400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны




Қ азақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолдану арқылы құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Пәндер бойынша жаңартылған білім беру бағдарламалары оқушыларға ХХІ ғасырда қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Ал ерекшелігі – оқу мақсаттары кодтармен берілген. Қоғамның құндылықтары және білім беру құндылықтары негізінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Оқу бағдарламалары тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.

2020 жылдың 27 шілде мен 7 тамыз аралығында Шардара ауданы тарих пәні мұғалімдерімен жағартылған білім мазмұны аясында «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, тренер Кенжехожаева Ләззат Шахмарданқызы курс өткізді. Курс мақсаты: «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Қашықтықтан оқыту режимінде жүргізілген біліктілікті арттыру курсына аудан мектептерінен бас аяғы отыз тыңдаушы қатысты. Курс барысында тыңдаушылар «Мәңгілік ел» құндылықтарын ескере отырып, білім берудің шиыршық қағидатын, критериалды бағалаудың құрылымы, пәнді оқытуда оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және ескеру, белсенді оқу әдістерін, саралау әдістерін жалпы қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдауда негізгі төрт критерий бойынша жүзеге асырылатындығын меңгерді.

Zoom, Classroom желісі бойынша қашықтықтан оқытуда, Лаззат Шахмарданқызы өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында , курс тыңдаушыларымен тығыз байланыста болды. Әрбір тақырыпты қарапайым тілмен ұштастыра отырып, ғалымдардың жазған еңбектерінен дәлелдемелер келтіріп отырды. Аудан мұғалімдері де белсенділікпен, аса қатты жауапкершілікпен курсқа қатысты. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет ететін қазіргі жаңарған білім саласында дал сондай ұстаздарымыз біздің ауданымызда өз білімдерін жетілдірді. Белгілі бір сұрақ туындаған пікірталастарда Шардара мектеп-лицейінің мұғалімі К.Көбен, М.Әуезов жалпы орта мектептің мұғалімдері Г. Рустемова, К.Абдиева, Қ.Аманжолов жалпы орта мектебінен А.Тұңғышбаев, Б.Соқпақбаев мектебінен Г.Еркинова, Жаушықұм мектеп лицейінің мұғалімі А.Райқұлова, А.Дарханова сынды ұстаздарымыз белсене атсалысты. Сонымен қатар, Г. Абубакирова, К. Адилбекова, Д.Алденеева, С.Алипбаева, М.Байтуреев, Л.Бекжанова, А, Берниязова, Г.Бесбаева, Л.Бижанова, Г.Болатова, Ұ.Жаманқараева, Қ.Жамбаев, Н.Жамединов, Н.Избасар, Ш.Исмайлова, А.Қалмурзаев, М.Кучербаев, А.Маметханова, Ж.Рысбекова, А.Тулеметова, А.Тұрсыманова сынды аудан мектептерінің тарих пәнінің ұстаздары өз білімдерін ортаға салумен қатар, курсқа белсенділікпен, ыждағаттылықпен қатысып, білімдерін шыңдағанын дәлелдей түсті.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жұмыла жұмыс жасайық. Ал, тренеріміз Кенжехожаева Ләззат Шахмарданқызына отбасына амандық, жұмысына толағай табыстар тілейміз.

Түркістан облысы,

Шардара ауданы,

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Рахманова Ақмарал Қалмұратқызы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі