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.

Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Темпл.Жобаның негізінде Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сыни тұрғыдан ойлану әдіс- тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалды.
Бұл әдіс – тәсілдер оқушыларға:
-еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- ақыл-ойын дамытады;
-шығармашылық белсенділігі артады;
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-тіл байлығы жетіледі;
-жан-жақты ізденеді;
-өз ойын жеткізеді;



Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.

Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.

Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылай шашыңдауға мүмкіндік туады.



Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:

1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысындаоқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.

5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.


Жалпы сын тұрғысынан ойлау, оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді.




Бастауыш сынып сабақтарында қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:

  1. «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы

  2. «Топтастыру» (Жинақтауәдісі) стратегиясы

  3. «Шығармашылық» стратегиясы

  4. «Кубизм» стратегиясы

  5. «Мағынанытану» стратегиясы

  6. «Ойтолғаныс» стратегиясы

  7. «Әуезбенәсерлеу» стратегиясы

  8. «Көрнекілік» стратегиясы

  9. «Бағытталғаноқу» стратегиясы

Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту»  («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миғашабуыл») стратегиясы  — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.

«Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және  де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.

«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылыққа қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады

 «Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әрқырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әрқырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың  мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.

«Мағынанытану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.

«Ойтолғаныс» стратегиясы, мұны  «Брейн-стролинг»  әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан «шығармашылық» стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ой толғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазут.б.

«Әуезбенәсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудио таспа, видео таспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.

«Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфо карталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.

«Бағытталғаноқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, әрі олер ежені оқыту барысында ұстану.

Мысалы:

  1. Жұмысқа белсенді қатысу.

  2. Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.

  3. Бір-бірімізді мұқатпау.

  4. Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.





Сабақтың тақырыбы

Жазбаша қосу және азайту.

78+22; 100-22

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тақырыпты игере отырып, разрядтан аттай отырып қосуды және азайтуды баған түрінде орындауды үйренеді.

Сабақтың мақсаттары


Барлығы:78+22; 100-22; түріндегі жазбаша қосу мен азайтуды орындайды.

Көбі:. Ауызша қосу, азайту мен жазбаша қосу, азайту әдістерінің тиімді тұстарын ажырата алады.

Кейбірі:Тақырыпқа байланысты өздері мысал келтіреді, есепті шығара алады.

Жетістік критерийлері



Тыңдалым.

Тыңдалған материалдар бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады;

Айтылым.

Екі таңбалы санға екі таңбалы санды қосудың азайтудың ережесін айта алалды.

Тілдік мақсаттар

Бірлік, ондық, жүздік,қосындының мәні, айырманың мәні.

Құндылықтарды дарыту

Адал дос болуға, тату өмір сүруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Үнемі

Бастапқы білім

Қосу және азайту. 78+22; 100-22;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



3 мин















1-қадам «Білу»






1.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыра отырып,оқушылардың көңіл-күйін көтеру.

2. Геометриялық фигуралар арқылы төрт топқа бөлу.

3. Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.

«Ой қозғау» әдісі

Естеріңе түсіріңдер!

* Екі таңбалы санды қалай қосамыз?

* Қосуды немен тексереміз?

* Екі таңбалы сандарды қосудың қанша тәсілін білесіңдер

СТО; «Блум таксономиясы» бойынша тапсырмаларды 6 қадам арқылы орындайды.

Білетін болсаңдар:

*Қосындының мәні 100 тең болатын екі таңбалы сандарды жазбаша қосуды.

*100-ден екі таңбалы санды баған түрінде азайтуды.

*Біліп үйренгендеріңді өмірде пайдалануды.

Геометриялық фигуралар

Сабақтың ортасы

2- қадам «Түсіну»

15 мин



















3-қадам «Талдау»

7 мин

















4-қадам «Жинақтау»

7 мин











2 мин





5-қадам

«Қолдану»

3 мин











6- қадам «Баға беру»

5 мин






Оқулықтағы 1, 2 –тапсырмаларды орындау арқылы жазбаша қосу және азайту алгоритмі түсіндіріледі.

  1. 78+22=(78+20)+2=98+2=100

  2. 78+22=(78+2)+20=80+20=100

  3. 78+22=(70+20)+(8+2)=90+10=100


  1. 78

+ 22

100


  1.  100-22=(100-20)-2=80-2=78

  2. 100-22=(90-20)+(10-2)=98-20=78

  3. 100-22=(100-2)-20=98-20=78


  1. 100 - 22


78

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орындайды.

Оқулықтағы 3 тапсырмадағы өрнектердің мәнін табады.Оқушылар түсіндіре отырып, тақтаға баған түрінде шығарады

.65+35; 100-34; 51+49; 100-68;

37-63; 100-56; 28+72; 100-44;

64+36; 100-18; 62+38; 100-53;

Оқушылар топта талқылап,әр топтан бір оқушы қорғайды.



Оқулықтағы 4-тапсырма орындалады.

«Күн мен түн» ойыны

Оқушылар әдебиеттік оқу пәнінен өткен «Ғарыш әлемін» еске түсіреді.Оқушылар топтасып, сәйкестендіруді орындап, қорғайды.

Ғарышкер, сынақшы - ұшқыш, Тоқтар Әубәкіров, МИГ-29,Гиннес рекордтар кітабы.

Шығармашылық жұмыс:

(Shape1 Shape2 Shape3 9 5) = 4





Сергіту сәті



Оқушыларға жазбаша қосу және азайтуды орындату үшін қосу, азайту кестесін жатқа білу керектігі ескертіледі. «Жеміс жина» ойыны арқылы қосу, азайту кестесін пысықтау.

78-18+36; ( 76+14 ) – (75-15);

46-24+11; 91-(35+18)+4;

81-11+19; 100-18+(46-40);



-Балалар бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Сендер қалай ойлайсындар,бүгінгі үйренген жазбаша қосу және азайтудың өмірде қажеттілігі бар ма?

Мысал келтіру.

Оқушылардың бағалауымен өзімнің бағалаымды қосып бағалаймын.

Кестелер, суреттер





Тақта


Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия

«Бағдаршам» арқылы кері байланыс алу.









Сабақ тақырыбы:

Ы.Алтынсарин.Салақтық.

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердегі диалогтық оқыту арқылы «Адам болам десеңіз»тарауымен балаларды таныстыру,өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.


Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Ы.Алтынсариннің өмірімен,шығармасымен танысады және мәтін туралы түсінік ала отырып,негізгі ойды түсінеді.

Оқушылардың бойына тазалық,ұқыптылық қасиеттері қалыптасады.






Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып мазмұнын түсінеді,өз ойларын тиянақты,еркін айтады.





Кейбір оқушылар:

Тақырып мазмұнын түсінеді,өз ойларын тиянақты,еркін айта алады.Адам бойындағы жақсы және жаман қасиетті айырып біледі,оқушылар сыни ойлана алады.


Жетістік критерийлері


Жаман және жақсы қасиеттерді ажырата алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар : Тазалық,,денсаулық, салақтық ,шиқан,қотыр.

Құндылықтарды дамыту


Пән аралық байланыс

Тазалық,сыйластық,әдәптілік.


Дүниетану,қазақ тілі.


Негізгі сөздер мен тіркестер:


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Салақтық,еріншек,жара, ауыру, тазалық, ұқыптылық.




Алдыңғы оқу

Тіл дамыту.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы

3мин

А)Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Ә)Жұлдызшалардың түстеріне қарай топтарға бөлу 1-топ. «Тазалық» 2-топ. «Денсаулық» 3-топ «Ұқыптылық»

Бағалау тәсілімен таныстыру.

Жұлдызшалар

Ортасы

10 мин


«Жұптас, ойлан, талқыла»

стратегиясы












«Болжау» стратегиясы


10 мин













«Автордың орындығы» стратегиясы


7 мин



2 мин





Топпен жұмыс

10мин

Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерден аулақ болу үшін топтарға тапсырмалар беру.

1-топ.

Сурет бойынша баланы сипаттау.Мұндай баланы қалай атаймыз?

2-топ.

Жара неден пайда болады?

3-топ.

Қолын жумай тамақ ішкеннің соңы неге апарып соқтырады?

Адамның бойындағы жаман

қасиеттер және олардан қалай сақтану керектігін топта талдайды,постер қорғайды.


Сонымен адам бойында кездесетін жаман қасиеттер болатынын,ол сөздерді тағы қандай сөзбен алмастыруға болатынын сұрай келе,сабақтың тақырыбына байланысты болжам жасату.


Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Ы.Алтынсарин.Салақтық.


-Ы.Алтынсарин атамыз туралы не білесіңдер?

Ыбырай ата туралы білетіндерін «Күн шұғыласы» суреті бойынша толықтыру.

1-топ. 1-бөлікті оқып талқылау.

2-топ. 2-бөлікті оқып талқылау.

3-топ. 3-бөлікті оқып талқылау.

Орындыққа «автор» отырып,автордың рөлін сомдайды.


Сергіту сәті

Ән әуені арқылы ойды және дене мүшелерін сергітеді.


1-топ. Денсаулық туралы мақалдар жазу.

2-топ. «Тазалықты сақтайық! » әңгіме

жазу

3-топ. Төрт жолды өлең шығару.


Плакат, маркер,суреттер, оқулық, интербелсенді тақта.



«Кім жылдам?» ойыны

Ыбырай Алтынсарин кім? -деген сұрақ беріледі.Сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймын.

Оқушылар ақын,ағартушы,педагог,жазушы,мектеп ашты,аудармашы деп жазу керек







Рефлексия

«Пікірлер ағашы» арқылы кері байланыс алу.






Сабақ тақырыбы:

Мәдени өсімдіктер

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Мәдени өсімдік түрлерімен танысады,сұрақтар қоя алады.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Сыни ойлайды . Жаңа сабақты меңгереді.Сөздік қорлары молаяды. Мәдени өсімдік түрлерімен танысады,сұрақтар қоя алады.





Оқушылардың басым бөлігі: Мәдени өсімдікке нелер жататынын , неге мәдени өсімдік деп аталатынын біледі.




Кейбір оқушылар: Мәдени өсімдіккке нелер жататынын ,неге мәдени өсімдік деп аталатынын біледі.Мәдени өсімдіктердің дәрілік,май алуға болатын, астық дақылдары , тағамдық болып бөлінетінін біледі.




Тілдік мақсат

Бидай,арпа жүгері,қара құмық, қауын,қарбыз, қызанақ,қияр,күнбағағыс,бұршақ.


Жетістік критерийлері


Оқушылар жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің айырмашылығымен танысады.Топтастырып айта алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Топпен жұмыс. Астық дақылдарына нелер жатады?Тағамдық көкөністерге нелер жатады? Май алу үшін қолданылатын өсімдіктерге нелер жатады? Қорғау.Дәлелдеу.


Талқылауға арналған тармақтар:
Сөзжұмбақ шешу.Топтау.Суретпен жұмыс.Постер құру.

Пән аралық байланыс

Еңбекке баулу,әдебиеттік оқу.

Құндылықтарды дамыту

Еңбекқорлық, сыйластық.

Алдыңғы оқу

Тұқым

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы


2 минут


5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Түрлі түсті стикерлерді таңдай отырып топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабақта өтілген тақырыптан сұрақ қою арқылы үй жұмысын тексеремін.

Түрлі -түсті стикерлер,

смайликтер

Ортасы

16 минут























2 минут

«Ой қозғау» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіп, сұрақтар қойамын.

  1. Мына суретте нелер бейнеленген?

  2. Бұлар өсімдіктерге жатама?

  3. Өсімдік туралы не білесіңдер?

  4. Жемістер туралы не білесіңдер?

Ендеше, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Мәдени өсімдіктер».

Оқулықпен жұмыс.Мәдени өсімдіктер жайлы түсінік беру.

Бейне ролик . «Сен білесің бе?»

Дәптермен жұмыс.

«Топтау» әдісі бойынша оқулықтағы тапсырманы орындайды.

Постер құрады. Дәлелдейді.


Сергіту сәті.

Алма кетті домалап,

Көше бойын аралап,

Кім алманы алады,

Сол ойыннан шығады

Смайликтер, плакат, маркер, оқулық, интербелсенді тақта.

Аяқталуы


14 минут












2 минут








«Ойлан, бөліс» әдісі бойынша

жаңа сабақты қорытындылаймын.

«Бұталар» тобына тапсырма:

Өсімдіктердің әр жыл мезгіліндегі тіршілік жағдайы жайлы суретпен жұмыс.

«Ағаштар» тобына тапсырма:

Венн диаграммасы

«Ағаштар-Жеміс ағаштары»

«Өсімдіктер» тобына тапсырма: Сөзжұмбақ шешу

Жемістермен бағалаймын.


Picture 3 Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы балалар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.





Суреттер, плакат, маркер,





Сабақ тақырыбы


Дара және күрделі етістіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Етістік туралы алған білімдерін толықтырады,дара және күрделі етістік туралы білімдерін тиянақтайды.

Оқушылардың сөздік қоры молаяды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Сөйлем ішінен етістікті таба алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөйлемнің ішінен етістікті таба алады, дара немесе күрделі етістік екенін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Сөйлемнен етістікті таба алады, дара немесе күрделі етістік екенін ажырата алады. Дара және күрделі етістіктерге мысал келтіре алады


Жетістік критерийлері

Дара және күрделі етістіктерді ажырата алады, мысал келтіре алады.

Сөздік қор

Ойнады, ойнап жүр, келді, келіп тұр.т.б

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Қызығушылықты ояту. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

.Бір-біріне сәттілік тілейді.

Түтікше түстерін таңдай отырып топқа бөлінеді.

«Ой шақыру» әдісі.

- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
- Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе..... Мысық.... Қой.... Балалар..... Қар....


Интербелсенді тақта



Суреттер





10 мин










10 мин























2 мин


10 мин










7мин



«Суреттер сөйлейді» әдісі

Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
- Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз.Етістіктер дар және күрделі болып екіге бөлінееді. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).

«Кіж жылдам?» ойыны

1-деңгей тапсырмасы.

*Етістіктердің астын сыз:

Доп ,жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуду, ұшты, барды.

2-деңгей тапсырмасы.

*Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:

Ойнады-

Жазды-

Секірді-

Оқыды-

*Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

3- деңгей тапсырмасы.

*Дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз.

Барды,алды,ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұр, көрді,ұйықтап жатыр, салып отыр.

.

Сергіту сәті

Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасау.

Шығармашылық жұмыс.

Өлең шумақтарын құрастыру.

................ көңілді,

................өңірді,

................. төгілді,

...................көрінді.

Жазған жұмыстарын қорғайды.

Сөз таптарын пысықтау үшін , семантикалық картамен жұмыс:

есімдер

сөздер


Сан есім


Сын есім


Етістік


Зат есім

ойнады





доп





әдемі





төртеу





биік





оқушы





биледі











































Сабақтың соңы

3 мин

« Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім








ІІІ. Қорытынды «Сын тұрғысынан ойлау» технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

- Сабаққа қызығушылығы артады;

- Нақты өз деңгейінде бағаланады;

- Жеке қабілеті айқындалады;

- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

- Даму мониторингі айқын көрінеді;

Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сондағана олар:

- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсеретті, -деген сауалдарт өңірегінде ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

- Тіл байлығын дамыту үшін қалай да жауабын соңына дейін тыңдау;

- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.






Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте . Бастауыш мектеп-2003 жыл


2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар .Өскемен Медиа Альянс.- 2005 жыл


3. Жазықбаева Ұ. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.Бастауыш мектеп-2006жыл





































































































Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : л,р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылу және айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен зейінін дамыту.

Тәрбиелік: сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, шығармашылық жұмыс ңстеуге, топпен жұмыс кезіндегі ынтымақты сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, топтық тапсырма.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, өзін-қзі тану


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекші оқушыларды анықтап, оқушыларды түгелдеу.

Топқа бөлу: оқушыларға кеспе таратылады. Берілген кеспедегі дыбыстың түріне қарай оқушылар топ құрайды. Топ ішінен бір оқушыны топбасшы сайланады.


1-топ: қатаң

2-топ: ұяң

3-топ: үнді


Психологиялық дайындық :

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.

Ұқыпты тыңдап сабақты,

Жақсы баға алайық!

-Балалар, бүгінгі сабақта өздеріңді өздерің бағалап отырасыңдар. Мен топбасшыға бағалау парақшасын тапсырамын.

«Миға шабуыл»

Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
















































Берілген тапсырма топта талқыланып, орындап болған соң, топтан бір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын баяндайды.


«Қызығушылықты ояту»


Интербелсенді тақтадан «Ребусты шеш» тапсырмасын оқып, қай топ бірінші ребусты шешсе топ парақшасына бір стикер ілінеді.











«Мағынаны тану»


Енді ,балалар, интербелсенді тақтадан Л,Р дыбыстарының айтылуы мен жазылуы туралы бейнежазбаны қарайық.


Сонымен қандай ереже шықты?
















Оқушыларғы мысал келтіре отырып, үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктерді өздеріне айтқызу.

Жұптық жұмыс:

Оқушылар төменде берілген тапсырманы орындап, бір-бірін тексереді.

1-жаттығу. Берілген сөздерді оқыту. Л,Р әріптерінен басталатын сөздердің айтылу ерекшеліктеріне тоқталу.

















2-жаттығу бойынша суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшірту.

3 топтан бір-бір оқушы шығып, жасырынған суретті алады. Кім қандай суретті алса, сол сөйлемді толықтырып жазады.



Сергіту сәті: оқушыларға «Ақбұлақ» әуенді сергіту жаттығуын жасату.

Оқушылар орындарынан тұрып ортаға шығады. Интербелсенді тақтадан көрген қимылдарын қайталап шығады.


Ал, балалар, би билеп сергіп алған болсақ, келесі тапсырмаға көшеміз.


3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Топбасшылары ортаға шығып сандарды таңдайды.


1

2

3








Сандық белгілер арқылы сөйлемдердің ретін 3 топ бөліп алып жазады.

Мысалы: 1-топ-1 сөйлемді жазады.

Қарамен жазылған сөздерді л,р әрпінен басталатын сөздермен салыстыру. (ауызша).


4-жаттығу. Өлеңді іштей оқыту. Одан кейін «Мәнерлеп оқу» сайысы үш топтан «мықты» деген мәнерлеп оқушылар шығып, өлеңді мәнерлеп оқиды.

«Мәнерлеп оқу» сайысын оқушылар «Басбармақ пен саусақпен бағалау» әдісі арқылы бағалайды.

«Ой толғау»


Оқушыларға ортаға сызбасы бар парақша беріледі. Берілген сызба бойынша жұмыс жасайды.



Оқушылардың қолдарындағы бағалау парақшасындағы ұпай сандарына байланысты жеңімпаз топты анықтап, қорытынды бағаны өзім қойып шығамын.


Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы балалар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.



Бас бармақ-басты мәселе

Балалы үйрек- ( бірлесу)

Ортан терек-(ойлау)

Мен бүгін қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек-(шынайылық)

Сабақ маған ұнады ма?

Кішкентай бөбек-( көңіл-күй)

Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Білім еліне саяхат» сызбасы, тест, семантикалық карта, карточкалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

-Міне , оқушылар, ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен сәлемдесіп, сабағымызды бастайық.

Сәлемдесу: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз!

-Балалар, біз бүгін «Білім еліне « саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, дәптерлерімізді ашып, берілген үлгіні көркем жазып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын жаза қойыңдар.

ІІ. Өткенді қайталау.

-Олай болса, саяхатымыздың басы «Мектеп» аялдамасынан басталмақ. Мектеп аялдамасы сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында карточкалар дайындапты.

1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.



3. Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Туынды сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

5.Сөз таптарына нелер жатады?



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (карточкалар тарқату)

-Сонымен «Білгірлер» аялдамасына жеттік. «Білгірлер» аялдамасы тест ұсынып отыр.

ІҮ. Жаңа сабақ

Сонымен, балалар, «Тапқырлар» аялдамасына да жетіппіз. Бұл аялдамада бізге сөзжұмбақты шешуге бұйырыпты.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

-Біз тапқырлар тапсырмаларын орындап, «Шешендер» аялдамасына

жетіппіз. Ендеше, «Шешендер» аялдамасы бізге оқулықпен жұмыс әзірлеп қойыпты.

-Орындаймыз ба, оқушылар?

-Иә

Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой.

Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр. Зат есімдерді теріп жаз.

Сергіту сәті.

3-жаттығу. Сөздер тобына тағы үш сөзден қосып жаз.

Дәптерге жазғызу.

-Жақсы, оқушылар, келесі аялдамаға да жетіп қалдыңдар. Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Мергендер көздеген затын алмай қоймайды. Ендеше, біз «Мергендер» аялдамасының тапсырмасын орындап, ойлаған мақсатымызға жетейік. «Мергендер» аялдамасы семантикалық картамен жұмысты әзірлепті. Ендеше, семантикалық картаны толтырайық.



ҮІ. Сабақты бекіту. Оқушылар, біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білім көрсетіп, енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық.

-Сонымен, бүгінгі сабақта не істедік? ( «Білім еліне» саяхат жасадық, жаттығулар орындадық, сөзжұмбақ, жұмбақ шештік, семантикалық картамен, тесттермен жұмыс жүргіздік)

-Қай тақырыпты қайталадық? (Түбір мен қосымшаны, сөз таптарын).

ҮІІ.Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу, 29-бет.

-Бізге білімді кім береді? (Ұстаз)

Ендеше сабақты «Ұстазым» әнімен аяқтаймыз.























Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға оқулықта берілген «Астана –арман қала» өлеңінің мазмұнын ашу. Астана туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту. Өзгенің ойын тыңдай білуге, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, бірлікке, елінің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Оқу құралдарына көңіл бөлеміз.

Психологиялық дайындық.



Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-топ: «Бәйтерек»

2-топ: «Ханшатыр»

3Picture 2 -топ: «Пирамида»

Үй тапсырмасын сұрау:

«Менің туым» өлеңін сұрау,



«Өрмекшінің ұясы» әдісі бойынша оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне өткен тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтар қояды. Бастауыш жіпті ұстап сұрақты қарсы беттегі адамға қояда да жіпті сол адамға лақтырады. Жіпті алған оқушы сұраққа жауап беріп болған соң келесі адамға лақтырады. Осы ретпен бір-біріне лақтырып отырып, өрмекшінің ұясын тоқиды.

Бейнебаян: Бекзат Саттарханов

«Миға шабуыл»

Математика және қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтар:

  1. Көлден ұшты 50 қаз.

Қайтып қонды 20 қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез шешеді?



  1. Аулада 60 үйрек,Қорда 20 үйрек

10үйрек тығылды

10 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?



  1. Әдемі, өнерлі деген сөздер қай сөз табына жатады?»Әнұран» сөзіне дыбыстық талдау жаса.



Сөзжұмбақ «Астана»

1 .Астананың бұрынғы аты.(Ақмола)

2. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

3.Астана символы

4.Бас қала

5. Мемлекетіміздің Елбасы

6.Астана өлеңінің авторы





Жаңа сабақ: «Мағынаны тану»

Астана-арман қала



Махмұдбай Әміреұлы



Отанымыздың жүрегі –Астана. Астана еліміздің бас қаласы. Астана қаласы-ең алғаш Ақмола болып аталады. Астана Қазақстанның Солтүстік бөлігінде Сарыарқаның төрінде Есіл өзенін оң жағалауында орналасқан.



Ақ орда, алтын бесік –Астанамыз,

Сол жырды саған ғана ақатарамыз.

Өзгеден мәртебесі биік тұрған

Астана өзіңменен мақтанамыз.

С лайд : «Астана»



































«Кім тапқыр?» ойыны

Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

  1. Оқусыз білім жоқ, ...... ( білімсіз күнің жоқ)

  2. Оқу- білім бұлағы, .....( білім-өмір шырағы)

  3. Досы көпті .......(жау алмайды)

  4. Күлме досқа, ...... ( келер басқа)

  5. Еңбектен қашқан, .......(дөңбекке жолығар)

  6. Еңбек етсең ерінбей (тояды қарның тіленбей)



«Кім жылдам?» ойыны



Әр топ өздерінің топтарының атына байланысты тапсырма орындайды.



«БӘЙТЕРЕК» сөзінен сөздер шығару.



«ПИРАМИДА» сөзінен сөздер шығару.



«ХАНШАТЫР» сөзінен сөздер шығару.



Сабақты қорытындылау: «Ой толғау»

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Бұрынғы атаулары қандай екен?

-Астанада қандай ғимараттар бар?



Үш топ «Менің арманымдағы қала» тақырыбында эссе жазады.



Оқушыларды бағалау.



























Үйге тапсырма:



1.«Астана-арман қала» өлеңін жаттау.

2.Астана туралы өз ойларыңды дәптерге жазу.



Рефлексия: балалар «БББ» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, «Пікір ағашына» іледі.




Сабақтың тақырыбы: 15+28 және 43-15 түріндегі қосу және азайту

Мақсаты: Разрядтан аттамай қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттері:

А) білімділік:15+28; 43-15 түріндегі қосу және азайтуды меңгерту;

Ә) тәрбиелік:ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,ой-өрістерін, есептеу машықтарын, алған білімдерін қолдану дағдыларын дамыту.

Типі: білімді тиянақтау.

Әдістері: талдау-жинақтау, топтық жұмыс, СТО әдістері

Түрі: дәстүрлі

Көрнекілігі: ойынға арналған суреттер, топтық тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Сөзіңізді тыңдаймыз,

Ойға тоқып сақтаймыз.

Білім нәрін жинаймыз,

Деп сабақты бастаймыз.


Өткен сабақты пысықтау , үй тапсырмасын тексеру:

Балалар, қазір біз, ұтыс лотореясын ойнатамыз.

  • Кім айтады, үйге қандай тапсырма берілді.

  • -№ 3- мысал.

  • Осы сәтте, оқушыларға үйге берілген тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады. Ұтыс лотореясының екінші бетінде тапсырмалар жазылған, оқушылар жылдам жауабын жазып, лоторея қорабына салады. Тапсырманы барлық оқушы орындап болған соң, ұтыс ойыны жүргізіледі.

  • Ұтысқа , әртүрлі сыйлықтар беріледі.










Осыдан кейін оқушыларға әртүрлі геометриялық фигуралар ұсынылады.






Бірдей фигура таңдаған оқушылар бір топқа жиналып, сынып оқушылары 3 топты құрайды.

1- үшбұрыштар

2-шаршылар

3- тіктөртбұрыштар

Жаңа сабақты түсіндіру: Мағынаны таныту

  1. Оқулықпен жұмыс. Сынып оқушыларының арасынан сарапшылар тағайындалады:

1-тапсырма “Математикалық дастарқан” ойыны.

Алдын ала дайындалған кеспе қағаздарда тапсырмалар жазылады. Оқушылар тапсырмаларды эстафета түрінде орындап шығып, 1,2,3- інші бітуіне байланысты ұпай алады. Ұпайына байланысты бір ұлттық тағамды өз дастарқанына алып қояды.





2 Жаңа материалды орындап жаттығу.

Баған түрінде жазып, есептеу. Алгоритм бойынша жүргізіледі.



3 – тапсырмада да “Математикалық дастарқан” ойыны

жалғасын табады.

Оқушылар алған кеспе қағаздарындағы мысалдарды баған түрінде орындауы тиіс.









Әр топтың таңдаған кеспе қағазындағы тапсырманы тез-тез,кезектесіп эстафеталық

ойын түрінде орындап шығады.Сөйтіп өз ұпайлары бойынша бір тағамды алып кетеді.



Сергіту сәті:




4-есепті оқушылар топтасып отырып шығарады. Бітірген уақыты мен дұрыстығына байланысты өз ұпайлары мен ұлттық тағамын алады.





Picture 2









Ш

Шешуі:

25+ (25-17)=33

Жауабы: Дәулетте барлығы 33 фильм бар.

арты:

Күлкілі-25

Фантастика-? 17-ге кем.

Барлығы-?


Есеп бір амалмен шығатындай сұрағын өзгерт.

Осы есепке кері есеп құрастырып,шығару тапсырылады.

5-есеп (а) Жаппай сынып болып ауызша орындалады



5 есеп (Ә) бөлігінде эстафета жалғасын табады.

Тапсырма: әр топ кері есеп құрастырып, шығаруы тиіс.




Сызбалар топтарға таратылады.















Кері есепті шығарған топ оқушылары өздерінің шығарған есептерін

оқып береді.


Ой толғау:

Одан кейін оқушыларға берілген постерге әр топ өз жинаған тағамдарын қойып, қосымша дастарқанға қажетті заттардың суретін салады.

Осы уақытты пайдалана отырып, топтардың жинаған ұпайларын сарапшылар санап, жиынтығын жасайды.

Енді соңғы белес, әр топ өздерінің математикалық дастарқанындағы қосымша салынған заттар туралы қорғайды. Әр топ өз постерін қорғаған кезде олардың топтарының аттарына байланысты салған суреттері есепке алынуы тиіс.

Сабақты өзім, қорытып, жеңімпаз топты жариялаймын.

Үйге тапсырма: №6-мысал,141-бет


ІІІ. Қорытынды «Сын тұрғысынан ойлау» технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

- Сабаққа қызығушылығы артады;

- Нақты өз деңгейінде бағаланады;

- Жеке қабілеті айқындалады;

- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

- Даму мониторингі айқын көрінеді;

Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сондағана олар:

- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

- Маған бұл жаңаойлар қаншалықты әсеретті, -деген сауалдарт өңірегінде ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

-Picture 9 Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

- Тіл байлығын дамыту үшін қалай да жауабын соңына дейін тыңдау;

- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.






Мен өз іс-тәжірибемде осы көздеген мақсаттар мен міндеттерге жетуді көздеймін.

Қазіргі таңда мектебіміздегі «Кэмбридж» бағдарламасы бойынша үш айлық І деңгей курсынан өткен коуч тәлім алып, коучинг сабақтарына қатысып, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерудемін.





























































Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте . Бастауыш мектеп-2003 жыл


2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар .Өскемен Медиа Альянс.- 2005 жыл


3. Жазықбаева V. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы

шарттары.Бастауыш мектеп-2006жыл

4. Иманбекова Ж. Жаңа технологиялармен оқыту әдістері .2003 жыл



5.Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту .

Білім-2006 жыл




6. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.

2. 2008 жыл

5. 2008 жыл



7. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.

8.Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

















































Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағының функционалды сауатты, мәдениеті жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуіне атсалысу үшін бар күш-жігерімді ізденіп еңбек етуге жұмсаймын. Өйткен ХХІ ғасыр-ақпарат пен жаңалық ғасыры. Ал ұстаз үнемі жаңалық жаршысы болуы тиіс.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
1479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12