Канаева А.Т.
ТЭФМ мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жаңартылған білім беру негізі - спиральді білім беру
Бүгінгі таңда білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, табысты болу үшін білім мен дағды керек. . Сабақ мұғалімнің емес, оқушының нәтижесімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту, қалай оқыту маңызды болып отыр.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына жасауға сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз- білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы-ұстаздардың ізденісінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің шеберлігіне, оның құзыреттілігіне байланысты . Жаңа заман талабын қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс.
Соңғы жылдары педагогикалық оқу-тәрбие үдерісінде көптеген өзгерістер болып жатыр.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз кәсібінің шебері ғана мақсатына жетеді. Сондықтан әр сабаққа түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіне түрлі жаңашыл заманауи жобалар ұсынуда . Солардың бірі- «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» аясындағы
жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіме көп ықпалын тигізді. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында пәнннің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» (спиральді) орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Спиральді білім беру бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
. белсенді ( жұмыс үдерісінде білім алу);
. бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
. таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
-әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
-жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
-оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
-спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
-оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өту кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральдік қағидатына негізделген . Оқушы сыныптан сыныпқа көшу барысында тілдік дағдыларды меңгеріп,түсінуіне сенімді болады.Мұғалім оқушылардың алға ілгерілеуін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы- білімді де білікті ұрпақта , ал сол жеткіншектер тағдыры ұстаз қолында. Заман көшіне ілесе отырып, заманауи бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, шебер ұстаз ғана жоғары нәтижеге қол жеткізе алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы . «Назарбаев зияткерлік мектебі»
ДББҰ, 2016.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз