400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының басты мақсаты ‒ білім беру ортасын білім алушының жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз ететін, педагогикалық әдісті ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Педагог алдында сыныптағы барлық білім алушыларды олардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін ескере отырып қамту міндеті заманауи мектепте инклюзивті білім беру жағдайында оқыту әдістемесі мәселесінде назар аударуды қажет етеді.

Осыған байланысты, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары оқыту процесінде саралау және дараландыру принциптерін іске асыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндіктен, қолайлы фактіні атап өту қажет.

Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс-әрекетінде жағымды мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кезекті меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қарым-қатынас тәжірибесінің, шығармашылық өзін-өзі іске асыруының, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Білім беру процесін мұғалімнің кез келген ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушы, соның ішінде жоғары интеллектуалды білім алушы өз әлеуеттерін тиісті деңгейде және толық көлемде жүзеге асыра алатындай етіп құруы маңызды.

  • Оқытуда қиындықтары бар балалар үшін мұғалімдер жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарларымен қиылысатын тақырыптар бойынша арнайы мектеп бағдарламасының мазмұнын негізге ала отырып, әрбір сабақтың жеке мақсаттары мен міндеттерін жазады.

  • ЕБҚ бар балаларға жеке тәсілдеменің заманауи тенденциялары қалыптасқан дәстүрлі тәсілдемелерден ерекшеленеді. Олар баланы жалпы оқу ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау қызметтерін құруды, білім беру процесінің икемділігі, дидактикалық тәсілдер мен әдістерді бейімдеу арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында жиынтық бағалау жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс бойынша рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру арқылы бағалау рәсіміне дайындағаны жөн. Мысалы, «мен жасай аламын ....», «біз дайынбыз....», «мен айтып .... бере аламын», «біз айта аламыз...». Рефлексия кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау алдында түсіндіру жұмысы болып табылады.

1-сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын дамыту үшін сергіту сәтін уақтылы өткізу керек, 1-сынып білім алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.

Бірінші сынып оқушыларының күнделікті оқу жетістіктері бойынша ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмаларын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құрастыруға ерекше назар аудару керек,сол арқылы бір күнде үй тапсырмасын орындауға кететін уақытты талап ететін оқу пәндерін топтастырмау мүмкіндігін қарастыру керек.

Үй тапсырмалары білім алушыларға оларды келесі шектерде орындау мүмкіндігін ескере отырып беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 Бұйрығы). Үй тапсырмалары демалыс және мереке күндері берілмейді.

Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі-іс-әрекеттік және тәжірибелік-бағдарлы тәсілдер аясында жүзеге асырылады. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардың өзіндік оқу-танымдық және оқу-тәжірибелік іс-әрекетін қалыптастыру және дамыту; оқытудың белсенді әдістерін: проблемалық-диалогтық, ішінара-іздестіру, іздеу, жобалық, зерттеу және т.б. қолдану.

  • Сабақтағы оқушылардың жұмысы:

- жұп,

- топтық,

- жеке,

- оқытудың сараланған түрлері.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы әзірленеді.

Қазіргі балаларды оқыту кезінде ерте жастан бастап өмір бойы білім алу үшін жаһандық дағдылар мен қызығушылықтарды қалыптастыру өте маңызды. Осыған байланысты білім берудің мақсаты білім алушылардың үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы, кең ауқымдағы дағдыларға ие білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Инклюзия кез келген баланың білім алу қажеттіліктеріне бейімделген моральдық, материалдық, педагогикалық ортаны қалыптастыра отырып, мектептің барлық әлеуметтік процестерін терең қамтиды. Мұндай қолайлы жағдайлар тек ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, білім беру процесінің барлық қатысушыларының бірлескен командалық өзара іс-әрекеттестігінде ғана жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда барлық балалар оларға табысты болуға, осы қоғамда қауіпсіздікті және өз орнын сезінуге мүмкіндік беретін қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Инклюзивті білім беру жағдайында негізгі мектеп мұғалімдерінің алдында әлеуметтік-мәдени интеграцияға және бейімдеуге байланысты проблемаларды шеше отырып, барлық білім алушылардың, оның ішінде ЕБҚ бар білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту деңгейін арттыру, түлектердің кәсіби дайындығын, өмірлік өзін-өзі анықтауын, әлеуметтік қауіпсіздіктегі мүдделерін, қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз ету және бүкіл қоғам шеңберінде әлеуметтік-мәдени процестерге қосу міндеті тұр.

Жаңартылған мазмұнның оқу бағдарламасы оқытудың спиральды түрінде болады, яғни оқушы пәнді қайталаған сайын ақпарат қайталанады және есте қалады; спиральды білім беру бағдарламасы жеңілдетілген идеялардан күрделіге логикалық түрде ауысуға мүмкіндік береді; оқушылар білімді оқу немесе білім беру бағдарламаларының келесі бөлімдерінде қолдана алады. Спиральді оқыту моделінде құрылған оқу бағдарламалары оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуіне қарай білім мен түсініктерді қайта қарауды көздейді. Мұндай бағдарлама ЕБҚ бар балалар бар сыныптардағы сабақтың мақсатын іске асыруға көмектеседі.

Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке жоспарды қолдана алады, дифференциалды және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне (формативті және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады.

Жалпы сыныптарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша, арнайы оқу бағдарламаларымен, психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясының (бұдан әрі ПМПК) ұсыныстарына сәйкес жеке оқу жоспарымен және жеке оқу бағдарламаларымен оқуы мүмкін.

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ сайын), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі. Ағымдық бақылау жүргізу үшін педагог оқушының сабақтағы әрекетін күн сайын бақылайды, ауызша жауаптарына, практикалық және жазбаша жұмыстарына талдау жасайды. Сабақ сайын бақылау мұғалімге оқу материалының мазмұнын және оны оқушыларға түсіндіріп жеткізу әдістерін таңдауға көмектесуге тиіс, олар оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыпты, бөлімді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Педагог белгілі бір тақырыптың шеңберінде оқу материалын зерделеу нәтижелері әртүрлі типологиялық топтарға жататын ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды бірдей болмайтын түсіну және соған дайын болу керек.
1 типологиялық топтың білім алушылары (В.В. Воронкованың жіктеуі бойынша) оқу материалын меңгергенін білімдерін қолдану деңгейінде көрсетеді.
2 типологиялық топтың оқушылары – тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді.
3 типологиялық топтың білім алушылары материалды білу деңгейінде меңгере алады және өз білімдерін жандандыру кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін болады.

Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың соңында жүргізіледі. Қорытынды тексеру жұмысының мазмұнын мұғалім оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері деңгейіне сүйене отырып анықтайды. Педагог оқу жылы ішінде әр оқушының даму динамикасы мен жетістіктеріне талдау жасайды. Пән бойынша оқу бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінде қол жеткізген жетістіктер қорытынды жетістіктер карталарына тіркеп жазылады. Олардың көмегімен дағдылар қалыптасқан тапсырмалар мен жаттығулар сабақ сайын, кезеңдік және қорытынды бақылау жүргізу үшін бағалау құралдары болып табылады.
ПДТ бар білім алушылар үшін
жиынтық жұмыстар арнайы әзірленген дифференциалды тапсырмаларды; жиынтық жұмыс тапсырмаларын пайдаланып жүргізіледі, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманмен бірлесіп әзірлейді;
ПДТ бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізудің уақыт режимін білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып көбейтуге болады
; жиынтық жұмыс жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін шамалы үзіліс беруге болады;
жиынтық жұмыс жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін шамалы үзіліс беруге болады;
ПДТ бар мектеп оқушыларына арнайы
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, оқу тапсырмасын қабылдау, орындау кезеңдерінде эмоционалдық қолайлы климат орнату және қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманның қатысуына рұқсат етіледі;

тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психофизиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты өзгертуге болады;
қажет болған жағдайда қосалқы құралдар мен көрнекі материалды (калькулятор, формулалар, таблицалар және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі;
ПДТ бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпыға танымал өлшемшарттарды да, сонымен қатар психофизиологиялық жай-күй мен даму ерекшеліктерін ескеретін өлшемшарттарды да ескере отырып жүзеге асырылады.

аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар арнайы әзірленген дифференциалды тапсырмаларды; жиынтық жұмыс тапсырмаларын пайдаланып жүргізіледі, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маманымен бірлесіп әзірлейді;
- аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізудің уақыт режимін білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып көбейтуге болады
;

жиынтық жұмысы жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін үзіліс беруге болады;
- аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушыларға арнайы
психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, оқу тапсырмасын қабылдау, орындау кезеңдерінде эмоционалдық қолайлы климат орнату және қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманның қатысуына рұқсат етіледі;

жиынтық жұмыстарды орындау кезінде психикалық жағдай (аффективті мінез-құлық, агрессия және самоагрессия, бақылауға және өзін-өзі бақылауға көнбейтін, қозғалыстың өршуі) өршіген сәтте осы жағдайды жазып алатын және АСБ бар балаға осы жұмысты қайта тапсыруға мүмкіндік беру қажет;
- тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушының ерекшеліктері мен психофизиологиялық даму мүмкіндіктеріне байланысты өзгертуге болады
;

қажет болған жағдайда қосалқы құралдар мен көрнекі материалды (калькулятор, формулалар, таблицалар және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі;
жиынтық жұмысты компьютерлік нұсқада немесе кейіннен басып шығарып, планшетте орындау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады;

аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпыға танымал өлшемшарттарды да, сонымен қатар психофизиологиялық жай-күй мен даму ерекшеліктерін ескеретін өлшемшарттарды да ескере отырып жүзеге асырылады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1032
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі