Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дарынды оқушылармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дарынды оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін барлық ұстаздарға арналады,әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Берденова Канзада Абдуманаповна

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дарынды оқушылармен жұмыс

Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де,  сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.  Елімізде  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде.  Жаһандану заманында  жас ұрпақтың  жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,  білімге деген құштарлығын ояту,  өмірінде оны қолдана білу,  отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Ұстаздарға  қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға  болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта  мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру  -басты мақсат болып табылады.Қазақ   баласының бойында Абай  атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру-  ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты . Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру саласында жиі талқыланып жүрген тақырыптың бірі дарынды балалармен жұмыс жасау және оның әдістерін көрсету мәселесі. Әрине, бала бойындағы дарындылықты аңғару, оны дамыту мұғалімнен зеректікті, педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін байқап қана қоймай, оны ғылыми ізденістерге, нәтижелі білімге жұмсағанда ғана ұстаз еңбегі өз жемісін береді. Дарынды балаларды ғалымдар ақыл-ой теориясына қарай бірнеше топқа бөліп қарастырады. Мәселен, дарынды балалардың бір тобы тек сабақ үлгерімі жағынан ғана жоғары көрсеткішке жетсе, екінші дарынды бала белгілі әрекет шеңберінде өз дарынын байқатса, үшінші бала барлық жағынан да өзінің мықтылығын танытуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде педагогикада әрбір баланың бойынан жақсы қасиеттер мен дарындылықты байқап, дамыту мақсат етіледі. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді қатар дамыту арқылы білім алушының интеллектісін дамытуға баса назар аударылуда. Осы мақсатта бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үздіксіз білім, қашықтықтан оқыту білім алушының жан-жақты білімді игеруін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін үзіліссіз алған білімді жаңартып, жетілдіріп отыру көзделген. Әрине, аталған жүйенің ішінара кемшіліктері мен мәселелері де жоқ емес. Бұл арнайы сөз етуге тұралық тақырып болғандықтан, аталған мәселені талдап жатуды жөн көрмедік. Біздің назарымыздағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері екенін ескерсек, оларды анықтаудың да өзіндік тәсілдері бар. Бұл туралы зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын анықтап берген. Бірінші категория – ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттігімен көзге түскен оқушылар. Үшінші категория – дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар. «Дарынды балалармен жұмыс» оқу-әдістемелік құралының авторлары Ж.Сейсенбаева, Л.Орманбекова дарынды оқушыны анықтау бастауыш сыныптан бастау алатындығын айтады. «Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады», - дей келіп, дарынды балалармен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының нәтиже беретінін ескертеді. Алайда қазіргі мектеп тәжірибесінде байқап жүргеніміздей, дарынды балалармен жұмыс жасау тек үздік оқитын оқушылармен ғана шектеліп жатыр. Мектеп мұғалімдерінің ойында тек оқу үлгірімі жоғары оқушылар ғана дарынды балалардың қатарына жатады. Бұл пікірмен біз де келісеміз. Дегенмен оқу үлгірімі орташа баланың бойында бұғып жатқан дарындылықты байқау, оны дамыту көп педагогтың қолынан келе бермейді. Оқушының белгілі бір салаға икемділігі мен бейінін байқау үшін олармен шығармашылық бағытта жұмысты жүйелі жүргізу қажет. Мәселен, өз ойын еркін жеткізуге қысылатын оқушылардың бірқатары жазбаша жұмыста пікірін ашық білдіруі мүмкін. Сол секілді үлгерімі төмен оқушының бойында қолдан бұйымдар жасау немесе бұзылған затты құрастыру, жөндеуге деген икемділігі байқалуы мүмкін. Дарынды балаларды анықтаудың тұжырымдары: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Жалпы дарынды оқушыны анықтау және олармен жұмыс жүргізуге қатысты бірқатар мамандардың пікірлері мен тұжырымдарын сараптай келіп, мынадай ой түйдік. Орта білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу тек пән мұғалімдеріне ғана тиесілі міндет емес. Сынып жетекшісі, мектеп психологы, ғылыми бағдар бойынша диреткордың орынбасары және ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана оң нәтижесін береді. Ең бастысы - оқушының өзі қызығып, өзі таңдаған саласы болуы тиіс. Сонда ғана ұстаз еңбегі еселеніп, мәртебесі биіктей түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Елеупаева Ж. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары / Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Түркістан, 2008. -25б.

2. Сейсенбаева Ж., Орманбекова Л. Дарынды балалармен жұмыс // http://new.kaznpu.kz/docs/tarbie/darindi_balalar.doc

3. Жексенбаева Ү. Балалар дарындылығын диагностикалау. – Алматы, 2005.

4. Қ.Ж.Бұзаубақова. “Жаңа педагогикалық технология” тренингі /оқу-әдістемелік құрал/. Алматы.,



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2020
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі