ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Г.С.Нурмухан

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «№188 мектеп-гимназия» КММ


Аннотация. Аталмыш мақалада жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, бағдарламаның мазмұндық ерекшеліктері сипатталып, ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясын негізге ала отырып, информатика пәні бойынша Блум таксономиясының жинақтау бөлімінде қолданылатын интеллектуалдық ойындардың мысалдары келтірілген (жаңартылған білім беру бағдарламасының бесінші сынып оқулығы негізінде). Сонымен қатар, интеллектуалдық ойындардың білім беру үрдісіндегі маңыздылығы атап көрсетілген.

Түйінді сөздер: жаңартылған білім беру бағдарламасы, Блум таксаномиясы, интеллектуалдық ойындар



Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» негізгі міндеттерінің бірі ретінде орта білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі қойылған. Еліміздің білім беру үрдісінде енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болып табылады [1]. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім берудің мақсаты кең ауқымды дағдыларды меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді дамуына қолайлы білім беру ортасын құру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру барысындағы негізгі міндеттері - оқушылардың білімді функционалдық шығармашылықпен қолдануы, сын тұрғысынан ойлау дағдыларының қалыптасуы мен зерттеу жұмысына қатысып, топпен және жеке жұмыс жасай білуге дағдылануы болып саналады [2]. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

  • пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

  • таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

  • білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

  • бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

  • бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

  • оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде берілуі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты оқушыларды негізгі біліммен, тиімді пайданауға арналған қазіргі ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. Информатика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл информатиканың практикалық маңызымен, адамның қалыптасуы мен ойлауындағы мүмкіндіктерімен, қоршаған әлемді танудағы ғылыми әдістер туралы түсінікті қалыптастырумен айқындалады [3].

Информатика пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бесінші және жетінші сыныптарда жаңа оқулықтар дайындалып, оқу үрдісінде пайдаланылуда. Әрбір тақырыптан кейін жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктерінде аталып өткендей, яғни таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы негінде жасалған 6 қадамдық тапсырмалар берілген.

Блум таксономиясы бойынша оқушылардың оқу нәтижесін игерілуінің немесе оқушылардың білім алу барысында қол жеткізуге тиісті мақсаттардың алты деңгейі бар:

  • білу деңгейі оқушылардың оқылған материалды қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

  • түсіну деңгейі оқушының алған білімді өз сөзімен жеткізіп айта алу, материалды бір түрден екінші түрге өрнектеу, материалды түрлендіру біліктілігі.

  • қолдану деңгейі оқушының оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа жағдайда қолдануды меңзейді. Оқушы ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолданады. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

  • талдау деңгейі оқушының бүтінді өзара байланысты жеке бөліктерге жіктей алу және процестің ішкі құрылымын жүйелей алу біліктілігі.

  • жинақтау деңгейі оқушының жеке іс-әрекеттерді қандай да бір қағидалар негізінде жинақтай отырып, бүтін жағдайға келе алу біліктілігі. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

  • бағалау деңгейі оқушының қандай да мәселенің маңызын сараптай, жүйелей алу біліктілігі [4].

Осы аталған деңгейдің жинақтау бөлімінде үнемі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және өздігінен ойлауын дамытуға, оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге арналған интеллектуалдық ойындар беріліп отырады. Интеллектуалдық ойын - оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, белгілі бір шектелген уақыт аралығында жеке немесе (көбіне) ұжым болып берілген тапсырманы шешу сайысы болып табылады. Интеллектуалдық ойындардың түрлері өте көп. Солардың бірнешеуіне мысал келтірейік. Мәселен, ІІ тараудың «Бүкіләлемдік Интернет желісі» тақырыбында сәйкестендір ойыны берілген. Бұл ойынның негізгі мақсаты браузердің шартты белгілер мен атауларын сәйкестендіріп, тілсызықтар арқылы қосып шығу қажет.

1 сурет. «Сәйкестендір» ойыны

ІІІ тарау («Ақпарат және оны өңдеу») «Программалық жабдықтама» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ ойыны берілген. Сөзжұмбақ нақты мақсаты бар интеллектуалдық ойындар қатарына жатады. Сонымен қатар, сөзжұмбақ оқу материалын қайталауда және білімді тексеруде ең қолайлы интеллектуалдық ойын түрі болып табылады. Бұл ойын түрі оқушының ой-өрісін дамытады.

2 сурет. Сөзжұмбақ ойыны

1.Қоршаған орта туралы мәлімет (ақпарат)

2. Компьютердің ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)

3. Компьютерлік программалардың түрлері (қолданбалы)

4. Ақпараттың өлшем бірлігі (гигабайт)

5. Сурет, кескіндердің түрлері (растрлық)

6. Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуге қажетті программа (драйвер)

7. ... программаларға мәтіндік және графиктік редакторлар электрондық кестелер, т.б жатады (әмбебап)

8. Компьютерді Интернет желісіне қосу құрылғысы (модем)

9. Сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет (графика)

V тарау («Талқылау және программалау») «Менің алғашқы программам» тақырыбы бойынша ребус ойыны берілген. Ребус - сөз мағынасын, алынған сөйлемдерді суретпен бейнелеп беретін ойын түрі. Мұнда сөздер суретпен (түрлі заттардың белгісі), әріптермен, цифрлар мен таңбалар, алуан белгілер арқылы көрсетіледі.

3 сурет. Ребус

Оқу үрдісінде қолданылатын интеллектуалдық ойындар бүгінге дейін әрбір оқушы үшін басты құралдардың бірі болғандықтан, баланың бұл құралға деген қызығушылығын одан әрі арттыру маңыздырақ болып отыр.

Сонымен қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы – болашақ кепілі. Осы бағдарламаның негізгі ерекшеліктерінде аталып көрсетілгендей, Блум таксономиясының жинақтау деңгейінде қолданылатын интеллектуалдық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі, оқушыларының пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Оқушылардың белсенділігін қалыптастырудағы тиімділігі зор.


Әдебиеттер

  1. Ауелгазина Т. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде білім берудің ерекшеліктері // Құзіретті педагог. Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық – танымдық журнал.-Алматы, 2016.- №3(7).- 8б.

  2. Әсемжанова З. Жаңа бағыттағы білім беру – бүгінгі күн талабы // Құзіретті педагог. Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық – танымдық журнал.-Алматы, 2016 №3(7).- 10б.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.

  4. Ж.Т.Қайыңбаев. Блум таксаномиясы // Білім берудегі менеджмент.-Алматы, 2013.-№1(68).- Б 84-88.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
772
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі