400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа технологияны логопедия саласында тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтерге, сабақ барысында жаңа технологиямен жұмыс жасау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1


Ізтелеуова Индира Базарбекқызы


Қызылорда қаласындағы №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің мұғалім-логопеді


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде бағытты дұрыс таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сондықтан да әрбір мұғалім түрлі оқыту технологияларын меңгеріп, сапалы жұмыс жасауы қажет.

Әр алуан оқыту технологияларының ішіндегі тиімділігі – жаңа ақпараттық технологиялар. Жалпы логопедия саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып түзету жұмысын жүргізу – оқытудың жаңа технологиясының ең қолайлысы. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану баланың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, сөздік қорын жетілдіру, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту және логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жаңа ақпараттық технологияларды логопедия саласында қолдану мүмкіндіктері: балалардың ұсақ моторикаларын, есте сақтау, қабылдау, зейіндерін дамытады, ойлау қабілетін жоғарылатады, тіл кемшіліктерін түзету, ана тілі бойынша білімдердін терең оқытып, тиянақты бекітілуіне, сауатты жазудың дағдыларын нақтылауға көмектеседі. Компьютерлік технологиялардың қатысуымен сабақтарды ұйымдастырғанда, сабақтардың тәжірибелік бағыттылығын теориялық ережелермен қатар жүруі керек. Мысалы, жаттығуларды орындау, орфография ережелерін қайталаумен, кітаппен жұмыс істеу, фонематикалық естудің жетілдіруімен бірге тұтас беріледі.

Логопедия саласында қазіргі таңда біз көптеген арнайы электронды бағдарламалармен жұмыс жасаймыз. Соның ең маңыздыларына қысқаша тоқталып өтсек:


  1. Д эльфа логопедиялық тренажеры – бұл балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге арналған кешенді бағдарлама. Тренажерды пайдалана отырып, біз сөйлеу тілінің барлық бірліктері, яғни дыбыстан мәтінге дейін, барлық логопедиялық тапсырмаларды орындаймыз: тыныс жаттығуларын, дауысқа арналған жаттығулар, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылымы, ойын элементтерін пайдалану – осы жаттығуларды жасата отырып, баланың танымдық қабілетін, яғни есте сақтау қабілетін, назарын, қабылдауын дамытуға болады.


  1. Қ ұлағы нашар еститін балаларға арналған – «Бейнелік сөйлеу» жүйесі. Естімейтін балаларға арналған жаңа оқу әдістерінің бірі - компьютер мен ақпараттық технология. Компьютермен жұмыс істеу естімейтін және нашар еститін балалардың жаңа ортаға бейімделуіне, ақпаратты мәдениетті меңгеруіне қолайлы. Осындай мақсатпен алынған «Бейнелік сөйлеу» жүйесі – құлағы нашар еститін баланың сөйлеу кезіндегі кемшіліктерін түзетіп, түзету жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы бағдарламаларымен қамтылған компьютер.


  1. «Соло-01»/ «Соло-01В» есту және дыбыс тренажеры есту мүмкіншілігі I-IV дәрежелер аралығындағы балалардың есту қабілетін жақсартып және сөйлеу кемістіктерін жою мақсатында мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс жасауы үшін пайдаланылатын құрал. Есту және сөйлеу тренажеры мектептің оқу сыныптарында, құлағы нашар еститін балалармен жеке сабақтар өткізілетін арнайы жабдықталған кабинеттерде, сонымен қатар қарапайым жағдайларда түзету сабақтарын жүргізу кезінде қолданыла алады.


  1. Сөйлейтін фотоальбом – суретті немесе мәтін жазылған кеспелерді альбомның ішіне салып, сөздер мәтіні жазылады. Ойнату пернесін басу арқылы қолданушы мәтіндік хабарламаны белсендіреді. Бұл сөйлейтін альбом балаларға оқиғаларды айтып, тыңдатуға және реттік нұсқаулықтарды ескерулер мен жеке ақпараттарды айту үшін қолданылады.

  2. G oTalk 20+ (ГоуТок) 100 хабарламаға дейін жазыла алатын, сонымен қатар әрбір деңгейде өзгеріссіз болып қала беретін 5 негізгі хабарламадан тұрады. Суреттерді дайындау және карточкаларды форматтау үшін пайдаланылады. Дыбысы анық және дауыс шығаруын бақылауға болады. Қолдануға өте жеңіл. 2 АА батарейкасын пайдалану ұсынылады.

  3. К охлеарлы имлант – бұл есту аппараттары нәтижесіз, мүлдем естімейтін немесе есту қабілеті ауыр зақымдалған адамдарға көмек ретіндегі қолданылатын медициналық құрал болып табылады. Кохлеарлық имплант естімейтін адамдардың есту қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі, соның арқасында балалар оқып, өмір сүре алады. «Кохлеа» сөзі латын тілінен аударғанда «кохлеа» немесе «ұлу» дегенді білдіреді. Кохлеарлы импланттың құрылысы негізгі екі бөлімнен тұрады:

  1. Имплант – хирургиялық жолмен ішкі құлаққа орналастырылады.

  2. Сөйлеу процессоры – құлақ сыртына, құлақ артына орналастырылады.

Сонымен қатар, жаңа технологияны логопедия саласында тиімді пайдалануға Microsoft Power Point бағдарламасында дайындалған түрлі слайдтарды сабақтарда пайдалануға болады.

С өйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды түзете оқыту барысында жаңа технологияны қолдану арқылы балаларғ көмекші құрал ретінде «Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды түзете-оқытуға арналған электронды оқу құралын» жинақтап, шығардым. Электронды оқулық барысында дыбыстарды дұрыс айтуға, машықтандыруға, сонымен қатар жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыра алады.

Жаңа технологиялардың көмегімен балалардың тіл кемшіліктерін түзету және білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі