Материалдар / «Жаңа үлгідегі тәлімгер қандай болуы тиіс» шығарма-монолог
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жаңа үлгідегі тәлімгер қандай болуы тиіс» шығарма-монолог

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2019
3469
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа үлгідегі тәлімгер қандай болуы тиіс» шығарма-монолог

«Мұғалім ісі қарапайым болғанмен –

тарихтағы ең ұлы істің бірі»

К.Д. Ушинский

Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі -бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. 
Тәлімгер – тәлім- тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. 
Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. 
Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, жаңашыл тәлімгер болмысын сомдар болсам, біріншіден , тәлімгер-үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырады. 
Тәлімгер- еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі.

Шығармашылықпен айналысатын өзге тәлімгерлер еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық , ізденіс жұмыстарымен бөліседі.
Тәлімгер –жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Әр баланың табиғи дарынын дер кезінде тани біліп жетілдіруші. 
Алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау тәлімгер бойынан байқағыштық, төзімділік, өз ісіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады. 
Тәлімгер — ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәлімгер-жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді.

Тәлімгер-бұл  сөз, менің түсінігімше адам тәрбиелеу, болашағымыздың бастауын тәрбиелеу деген ұғымды білдіреді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жас ұрпаққа айтқан мына бір сөзі әрбір жанды бейжай қалдырмасы жөн: « Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!». Олай болса біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың бойында білім,өнер,өнеге, намыс, ақыл, мейірім; жалпы алғанда адами қасиеттің барлығы  табылуы шарт.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк.  Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі –адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан әрбір адам өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады... Сондықтан тәлімгер ретінде тәлім алушы әріптесім Сыралиева Инабаттың жан-жақты мәдени дамуына, балауса ойларын шыңдауға көп көңіл бөлемін.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.

Жақсы тәлімгер — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек». Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, тәлімгерлер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты тәлімгерге тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: — Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі — Қызметке бейімділігі — Кәсіптік білімі мен біліктілігі — Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім — Ұйымдастырушылық қабілет — Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені — өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

«Армандарға жетелеген,

Анамыздай мәпелеген.

Алғыс айтып, бас иеміз

Ұстаздарға білім берген,»- деп ақын жырлағандай, бір кездері ұстаздық өмір жолымды Сүлейменова Гүлден, Сапарова Мейрамгүл апайлардан тәлім алып бастасам, бүгінде артымыздан ерген ізбасар әріптесім Сыралиева Инабатқа тәлімгер болып, ұстаздық өмір жолына бағыт-бағдар беріп, жарқын болашағына бағдаршам бола алсам, ол да бір ұстаздық еңбегімнің, ұстаздық жолымның бір арнаға тоғысқаны деп білемін.




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!