ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДАҒЫ «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тақырып бойынша 20 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДАҒЫ «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық дамудың жаңа міндетте- рінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары – жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Дене тәр- биесі адамға еңбек операцияларын орын- дауға көмектеседі, себебі адамды барынша нақты және нысаналы түрде алға жылжуға, алға қойылған мақсатқа сай күш жұмсауға үйретеді. Адам денсаулығын нығайту, оның ақыл-ой еңбегінің қарқынын арттыруға ықпал етеді. Дене шынықтыру адамды өз денсаулығына жауапкершілік- пен қарауға үйретуге бағытталуы тиіс. Оқушылардың
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДАҒЫ «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арипбаев Жанибек Анесович

Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №190 орта мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі


Қоғамдық дамудың жаңа міндетте- рінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары – жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу болып табылады.

Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Дене тәр- биесі адамға еңбек операцияларын орын-

дауға көмектеседі, себебі адамды барынша нақты және нысаналы түрде алға жылжуға, алға қойылған мақсатқа сай күш жұмсауға үйретеді. Адам денсаулығын нығайту, оның ақыл-ой еңбегінің қарқынын арттыруға ықпал етеді. Дене шынықтыру адамды өз денсаулығына жауапкершілік- пен қарауға үйретуге бағытталуы тиіс. Оқушылардың бойында спортқа, дене шынықтыру жаттығуларына, күнделікті гимнастикаға сүйіспеншілік тудырып, алдағы уақытта денені шынықтыру өмір бойы қажет екенін дәлелдеу мұғалімдердің міндеті болып табылады.

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндік- теріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік


құжат болып табылады. Оқу бағдарламас- ында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады [1].

Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функцио- налдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыс- тарын жүргізу, ақпараттық-коммуника- циялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.

Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады. Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру проце- сіне бағытталған.

Негізгі орта білім берудің Мемлекет- тік жалпыға міндетті білім беру стандар- тына сәйкес бағдарламада дене шынықтыру сабағын гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда жеке оқыту қарас- тырылған [2].

Білім берудің жаңартылған мазмұ- нындағы 5-9 сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – әрбір оқушыға тән дене сапаларын жетілдіру,

ағзаларының барлық жүйелерін дамыту.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу- шыларға білім беруде шешілетін міндеттер мыналар: жеке тұлғаның әлеуметтік дағ- дыларын дамытуға оң әсер ететін денелік және рухани денсаулықтың негізін қалау; өз денсаулықтарын денелік және психи- калық тұрғыдан нығайту маңыздылығын түсінуге оқушыларды ынталандыру; дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша теориялық білім негіздерін қалау және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету; оқушылардың төзімділік, жылдамдық, күштілік, ептілік және иілгіштік секілді қимыл-қозғалыс сапаларын дамыту; оқу- шылардың патриотизм, жалпы адами құндылықтар, қарым-қатынас орната білу біліктіліктерін тәрбиелеу және дамыту; салауатты өмір салтын сақтауға, бойларына сіңірілген дағдыларды болашақта қолдана білуге оқушыларды ынталандыру; оқушы- лардың бойында жалпы адамзаттық мәдениеттің бірі болып саналатын дене тәрбиесі туралы түсінік қалыптастыру; дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім негіздерін қалыптастыру; негізгі дене сапаларын жетілдіру, арнайы спорттық біліктілік пен дағдыларды дамыту; түрлі дерек көздерінен алған ақпараттарды пайдалану арқылы қарым- қатынас орната білу дағдыларын дамыту, ақпараттың шығу негізін айқын түсіну; ойлану және зерттеушілік дағдыларды дамыту; адамгершілік-жігер сапаларын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Дене шынықтыру» пәнін оқу-үйрену оқушыларға келесі мүмкіндіктерді береді: бойға сіңірілген білім, біліктілік пен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану; өзінің денелік дамуындағы қимылқозғалыс құзіреттіліктерін арттыру қажеттілігін түйсіну; дербес адамгершлік қасиеттерін дамыту және әділ ойын мен өз- өзін үздіксіз дамыту қажеттіліктерін түй- сіну; жекебас гигиенасын сақтау маңыз- дылығы мен қажеттілігін түсіну; адамның денелік және энергетикалық жүйесін дамы- тудағы дене жаттығуларының әсерін білу; өзінің және өзгелердің денелік жағдай- ларын бағалай білу; сыни және шығар- машылық тұрғыдан ойлау, туындаған


мәселелерді шеше білу және қарымқатынас орната білу дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып денелік және психикалық денсаулықтарын нығайтуға деген ынталарын арттыруға, арнайы спорттық қимыл-қозғалыс дағды- лары мен дене сапаларын дамытуға бағыт- талған.

Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында пәнді оқытудың жаңа әдістерін назардан шығармаған дұрыс. Оқыту мен үйретудің бір-бірімен тығыз байланысқан бірегей іс-әрекет екендігін түсіну өте маңызды. Үйрету мен оқыту процестерінің қалай өтіп жатқандығын түсінген кезде ғана оқытудың тиімділігі арта түседі [7].

Белсенділік – оқушылардың бойында мәселені тереңінен ұғыну, дене тәрбиесі және спорт жұмыстарына деген тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті қалып- тастыратын дене тәрбесінің басты қағида- ларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, ол білім алушыларды тиімді белсен- ділікке итермелейді. Аталған қағиданы іске асыру оқушылардың білім деңгейлерін байытуға, түрлі жаттығулардың техника- сын тереңінен түсінуге, дене тәрбиесі процесіне саналы және белсенді ұстаным- ды тәрбиелеуге әкеліп соғады.

Белсенділік – бұл адамның іс-әрекеті кезінде анықталатын өлшемі, оның жұмыс- қа араласу деңгейі. Белсенділік дидактика- лық тұрғыдан алып қарағанда, білім, біліктілік және дағдыларды саналы түрде игерудің алғы шарты.

Мұғалімдердің арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдануы, оқушылардың сана- лылық пен белсенділіктерін жоғарылатуға ықпал етеді. Олар мыналар: оқушылардың әрекеттерін, қимыл-қозғалысты орындау- лары мен талдауларын қадағалау және бағалау; бұлшықетпен сезіну арқылы өз әрекеттерін қадағалауға үйрету; көрнекі құралдар көмегімен тапсырмаларды көр- сету; жаттығуларды үйрету кезінде көру және есту бағдарларын пайдалану; үйре- тілетін қимылқозғалыстарды ойша орын- дау (идеямоторлық дайындық); техниканы талдау.

Мектептің міндеті – мектептің қауіп- сіз, сенімді және қамқор ортасында оқушылардың зерделік, эмоциялық, денелік және әлеуметтік тұрғыдан дамула- рына ықпал ету. Сонда ғана оқыту процесі жақсы дамиды. Егер мектеп өз міндеттерін қайта қарастырса, оқушылардың жетістік- терге қол жеткізулеріне мүмкіндіктері артса, онда дене шынықтыру мұғалімдері де өздерінің оқыту әдістемелерін қайта қарауға, оқушылардың дамуларына жаңа мүмкіндіктер беруге әлеуеттері артады.

Қазіргі таңда көптеген дамыған елдер дене шынықтыру сабағына барлық оқу- шылардың мүдделеріне сәйкес келетін инклюзивтік жолмен қарауды дұрыс деп санайды. Білім беру процесін ұйымдас- тырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығар- машылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. Астана: Ы. Алтынсарин ат. ҰБА, 2024.

  2. С.Көптілеуова. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалмалы және спорттық ойындар (әдістемелік нұсқау). Астана: «Оқулық» РҒПО, 2009. 48 б.

  3. С.К.Куптилеуова, Е.И.Копкина, Л.Н.Девяткина. Әдістемелік құрал. Қозғалмалы ойындар, ойын түріндегі жаттығулар және жеңілдетілген ойындар. Дене шынықтыру 9-сынып. Көкшетау: «Келешек 2030», 170 б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі