Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірлік қажеттіліктен туындаған «Үш тұғырлы тіл» идеясы - физика пәнінің зерттеу әдістерін ғылыми, пәнаралық, интерактивті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бәсекелестікке қабілетті белсенді ұрпақ дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №1ЖББМ физика пәнінің мұғалімі

Курманбаева Клара Изтилеуовна

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қоғамның интеллектуалды әлеуметтік мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі заман талабы болып отыр. Көптілді білім беру бағдарламасы лингвистикалық фонға ие бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін жаңа білім беру моделін құруды көздейді. Сонымен бірге, ағылшын тілі – ғылым тілі, техника тілі екендігі анық. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндет -оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, тілді қолдана білу біліктілігін жетілдіру. Елбасының тапсырмасымен 2020 жылға қарай ЖОО-дардағы барлық техникалық және медициналық мамандықтар ағылшын тілінде оқытуға көшуде. Сондықтан, осы өзгеріске мектептер де дайын болуы тиіс. Өскелең ұрпақты үштілділікке баулу, мектеп жүйесінде үш тұғырлы тілді дамыту заман талабы. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру жастарға әлемдік нарыққа, ғылымға және жаңа технологияларға мүмкіндік береді, этникалық, қазақ және әлемдік мәдениеттерге негізделген сындарлы ынтымақтастыққа әлемдік көзқарас қалыптастыру үшін жағдай жасайды.

Үштұғырлы тіл – өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.Бірнеше тілде сөйлей де, жаза да білетін адам өз елінде де, шет елдерінде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз. Мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігіне енудегі мақсатын Елбасы. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»− деп атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі жәнебір шет тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. ҚР білім беру мазмұнын жаңғыртудағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» Мәдени Жобасының жүзеге асырылу маңыздылығы да осында.Бұл жобаның еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Өмірлік қажеттіліктен туындаған «Үш тұғырлы тіл» идеясы - физика пәнінің зерттеу әдістерін ғылыми, пәнаралық, интерактивті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бәсекелестікке қабілетті белсенді ұрпақ дайындау. Физика пәні ғылыми-техникалық пән болғандықтан,сонымен бірге физикалық терминдердің барылғы дерлік шет тілінен аударылған екеніне байланысты, пәнді және физикалық құралдардың атауларын ағылшын тілінде оқытудың маңызы зор болмақ. Қазіргі таңда ағылшын тілін мектепте меңгерген оқушыларға ЖОО-ға түсіп, ғылыммен айналысуларына және әлемдік деңгейде білімнің дамуына үлесін қосуына ықпал етері сөзсіз.

Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолдану барысында CLIL технологиясы тиімді болып саналуда, яғни оқушылар жұпта, жеке, топта, ағылшын тілінде физикалық терминдердің, шамалардың әрекеттерін ағылышын тілінде

айтуды іске асырады, әр оқушы сабақта орындалатын тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып отыруы сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын жоғарылатады.

Сабақ барысындағы қарым-қатынаста ағылшын тіліндегі сөздерді, сөз тіркестерін, терминдерді жиі қолдану: оқушылардың сөздік қорының толығуына, тілдік кедергілерден жеңіл өтуіне, өздері үшін жаңа ұғымдар тануына, пәндік бақылаулармен, тәжірибелер жүргізулеріне құлшыныстары артады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуіне, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Оқушылардың дағдыларын бекіту мақсатында топта, жұпта ұсынылған тақырыптар бойынша ағылшын тіліндегі элементтерді байланыстыра отырып, шағын жобалар қорғауды сабақ үрдісінде жиі қолдану, оң нәтижесін береді.

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгертудің ана тілінде оқытудан ерекшелігі физикалық терминдерді ағылшын тілінде енгізу, әртүрлі пәндегі бір ғана терминдердің ағылшын тіліндегі мағынасы түрліше болатындығына оқушылардың көзін жеткізу, зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың, қондырғылардың және материалдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білуі, есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіруі, сабақты бекіту кезеңінде сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беруі, алынған нәтижені түсіндіруі және соған сәйкес қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру басты міндет болып табылды. Пәнді ағылышын тілде оқыту оқушыларға қосымша ресурс ретінде болашақ мамандығына да көмегі зор.

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау арқылы табысқа жетуге, әрі сабақтың тиімділігін барынша арттыруға болады. Оқушыларға сабақ жүргізу барысында физика пәні бойынша ағылшын тіліндегі элементтерін енгізе отырып, білім беруде мынадай қағидаларды есепке алдым:

- өмірмен байланыстыра отырып сабақ бере білу;

- оқушылардың материалдарды ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін сабақты тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша беру;

- тест – сұрақтарымен тексеру;

- есептің шығаруда қолданылатын формулаларды ағылшын тілінде түсіндіруді үйрету;

- оқушы сабақ кезінде қажетті мәліметті, заңдылық ережені, фактіні алуға және есіне сақтауға міндетті;

- өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық мүмкіншіліктерін, ойлау қабілетін арттырып отыру.

Қорыта айтқанда, үш тілді меңгеру оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, өркениетті мәдениетке ден қойып, ғылым саласындағы әлемдік жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білуіне негіз болады. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілділік оқытуға көңіл бөлу–бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі бүгіні жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп келешек ұрпаққа үлкен үміт артуда. Ал келешек ұрпақ бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын, басқа мәдениетті түсініп, құрметтейтін, көп ұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді өмір сүруге қабілетті тұлға және тіл меңгеру арқылы жаңа кәсіптерге жол ашылатындығын саналы түрде түсінуі қажет.

Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын арттыру, түрін жетілдіру, әрбір оқушының қызығушылығын, шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды іс-әрекетке жұмылдыра білу, ізденуін қалыптастыру үшін онымен тиімді қарым-қатынас жасау. Мен өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай мақсат қойдым: әрбір оқушым қоғамда өз орнын айқын сезінуіне, заман талабына сай дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған және қоғамымыздың ағымдағы, келешек міндеттерін шешу үшін қатысуға дайын болатын жеке тұлға қалыптастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Құдайбергенева К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері.Монография-Алматы, 2012.

2.«Core Physics» Bryan Milner, Canbridge оқулық

3. Physics, Grade 8, Тextbook/Altynbek Karabatyrov,Aibek Baieshov- Almaty: Aстана – кітап, 2017

4.«Физика» Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. №6. 2010 ж.

5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. (2007 жылғы 28 ақпан)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2021
680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12