Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұны: теория, тәжірибе, практика, инновация
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім беру мазмұны: теория, тәжірибе, практика, инновация

Материал туралы қысқаша түсінік
Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2021
687
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұны: теория, тәжірибе, практика, инновация

Қарағанды облысы , Жезқазған қаласы

11 ЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі

Муздыбаева Раушан Хасеновна


Қазақстан Республикасының жаңа білім беру арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен-күнге өрістеп келеді. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып,оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесі. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктіліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс тәсілдерді жүзеге асыруды, білім беру барысында оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру орындарындағы педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.Осы мақсатта оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту барысында білім мазмұны арқылы өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін ,түсінікті, дұрыс жеткізе алатын,түрлі өмірлік жағдаяттарға тілдік қатынасқа түсе алатын дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Өз тәжірбиемде оқушының коммуникативті құзіреттілігін арттыру арқылы сауаттылығын дамытуда баланың шығармашылығын дамытуға кеңірек тоқталғым келеді. Оқушыға тапсырма берерде тілдік білімді танымдық тақырыптармен сабақтастырып беру, оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруға қажетті практикалық сипаттағы жұмыстарды орындатуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау қабілеттеріне сай келуі қарастырылуы тиісті. Сонымен бірге оқушы меңгеруге тиісті білім деңгейлеріне сәйкес, бірізділік, дамыта оқыту, пәнаралық байланыс, тапсырмаларды бірте-бірте күрделендірген дұрыс. Оқушылардың комуникативті құзіреттілігін арттыруға арналған тапсырмалардың бір-бірімен байланысып, сабақтасуы негізге алынуы керек.Оқытуда көп мән берілмей келген негізгі ұстанымның бірі коммуникативтік құзіреттілік болып табылады.Осы принциптің ескерілмеуінен де оқушылар үшін тіл пәні жалпы ережелелер мен қағидаларды меңгертуден аса алмай қалды. Білім беріледі де, оны қолдану мәселесі шешімін таппады.Сондықтанда балалардың сөйлеу тілі тежеліп келеді. Ерекше табиғи дарыны балаларды айтпағанда, оқушылар шешен сөйлеу мен сөйлесуге баулу бағандықтан және шешендік білім мазмұнын анықтаудың басты талабы ретінде көрсетілмегендіктен, олардың байланыстырып сөйлеудің өз ойын жүйелеп айта білу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік аз болды. Міне, осы кемшіліктердің орнын толықтыратын бірден-бір ұстаным коммуникативтік құзіреттілік екені дәлелденіп,ол жетекші орынға ие болды. Бағдарламадан бастап оқулық, дидиактикалық материалдар,көмекші әдістемелік құралдар тақырыптың оқушы тілін дамытудағы мәніне ерекше көңіл бөлді.Оқушының сөйлеу тілін дамытудың базалық негізіне айналуына тірек болды. Оқушы мен мұғалімнің әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болып,ал олардың алдына қойған мақсаттары ортақ болып табылады.Үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір алмасуын,тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп,өзара түсінісуіне жол ашты. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек,сол жөнінде оқытылды.Оқушылардың коммуникативтік тілдік әрекеті арқылы ойлау мен сөйлеудің барлық түріне жаттықтырылды. Мәселен ,сұрақ қоя білу,сұраққа жауап беру,суреттің мазмұнын әңгімелеу, өз қиялын,арманын айта білу,экскурцияларда көргенін әңгімелеу,оқыған мәтін мазмұнын баяндау секілді сөйлеу әрекетіне оқушы қатысымдық әдіс арқылы үйретілді.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғашқы баспалдағы болып есептеледі. Мысалы,тілдік қабілеті төмен немесе нашар дамыған оқушылармен тікелей диалогтік қарым-қатынас жасауға,пікірталасқа қатысуға,ертегілер,аңыздар, көркем әдебиет шығармаларын оқып талдауға бағытталды. Тілдік білімге коммуникативтік тұрғыдан келу ғана оқушылардың сөзге деген эстетикалық талғамын тәрбиелеуге ықпалын тигізді. Эстетикалық қатынастар жүйесіне әдеби тілдің ойды білдірудегі әр түрлі құралдарының молдығы,өз тілінің ерекшеліктерін танып – білуден бастауынан қалыптасты. Оқушылардың тілін дамытуда диалог пен монологтің рөлі жоғары.Сөйлеудің бір түрлерін теориялық тақырыптармен байланыстыра қолданды. Мысалы , диалогпен жұмыс істеу үстінде баланың ұтымды жауап бере білуіне, қызықты сұрақтардың қорытындыларын жасатуға көңіл бөлсе,монологтік сөйлеу әрі жүйелі ,әрі терең ,әрі дара ойды білдіру машығын дамытуға әсер етеді. Мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп, жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді. Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды. Себебі, білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып, оқыту әдісін, жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе, өзі көздеген мақсатына жетеді. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар. Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Қорыта келгенде коммуникативті құзіреттілікті меңгеру үшін, оқушылар белгіленген коммуникативті дағдыларды игеруі тиіс. Коммуникативті құзіреттілік, тиімді қатынастар үшін пайдалы, біліктілік пен дағдылардың біртұтастығы болып табылады.Қатынастар тұжырымдамасына сүйене отырып, біз коммуникативті мәдениетті дамыту нәтижесінде және қабілетті тұлғаларды қалыптастыру. Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты.



Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті 2009 жыл № 9

2.Қазақстан мектебі 2008 жыл №6

3.Бастауыш мектеп

М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты. Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен ұстаз тұлғасына, олардың өмірі мен қызметіне деген көзқарастар өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде өмір сүрудеміз. Осындай кезеңде мектептегі барлық істі атқарушы басты тұлға мұғалім екені даусыз. Сондықтан да, қиын да қызықты еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!