400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім бойынша есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
оооооооооооооооооооооо
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адилбекова Меруерт Кайратдиновна Мұғалім портфолиосы В1 есебі

7-топ 3 деңгей

Тараз қаласы 15.04.2015


Орта мерзімді жоспар


Тараудың тақырыбы: «МАСАТЫДАЙ ҚҰЛПЫРАР ЖЕРДІҢ ЖҮЗІ»


№

Сабақ тақырыбын оқып үйренудің негізгі мақсаттары

Оқып үйренудің нәтижелері

Табыс критерийлері

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бағалау үдерісі оқыту үшін

бағалаудың қамтылуы

Оқу үдерісіне барлық оқушылар-дың татылуы

Тілдік кедергілерді жою

Негізгі дерек көздері

1

Абай Құнанбаев «Жазғытұры»

Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы білімдерін тереңдету. «Жазғытұры» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру.

Абай Құнанбаев туралы білді. Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Өлеңдегі таныс емес сөздердің мағынасын ашты. Көктем мезгіліне тән құбылыстарды ажыратты.

Топтастыру «Болжау» әдісі Сұрақ-жауап Диалог әдісі «Кім жылдам?» ойыны. Эссе жазу

Фишка арқылы бағалау.

Бағалау критерийлерімен бірін – бірі бағалау.

Басбармақпен бағалау.

А.Құнанбаев тың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Көктемнің басқа мезгілден ерекшелігі неде?

Жазғытұры, масатыдай сөздерінің мағынасын ашу.

3-сынып Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2014

Ғаламтор «Google», «Яндекс»

2

Көктем сәні (ертегі) Мақсаты: Ертегінің мазмұнымен таныса отырып, көктемнің табиғат сұлулығын бағалауға үйрету

Болжай отырып, ертегінің мазмұнымен танысты.


Ертегіні оқи отырып, өмірмен салыстырды.


Көктем сәнін анықтап тапты.

Топтастыру. Миға шабуыл «Кубизм» ойын «Аквариум» ойыны Диалог әдісі

Мадақтау

Фишка арқылы бағалау. Топ басшылары өзге топ оқушыларын бағалайды Қол соғу арқылы бағалау.

Кері байланыс

Көктем сәні туралы айтқан аңдар пікірімен келісесіңдер ме?

Хош иіс, салқын самал, жасыл желек, жігер тіркескен сөздердің мағынасын түсіндіру.

3-сынып Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2014

Ғаламтор «Google», «Яндекс»

3

Міржақып Дулатов «Қош келдің, Наурыз!» Мақсаты:Мәтіннің мазмұнын талдай отырып, тақырыптың идеясын ашу.

М.Дулатовтың қысқаша өмірбаянымен танысып, Наурыз мерекесі туралы ойларын жеткізді.

Топтық жұмыс жасай отырып, бір-бірімен пікір алмасты.

Наурыз – ұлттық мерекесі туралы түсінді.

«Ой шақыру»

«Миға шабуыл»

«ЖИГСО» әдісі

Эссе жазу 5жолды өлең Диалог әдісі

Мадақтау

Бағалау парақшасы арқылы көршісін бағалау.

Бірін – бірі смайликтермен бағалау.

Кері байланыс

М.Дулатовтың

тағы қандай шығармаларын білеміз?

Неге Наурыз Ұлыстың Ұлы күні деп аталады?

Байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің арқауы, шаруа кенеледі сөздерінің мағынасын ашу.


3-сынып Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2014

Ғаламтор «Google», «Яндекс»


4

Еңбекпен тапқан тиын (ертегі) Мақсаты: Грузин халқы және ертегінің негізгі түйіні туралы түсінік беру.

Грузин халқы туралы біліп, еңбек – адамның көркі екенін түсінді.

Болжай отырып, ертегіні жалғастырды, еңбек туралы ассоцация жасады. Еңбектің идеясын ашты. Еңбек пен жалқаулықты ажыратты

Ой шақыру

«Аялдамамен оқыту»

«ЖИГСО» әдісі

Ой толғаныс

ИНСЕРТ әдісі

Эссе жазу 5жолды өлең

Мадақтау

Бағалау парақшасы арқылы көршісін бағалау. Смайликтермен бағалау. Фишка арқылы бағалау.

Мәтінді неге «Еңбекпен тапқан тиын» деп атаған?

Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

Кәрілік тірнектеп, ымырт жабылған, бұлжытпай сөздерінің мағынасын ашу

3-сынып Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2014ж

Ғаламтор «Google», «Яндекс»






















Орта мерзімді жоспарлау туралы рефлексивті есеп

Бірінші бетпе-бет аяқталысымен енді не істеуім керек? Неден бастаймын? Қалай сабақты жүргіземін? Деген сұрақтар мені мазалай бастады.Мен өз жұмысымды ең алдымен жоспарлаудан бастауым керектігін түсіндім. Содан кейін Мектептегі тәжірибие кезінде ұйымдастыру жұмыстарынан кейін таңдаған төрт сабағымның тақырыбына байланысты орта мерзімді жоспарлауға кірістім. Себебі, жұмысымның ең маңызды бөлігі осы. Ең алдымен, тақырыптарға мақсат-міндет қойып, күтілетін нәтижелерді анықтадым. Күтілетін нәтижелерді іске асыру жолында сабағымның тақырыбы мен мазмұнын ашатындай, оқушылар алған білімін сабақ барысында өмірінде қажеттігіне пайдаланатындай етіп есте сақтаулары үшін жеті модульді қамтитындай әдіс-тәсілдерді жүйеледім. Орта мерзімді жоспарды құру мақсатым: Мектептегі тәжірибе оқытудың екінші кезеңінде оқу жоспарды құру барысында сабақтың тиімді болуы үшін дәстүрлі сабақ беру әдістерінің орнына жаңа әдіс –тәсілдермен ауыстырып өзгерістер енгіздім. Өткізетін сабақтарымның әр қайсысына бағдарламадағы модульдерді кіріктірдім.Топтастыру арқылы диалог құрылады, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпты дұрыс түсініп, өмірмен байланыстырады деп сенемін.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. (Strong, Ward & Grand, 2011)

Модульдерде көрсетілген әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалансам біріншіден оқушылардың білім сапасы артып, проблемалық сұрақтарды шеше алады, сыни тұрғыдан ойлау мүмкіншіліктері туады, АКТ-ны пайдалану арқылы бос уақыттарын тиімді пайдалана алады, қызығушылықтары артады деп ойлаймын. Сабақ үстінде ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырудағы мақсатым, оқушының сабаққа деген көңіл – күйін көтеру. Әңгіме құру барысында оқушылар сұрақ – жауап арқылы өз ойын еркін білдіреді. Осыны ескере отырып зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме жүргізілуде оқушының қарым – қатынасы артады. Осы әдіс-тәсілдердің арқасында менің құрған жоспарым ойдағыдай шықты деп ойлаймын. Байқағаным топпен жұмыс барысында сабақ бұрынғыға қарағанда табысты болады деген сенімдемін. Төмен деңгейдегі оқушылар кеткен кемшіліктерді өзара талқылайды. Оқушылардың сөздік қорлары артып, сыни тұрғыдан ойлауға көп пайдасы тиеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі