жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі
Алматы облысы, Балқаш ауданы,
«Жасұлан» балалар бақшасының әдіскері
Думшебаева Гульжахан Сатыбалдиевна
Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені сөзсіз.
Біздің өміріміздің кез – келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер педагогтың оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» дегендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзіреттілікке бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан – жақты игермейінше, сапалы білімге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан кез – келген педогог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдіс – тәсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтау.
Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп,ынта – ықыласын, дұрыс бағыттауды, қабілет қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде.Инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан – жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды.Оқытудың парадигмасы өзгерді.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.Білім беру парадигмасының ауысуы , оның тұжырымдамалық негіщдерін қайта бағалау, білім беру мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын қайта пайымдау жалпы білім беру жүйесінде және оның мектепке дейінгі буынында көптеген өзгерістер болуда.
Мектепке дейінгі білім беру- бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.
Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзіреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талапқа сай пайдаланылады.
Заманауи технологиялар мен әдістерді пайдалану балалардың қызығушылығын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында белсенді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шабуыл, диалог,топтық шығармашылық жұмыс, пазл, сквейн т.б.
Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық үрдісінде жиі қолданылатын әдістердің бірі-ойын.Ойын- мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі.
Тілді дамыту отбасында, балабақшада және мектепте әртүрлі пәндердәң интерграциялық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен белсенді түрде сөздік қатынас жасайды. Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше.Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді.
Балабақшада лего-конструктор мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады.Бұл тек қана құрастыру емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық дағдыларын, ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамыту құралы. Құрастыру кезінде ұсақ моторикасымен бірге , баланың ойлау қабілеті дамиды.Лего арқылы оқыту ойын түрінде жүзеге асады.Құрастырмалар жеңіл болғандықтан оларды кез келген кеңістікте пайдалануға болады.Мәселен, үстел үстінде, кілемшенің үстінде т.б.Бала еркін сезіне отырып, құрастырмаларын жалғыз немесе топпен де, жұппен де ойнай алады.Конструкторлар баланың үйлесімді және жан-жақты дамуына көмектеседі.Конструктілеу мен робототехника жаңа заманауи бағыт.Бұл әрекеттің түрі баланың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Конструктордың көмегімен балалар кез келген қиялдарды іске асыра алады,өзінің қайталанбас әлемін құрады, күрделі физикалық және геометриялық заңдарды меңгереді, моториканы, қимылдарды үйлестіруді, көз өлшегіштерді дамыта алады.
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі –
жан
– жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі
мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін не істеу
керек?
-Мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқыту ұйымдары мен мектепалды
даярлық топтарында педагогикалық
процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді
пайдалану;
-Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп;
-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап;
-Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп;
-Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып;
-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп;
-Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық – педагогикалық негізін пайдаланып;
-Әлеуметтік – мәдени міндеттер шешу – мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта біріктіру қажет.
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи –әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан –жақты дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген