жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім бойынша есептер
Адилбекова Меруерт Кайратдиновна Мұғалім портфолиясы C есебі
7 топ 3-деңгей
Тараз қаласы 16.04.2015
Оқыту мен оқуда реттеу мен өзгерістер енгізу бойынша рефлексивтік есеп.
Бүгінгі білім жүйесінде Д.Дьюи атап өткендей , «үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н.Коперниктің жаңалығына тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі».
Дәстүрлі оқытуда «оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі болса, қазіргі таңда «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасуда. Дәстүрлі әдіс арқылы алынған білімде механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Механикалық түрде есте сақталған материалдар тест кезінде тиімді пайдаланылуы мүмкін, бірақ уақыт өте мағынасы терең меңгерілмегендіктен, ұмытылуы мүмкін, сондықтан өмірде пайдалана алмайды.
Еліміздегі білім жүйесінің алдында тұрған басты мәселе – халқымыздың тәлімді тәрбиесі мен әлемдік озық тәжірибеге негізделген тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған әлемдік білім кеңістігіне шығу болып отыр. Осыған орай қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсетуге бейім жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі озық тәжірибелі технология негізінде оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету жолдарын меңгертуде ұстаздық шеберлікті талап етеді. Білім саласында өзгерістер болу үшін, ең алдымен, мұғалім өзгеру керегін түсіндім.
«Бірінші бетпе – бетке» келгенде таныс емес, әр ауданнан келген мұғалімдер. Теренер келіп, бізбен амандасты. Топ тыңдаушылары шаттық шеңбер құрып, топтастырды. «Менің сүйікті есімім», «Мен туралы қысқаша мәлімет», «Мен өзімді неге теңеймін?» тренингі арқылы таныстыруды ұсынды. Бұл курстың басқа курстан ерекшелігі уақыттың ұзақтығы туралы айтылды. Топ ережесін құрдық «Топ басшыны тыңдау, Бірін – бірі тыңдау, Белсенді болу, Сыйластық, Регламентті сақтау»-деп ұйымшылдыққа шақырды.
Курстың екінші күні топқа берілген тапсырма «Мінсіз оқушы» қандай болу керек. Біздің топтағы тыңдаушылар «мінсіз оқушы» туралы сипаттама беріп өттік. Мінсіз оқушы – біріншіден адал, білімді, мейірімді, айтқанды бұлжытпай орындайды, шыдамды, ұқыпты, талантты, дарынды,т.б деп түсіндірдік.
Осылай күнделікті сабақтарымыз да өте шықты. Тренердің «бірінші бетпе-беттегі» қолданған әдіс-тәсілдерді өз тәжірибе кезімде қолдануға тырыстым.
Мектептегі іс-тәжрибемді бастамас бұрын ең алдымен өз әріптестерімен, мектеп басшысымен кездесіп, курс бойынша алған білім мен әсеріммен бөлістім. Мектеп басшысы мынандай сұрақ қойды: Бұл курс біздің мектебімізге өзгеріс әкеледі ме? Қандай нәтижелелер күтуге болады? Мен былай деп жауап қаттым: әрине, өзгерістер болады мектептегі тәжірибие барысында өзгерістер көрсетуге тырысымын. Оқушыларға қалай оқу керектігін үйретеміз, жеті модуль бойынша жаңа әдіс –тәсілдер арқылы оқушылар білімін жетілдіреміз.
Кембирдж тәсілі бойынша жоспарыма енгізген өзгерістермен таныстыру болды. Курс барысында үйренген меңгерген әдіс-тәсілдер туралы баяндап әңгімелестік, жаңа әдіс –тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын, ынтасын, белсенділігін арттыратынын айтып өттім. Сабақ беру жоспарымдағы өзгерістермен таныстырдым, енгізген әдіс-тәсілдерге тоқталып, ой бөлістім және пән мұғалімдерімен тәжірибие барысында сабаққа енгізілген өзгерістер туралы кеңестім. Мұғалімдер бұл білген әдіс-тәсілге қызығушылық танытты. Өз іс-тәжірибемде бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өз білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға бейім, жеке, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан, білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлғаны дамытуға тырыстым. Сонымен қатар мектептегі әріптестеріммен ой бөлісіп, кеңестерін тыңдап, Зерттеу объектісіне алған оқушылардың ата–аналарымен кездесіп бейнероликке түсіретінімді айтып өттім. Оқуда үйреніп келген білімді барлығына айтып беру куаныш сезімін ұялатты. Себебі, олар мендегі өзгерістерді байқады деп ойлаймын. Өзімнің дайындаған жоспарым бойынша зерттеу сабақтарын 3 сынып оқушыларымен жүргізгім келді, бұл сыныпта қандай өзгерістер болатынын білу. Бірінші күнгі сабақта әрине өзгеріс болмады деп айта алмаймын, оқушылар сабаққа келмей, мен парталарды біріктіріп оқушылар топтасып отыратындай етіп қойдым. Оқушылар өзгерісті байқады, парталар неге бұлай тұр? деген сұрақтар қойылды. Біз енді ылғида менің сабағымда үнемі осылай отырамыз деп сұрақтарына жауап қаттым. Оқушылар дән риза. Келесі қадам ол тренинг жүргізу, әрине мен бұрын жиі тренингтер жүргізетінмін, алайда тренинг арқылы топқа бөлмейтінімді байқадым. Сондықтан тренинг арқылы оқушыларды топтарға бөлдім. Сыныптағы атмосфераны бір қалыпты болу үшін «Алтын ереже» жаздық. Әр оқушы өз ойын айтты мысалы : «тыныштық сақтау», «топбасшыны тыңдау», «өзгенің пікірін тыңдау» «сыйластық». Мұғалім оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету үшін оқушыны жан-жақты бақылап, анықтағаннан кейін ғана жаңа әдіс-тәсәлдерді қолдану арқылы көмек бере алатын түсіндім. Бұл үдерісті іске асыру үшін мен нені біліп үйренуім керек? Мұғалімнің міндеті – ол көзделген міндеттерді, орындау стратегияларын ойластыру, стратегияны ұтымды таңдауына, оқушыға таңдау бағыт – бағдар беру. Сабақ үстінде мұғалім нені үйретіп жатқаны емес қалай үйреніп жатқаны маңызды. Тіл тәжірибені қабылдаудың негізгі құралы. Білім алу диалог арқылы беріледі де оқушының сыныптағы жұмысы өзара диалогпен байланысты. Оқушы мұғалімі мен және өзінің сыныптастарымен әнгімелесу – оқушының түсінігін дамытатын, белсенділігін қамтамасыз ететін негізгі құрал.
Диалогты қарым-қатынас арқылы жасау арқылы оқушының сыни ойлауы дамиды. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005) жұмыстарында бейнеленген.
[1,29-бет ]
Дәстүрлі сабақ әдістемесі бойынша оқушы үй тапсырмасын орындап келсе мәтінді жазып, берілген сұрақтарға жауап берсе онда мен бүгін дұрыс сабақ берудемін деп ойлайтынбыз. Оқушы тақырыпты тапсырманы түсініп орындады ма, әлде көшіріп жаза салды ма оған назар аудармайтынбыз, себебі, оқушы ізденсе ол жақсы оқушы деп ойлатынбыз. Өткен тақырыптардан толық нәтиже көрсете алмауы ол пікірдің қате екеніне, оқушының бар білім іс-әрекеті бастамасы екенін түсіндім. Оқушыларға сабақ беремін оқушылардың басым бөлігінде қызығушылық салғырттық төмен? Осындай сұрақтар мені көп мазалайтын. Сондықтан мен алған білімімді іс-тәжрибеде қолданып, мақсат қойдым, оқушылар өз бетінше тақырыпты талдап, дәлелдей білу керек екенін түсіндіру, берілген тапсырмаларды топ арасында ынтымақтасып орындату. Ол үшін сыныпта ынтымақтастық атмосфераны құруым керек деп ойладым. Сабақ басында психологиялық ахуалды реттеу керек сондықтан оқушылармен бірге тренинг жүргіздім. Бұл іс-әрекет оқушының және менің қызызушылығымды арттырады. Оқушылармен қарым-қатынас өзгергенін байқадым, оқушыларды еркіндік сезімі пайда болды. Оқушымен шынайы диалогты қарым-қатынас жасау, оқушының білім алу жолында жетелеу жолында жұмыс жасауға жоспар құруым керек деп шештім. Сабақ өткізу барысында оқушының топпен бірге жұмыс істеу оқушының дамуына көп көмек беретінін байқадым.
Сыныптағы үлгерімі төмен, енжар оқушы да топпен бірігіп отырып, жұмыс істегенде өзінің сыныптастарының ойын тыңдау арқылы оның түйсігінде кішкене болса да ақпарат қалады, соның нітижесінде ол оқушы қызығушылық танытады, топтық талқылауға да қатысу мүмкіндігі туатынын байқадым. Менің сыныбымда Саятбек деген оқушым үлгерімі төмен өзі көп сойлемейтін оқушым еді. Саятбек сабақта берілген тапсырма бойынша керекті материалдарды оқулықтан іздеп қызығушылық танытып, топ атынан шығып тұжырымдамалық картаны қорғауға ат салысты. Әрине, өз ойын бірден толық жеткізген жоқ, бірақ оның тобындағы оқушылар көмектесіп отырды.
Сыныптастары онын ойын бағалайтыны, өзінің ойын айтқаны оқушы көзінен ризашылықты байқадым. Білім деңгейі төмен болса да топпен бірге жұмыс атқарған кезде оқушы өзінің керектігін сезінеді, қалайда өз үлесін қосқысы келіп отырады, егер топ арасында ынтымақтастық атмосфера болса ол оқушыны топ мүшелері міндетті түрде байқап, ойын іс-әрекетін бағалайды. Хеттидің ойы бойыша үлгерімі төмен оқушы белсенді болмасада оқуға деген қызығушылығын дамытуға болады деп өз тәжрибесімен ой бөлісті. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу, мұғалім еңбегінің жауапты іс екенін білемін. Кембридж Университетінің әдіс-тәсілін толығырақ меңгеру педагогикалық қызметіндегі теориялық білімді тәжірибемен байланыстырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді іске асыру үшін бұл курс білімінің маңызы мен үшін зор болды. Бағдарлама мазмұны оқыту әдістері заманауи идеялары жеті негізгі модуль түрінде көрсетілген.
Бұл модульдердің барлығын өз сабағымның барлығында кіріктірілуін қадағаладым. Өз тәжірибемде оқыту мен оқудағы жаңа тәсістерді енгізгеннен кейінгі өзгерістерім. Дәстүрлі сабақ беру әдісінде оқушылар екі – екіден үш қатарда отырады, назарлары мұғалімде. Мұғалім сабаққа кіргеннен сабақты түсіндіреді, дайындап келген білімін береді, аяқталғанға дейін сөйледі. Оқушылардың назары үнемі мұғалімде болу керек, ойын ашып айта алмайды, сыныптың үздіктері ғана өз ойларын жаттанды түрде айтады. Берілген тапсырмаларды оқушылар еріксіз орындай салады. Сабақ соңында бағаны дауыстап күнделіктеріне қойып береді. Сындарлы оқытуда оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды назарлары бір – бірінде, оқушылар өз пікірлерін білдіреді, маңызды роль атқарады. Жас ерекшіліктеріне сәйкес отырғандықтан құрдастар бірін-бірі оқытады, бір-бірінен үйренеді. Білім алуда белсенділік танытады, өзін және сынптастарын бағалайды. Тәжірбие өткізу кезінде менің сыныбымдағы оқушылар арасындағы өзгерістер. Мысалы: топтасып отырған кезде бір – бірмен пікір алмасып, білмегенін сұрап, ойына түйіп отырды. Менің қолданған әдіс-тәсілдерім сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатымен мен стикер арқылы оқушылар өз бетінше топтарын тауып отырды. Әр сабақта түрлі топ мүшелерімен отырған оларға әсерлі әрі қызықты болды.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер дәстүрлі сабақ беру кезінде жай ғана ұйымдастыру кезеңімен шектелетін. Ал мен жаңа әдіс бойынша әдіс-тәсілдерді қолдандым. Мысалы: төрт сабақта төрт түрлі тренинг өткіздім олар «көктемгі гүлдер», «Мозайка», «Наурыздағы шашу», «Мақалды құрастыр» әр тренингін өз мақсаты бар. Топтастыру барысында түрлі стикерлерді түрлендіріп пайдаланып топқа бөлуді үйрендім. Қызығушылықтарын ояту барысында ескі білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында да түрлі тәсілдер қолдануға болады. «Миға шабуыл» «Түртіп алу» тағы да басқа көптеген әдіс-тәсәлдерді сабақтарымда қолдана отырып, оқушының табысқа жетудегі дамуына ықпал жасауға әрекет етемін өз білімімді толықтыруда ізденіс үстіндемін.
Диалогті оқыту мұғалімнің ұйымдастыруына қарай педагогиканың бостандығын пайдалана отырып, тәртіпті, сабаққа белсенді ат салысатын оқушылар бір-бірімен сұхбаттасу барысында сабақтың тақырыбын ашатын топтар құру. Топ мейлі ол кіші немесе орташа топ болсын бастысы ол топ өз ережелерін ұстанатын, бір-бірінің сұрақтарына жауап беретін, ынтымақтасып жұмыс жасай алатын топтар болуы тиіс. Мен сабақта бағыт-бағдар беруші мұғалім болдым. Дұрыс бағдар бере отырып мен оқушыларға сұрақ қою еркіндігін бередім.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде қандай жұмыстар жасаймын?
Сыни ойлау «СЫН» сөзінің төркіні болғанымен сынау, сын айту мінеу денеген түсінікті бермейді. Бұл –шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни ойлау өзіндік ойлау және жеке ойлау. Сыни ойлау барысында әркім өз ойын пікірін басқалардын тәуелсіз құра алады. «Мен ойлаймын-жақсы, біз ойлаймыз-одан да жақсы» деген ұстанымда жұмыстар жасауға бағыт бағдар беремін.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды сабақтарымда қалай қолданамын?
Сабақ барысында бағалаудың екі түрін үйрендім ол формативті бағалау және суммативті бағалау. Сабақ үстінде формативті бағалау өте ыңғайлы және нәтижелі болып шықты. Бағалау кезінде сабақ үстінде оқушыларға арнайы смайликтер, бағалау парақтарын, стикерлер таратып бағалау тәртібін түсіндіріп отырдым. Бұл бағалау әдісі оқушыларыма ұнады, менің жұмысымды жеңілдетті.
Менің сабағымда АКТ-ның қаншалықты маңызды ?
Маңызы өте зор. Себебі, ноутбук арқылы, оқушылар дайындалған бейнефильмдер көріп сабақ не туралы болатынын болжап отырады. Слайдттар арқылы тақырыптар мен мақсатарымен танысып кейіпкер бейнелеріне назара аударып отырады. Келесі жылы бізде жаңа мектеп салынып ашылады мектебімізде барлық АКТ-құралдары болады деген сенімдемін. Мектебіміз кіші болсада проектор бар компьютерлер бар осы АКТ- ларды пайдаланып, сабағымды түрлендірдім.
Таланты және дарынды балаларды оқыту.
Қаблетті дарынды таланты деген ұғым қандай қалай анықтаймыз? Дарын деген сөздің өзі айтып тұрғандай дарындылық – ол табиғаттың адам бойына сыйлаған сыйы. Талантты қабілетті дарынды деген ұғымның мағынасы бір деп ойлаймын. Оқушы бойынан дарындылықты анықтау үшін біраз уақыт керек, бірақ кейбір бала өз дарындылығын көрсете алмай қиналады, сондықтан дарындылығын ашу мұғалімнің шеберлігі деп ойлаймын. Өз тәжрибемде оқушылар арасынан бір оқушымның дарындылығын байқадым, енді бұдан ары ол оқушыға арнайы тапсырмалар беріп отыруға тырасымын. Мен үшін оқушымның жетістігі – үлкен мәртебе. Сол оқушының талантылығы мен дарындылығы – мұғалімнің еңбегі. Дарынды баланың ойы ұшқыр, жүйрік болады дарындылығын біле тұра оқушыға сол дағдыдағы тапсырмалар берілу тиіс. Үй тапсырмасы бойынша А деңгейдегі оқушым «Бес жолды өлең» жазды. Сыныптастарынан бұрын жазып байсалдылық танытып отырды. Мен оның тапсырманың аяқтағанын байқап жазған эссесін оқып беруін өтіндім. Өз жасындағы балалармен салыстырғанда ол баланың ойы тереңде жатқанын байқадым. Демек ол оқушымның ой қабілеті жоғары – шығармашыл тұлға деп айтсам да болады.
Мен жас ерекшіліктеріне сәйкес оқыту модульін іс-тәжірибемде қалай қолдандым десем, сабақ барысында жас ерекшіліктеріне сәйкес тапсырмалар әзірлеп бердім, берілген материалдарды меңгеріп, есте сақтауларына, тақырыпты қабылдауына мән беріп отырдым. Олардың шапшаңдылығы мен тез қабылдауына көзім жетті. Менің сабақтарымда пайдаланған бағдарламадағы жеті модуль менің бүгінгі сабақтарыма өзгеріс енгізді. Түрлі әдіс –тәсәлдідер бойынша оқушыларымның жұмыс атқарғандары, сөйлесу мәнері жоғарлағанын, дәлелдеме келтіре алатындары мен үшін жұмысымда өзгерістер болды. Сабағымда оқушыларды топтасып, жұптасып жеке өз ойларын білдіруге мүмкіндік бергенім, тұжырымдамалық карта құрастырып маркерлермен жұмыс атқаруға шығармашылықтарын қағаз бетіне түсіргендері ол менің іс-тәжірибемнің нәтижесі. Топ ішінде идеяларды алға жылжыту үшін де шеберлік керек сондықтан оқушылар арасынан топ басшылары да анықталды.
Кезекті екінші бетпе-бет кезеңіне келгенде, өзіммен бірге дәріс алып жүрген әріптестерімен пікірлері мен кеңестерімен алмасып, өз сабағыма біраз өзгерістер енгіздім. Тәжірибеде өткен сабақтарымызды ортаға салып талқыладық. Мен үшін іс-тәжірибе кезінде не кедергі болды?
Жалпы тәжірибие кезінде мен үшін кедергі болған уақыттың аздығы, уақыт зымырап тез өтіп кетеді, оны тек қана мен байқаған жоқпын оқушыларым өздері де айтты бұрын сабақта сағатқа қайта – қайта қарап сабақтың аяқталғанын күтуші едік, ал бүгін уақыт жетпей қалып жатыр деп ойларын білдірді. Бағалау кезінде кейбір оқушылар өз достарына дұрыс баға бере алмауы, үлгерімі төмен оқушылардың бағаларын кемітуі. Келесі сабақтарда олар бағалауға шынай көзқараспен қарағандары ұнады.
Қорытып айтсам мен өз тәжірибиемде оқушылармен жаңа әдіс-тәсілдер арқылы әр оқушының ынтасының артқаны, ой қажеттілігі, өз ойларын білдіріп ортаға салуы, топтық жұмысқа белсене қатысуларын бақылап отырдым. Егер де мен кез келген сабағымды осындай әдіс-тәсілдермен ұйымдастырсам баланың ізденуін, шығармашылық қаблетін дамытатыныма сенімдімін. Мен оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы, үндесе білуді үйрендім. Әріптестерімен кеңесіп, пікір алмасқаным олардың ойлары пікірлері құнды екенін білдім. Оқушылар арасында көшбасшы болып оқушылардың өздерінің топтық жұмыстарында басқарушылық қаблеттерінің артуына ықпал еттім. Мен көшбасшы ретінде әріптестерімді қызықтырдым, болашақта жаңа әдістермен бөлісемін. Мен осы курстан алған білімімді әрі қарай жетілдіріп, өзімді саналы тиімді мұғалім болуыма бар күш жігерімді саламын. Мен бағдарламадағы модульдер бойынша көрселген сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімнің бірімін деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі.» ДББҰ,2012 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген