ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ " атты мақала мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ



Танымдық құзыреттілікті қалыптастырудың бағыттары: түсіндіру, суреттеу, «ойын» технологиясы арқылы оқыту. Оқыту принципі, әдіс- тәсілдеріне сүйене отырып білім беру. Сабақтан тыс өткізілетін шаралар, жекелей жұмыстар, қосымша үйірмелер арқылы әрі қарай дамыту.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деген.

Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндікпрактикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-рухани, этникалық және әлеуметтік – экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байлаысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардың қалыптастыру мүмкіндігі анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыретттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасыз құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:

«құзыреттілік» ұғымым тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықлың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды:

құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;

құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасады.

Мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық құзыреттілігін дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек. Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады. Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.

Баланың танымдық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз – баланы ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баладан шығармашылық-танымдық қабілетті талап етпестен бұрын, оны соған үйреткен жөн.

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Өмірді танып білу, әдетте, оқып – үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады.

«Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту» бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

Ойын – тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі.

Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Тілдік тапсырмаларды орындау барысында сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс – әрекетіне шығармашылықпен кіріседі.

Бейнелеу іс – әрекетінде зат пен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қиялының дамуына септігін тигізеді.

Музыкалық іс – әрекетте баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбие, дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды.

Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау шығармашылық – «белсенділік», «әрекет», «қабілет» ұғымдарының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

Белсенділік дегеніміз – адамның қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан туындайтын қоршаған ортаны өзгерте білу қабілеті. Белсенділік объективті қажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай оған дер кезінде көмек көрсетулері керек. Бұл баланың түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта жаңғыртуы, үлгі бойынша қолдана алуы. Әсер ету әрекетін ұйымдастыруда оқытудың түсіндірмелі – иллюстративті әдісі қолданылады. Бұл баланың әсер ету белсенділігін қамтамасыз етеді.

Интерпретациялық белсенділік.

Бұл баланың істі аяғына дейін жеткізу, қиындыққа қарамай, істің шешілу жолдарын іздеуі, неге сұрағына өздігінен жауап беруге тырысуымен байланыстырылады. Екінші деңгейде педагог дамыту үшін оқытудың ақпаратты – ізденіс әдістерін қолдануы қажет, бұл бала әрекетіне жекелік сипат береді.

Шығармашылық деңгей.

Бұл құбылыстың мазмұнына және өзара байланыстылығына терең үңіліп қана қоймай, аталған мақсатқа жету үшін, жаңа амал таба білумен сипатталады. Белсенділіктің бұл деңгейінде балалар білімдерін жаңа жағдаяттарда көрсетуге тырысады, яки білім мен амалды бейтаныс жағдаятқа ауыстырады.

Белсенділіктің үшінші деңгейінде шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.

Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп – жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатын қорытынды; мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.

Балалық шақтың белгілі бір кезеңдеріндегі жас ерекшелігі оның бойындағы қабілетті қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады.

Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс – тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Мектепке дейінгі топта танымдық тапсырмаларды бір жүйеге құрып, балалардың бір бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұсынып отыру керек. Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуда алға мынадай шарттар қойылады.

Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:

шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;

жұмыс істеу барысында бала зейінін акыл-ойға шоғырландыру;

қиял ширақтығын қолдау;

жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кез-келгені шығармашылық-танымдық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында, білім мазмұнында баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, бағдарламалық мазмұннан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, экспримент жүргізу, мәтінмен, сызбамен, суретпен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей шығару т.б. сияқты баланы іскерлікке дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым – қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс – тәсілдер мен мазмұндық ойындар, ызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отыруы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өз – өзін жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілеті.

Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талар – тілегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде – білімді сіңіру, жинақтау, меңгеруге қабілеттілік басым болады. Бала өз қабілетін бір іске кіріскенде ғана біледі. Талантсыз бала болмайды, табиғи дарындылығын аша алмайтын бала болады. Жалпы қабілет бала бойына біткен асыл қасиет. Осы орайда баланың бойына біткен қабілетін дамытуға тәрбиеші тікелей ықпал етуі керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі