Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа технологияларды кіріктіру-менің кәсіби құзыреттілігімді жетілдіреді".

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы. (Абу Насыр Әл Фараби)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа технологияларды кіріктіру-менің кәсіби

құзыреттілігімді жетілдіреді.

Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы.

(Абу Насыр Әл Фараби)


Менің педагогика-психологиялық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Педагог балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Мен балабақшада бесінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны-менің балалармен алғаш кездесуім. Балабақша есігін ашқанымда-«Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім.

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Балабақша жұмысы күрделі де, қызықты. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін.

Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала–пәк, бала–тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші! Балаларды ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-менің басты мақсаттарымның бірі.

Тәрбиеші-киелі мамандық. Адам тарбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді.

Мен әр баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

«Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата- анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі-құрбыларынан» - деп ұлы Абай айқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдері, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы -адамгершілік, инабаттылық тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.

«Құзырлылық-тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді белгілі оқымысты Т.Г. Браже. Сондықтан бүгінгі педагог кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Атам заманнан ата-бабаларымыз жас жеткіншектің өсіп-жетілуіне баса назар аударған. Оның қалыптасуы, өсуі, адаммен қарым-қатынас жасауы атадан балаға ауысып, эстафета ретінде жалғаса бірген деуімізге әбден болады. Оны заңдылық деу орынды. Әр ұлттың ғалымдары да осы пікірді қостайды. Белгілі орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Адам мінезі негізінен өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады»,- деген екен. Бұрындары ата-әжелер нәрестенің тәрбиесіне араласса, қазірде оның орнын балабақша алмастырған. Әке мен шешенің, ата мен әженің жұмысбастылығы мәжбүрлеген заман...

Тәрбиеші баланың ең жақын адамдарының орнын баспаса да, оның тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Ұйқыдан көзін аша сала бақшаға келген сәбидің көңілін табу, бауырына басып мейірімділік таныту, жанашырлық көрсету, тағысын тағы... Бала көргенін, сезгенін бойына тамызықтап жинайды. Солқылдаған жас шыбыққа үлгілі, өнегелі бола біліп, «менің тәрбиешім» деген сөзді есту – біз үшін зор мәртебе. Әр баланың жүрегіне жол табу, өзіндік ерекшелігін тану, бейімділігін анықтау міндеті осы бақшадан бастау алады. Бірақ тәрбиешіге М.Жұмабаев айтқандай, «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару» міндеттелген.

Жеткіншектерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің өзіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Бала назарын еріксіз оқу іс-әрекетіне аударту, баламен әрбір қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білу.

Ата-ана мен тәрбиеші етене бірлесе жұмыс жасағанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Бақшаға баласын берерде ата-аналар да алдын ала сол мекеменің ережесімен, кеңесімен танысып, тәрбиешісімен кездесіп, балаларын дайындауы тиіс.

«Балабақшаның үйретері көп» дейміз. Әсте солай. Күнделікті әдетке айналатын қарапайым әрекеттен бастап, мектепке дайындыққа дейін тәрбиешінің міндеті. Алғашқы ұжымдық, достық қарым-қатынас. Танымайтын адамдармен араласу. Мінездердің тоғысуы. Үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің үндесуі, айырмашылығы.

Тәрбиешінің өзі де күнделікті ізденіс үстінде болуы қажет. Қазіргі кезеңде педагогикалық менеджмет, біліктілікті, педагогикалық шеберлікті арттыру – уақыт талабы. Баланың өзін дамытуы өзін-өзі дамытатын тәрбиешінің әрекеттестік жағдайында ғана жүзеге аспақ. Тәрбиеші – баланың қалай оқитынын түсініп және сезінетін, оның дүниетанымын дамыта отырып, өзі де өсетін адам. Сондықтан педагогтің кәсіби мінез-құлқы мен кәсіби өзін-өзі дамытуы барған сайын маңыз алып келеді. Өйткені бұл – тәрбиеленушінің өзін дамытуы үшін бірінен бірі ажырағысыз шарт. «Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз». (Сенека)

Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі бізден шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін педагог өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Педагогтың өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялық- педогокикалық, сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын, өнертапқыштығын, рефлекциялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана тәрбиешінің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Білім – тоқтаусыз толассыз үрдіс. 21 ғасыр білімін, біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интелектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалылығы қалыптасады.

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуметтің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтігі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттармен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педогогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде басқаның образын қалыптастырудан түзеледі.

Аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өзінің сапаларын өзгертуге дайындығы мен қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижеінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, өзіндік ресурстарына әсер ету қамтамасыз етіледі.



Кез келген бала өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл емес. Болашақ ұрпақты елжанды, ұлтжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде бақша өмірінің рөлі өте зор. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып, саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Елбасымыз көрсеткен сара жолмен жүріп, «Мәңгілік елді» құру болашақ ұрпақтың қолында. Соған сенемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12