ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
The article is devoted to the training of English teachers according to the updated curriculum, the content of the training of future English teachers is determined by methods, innovative is determined by ways of implementation using technology, and then their professional level increases, the effectiveness of solving emerging psychological problems increases because it shows the effectiveness of teaching a foreign language as well as new innovative technologies for future teachers of English psychological problems arising in preparation for theoretical and scientific-methodological substantiation, generalization in practice, methodological and scientifically based preparation of proposals is provided.
Key word: innovative technologies, methodology
Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру,сонын ішінде өзге тіл Ағылшын тілі оларды тиімді қолдану міндеті тұр.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып Ағылшын тілін үйретуге және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Ағылшын тілін заманауи тиімді әдіс-тәсілдеріне жекелеп шолу жасап кеткенді жөн көріп отырмын.
Ағылшын тілі сабағында балалар ұмытпай еркін қолданатындай болу керек.
Ендеше тыңдалым,айтылым,жазылым,оқылым дағдылары бойынша өз тәжірибемде жиі қолданатын әдіс-тәсілдерді бөліскенді жөн көрдім.
Тілді меңгеруде ең басты мақсаты – айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу керек.Айтылым адамдардың бір -бірімен ақпарат алмасу ,хабарлау сияқты процесстермен іске асады. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың айтылым дағдысына үлкен мән берген жөн.Әр сабақта, әр оқушы өз пікірін ортаға салып ,ойымен бөліскен жөн.Айтылым дағдысын жетілдіру үшін диалог,зөлдік ойын,интервью,монологты қолдануға болады.
Түрлі жағдаяттар,рөлдерге
бөліп ойнау,бір-бірін тыңдап ,сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс
-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды.Сонымен қатар ойлауды қажет ететін
тапсырмаларды қолданған кезде,оқушылар оларға анализ жасап,өз
пікірлерін қорғауға,дәлелдемелерді келтіріп айтуға
дайғдыланады.
Жаттығу түрлеріне байланысты сөйлеуге үйретуге болады.Диалогты
сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап,өтініш айту,нұсқау беру және тағы
басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы , әр
түрлі
сұрақтарға жауап бере алуы,өтініш бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым ісәрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе 12 келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады .
«Warming up» жаттығуы. «Do you know?» What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London? Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бет бұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысында мен жылы дауыспен, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлап аламын содан оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түсемін. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. Әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және 13 сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
«Brainstorming» әдісі. Бұл әдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:
Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,
Think of as many things as you can that are
How many methods of travel can you think of?
What if you were caught in an avalanche?
What if tobacco wasn’t brought to Europe?
Сабақта Интернеттен алынған әндермен қоса, ән туралы қызғылықты қысқаша деректер, әннің нотасын және фразаларды қолдануға болады. Әннің мәтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б
«Алфавит»
(“Alphabet”) ойыны Мақсаты:
ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты:
Тақтаға «А»,
«В»,
«С»
сияқты алфавиттің үлкен әріптер ілініп қоямыз.
Ал,
оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.
Жазылымды үйретудегі мәселе грамматика болып табылады. Джеймс Д. Виллиамстің «Жазылымды үйретуге дайындалу» деген еңбегінде Вайз (2001) интенсивті грамматиканы үйретуде жұмысты орындауды жақсарту туралы дәлелдемелер жоқ екенін жазып өтен [3]. Дегенмен, Джон Фостер ағылшын тілінде сөйлеуде сөздер қалай бір-бірімен байланысатындығы және жазылым тілдің құрылымы ретінде танылатыны туралы айтады. Құрылым мен ережелер грамматика деп аталады. Сонымен қатар онда жазуды алдымен сөйлем құрылымынынан бастауды және біртіндеп күрделі сөйлемдерге т. б. көшуді ұсынады. Грамматиканы білетін ағылшын тілін екінші шет тіл ретінде үйренушілерді бақылай келе, оларға жазуда сенімділік беретінін және сөйлемдерді дұрыс құруда аса маңызды екендігі туралы атап көрсетіледі [2].
1. Сөйлем
құрылымындағы қателіктер
2. Сөйлемдерді
өзара байланыстыра білмеу
3. Абзацтарды
дұрыс байланыстыра алмауы.
4. Ағылшын
тіліндегі артикльдердің дұрыс
қолданылмауы.
Сөйлем құрылымын үйрету үшін оқушыларға хат жаздырдық. Оқушылар жазған хаттары бойынша жақсырақ нәтижеге қол жеткізгенін байқадық. Алайда сөйлем құрылымын үйрене бастағанымен, грамматика жағынан әлі мәселенің шешілуі баяу жүргендігі байқалды. Оқушылар ережелерді білгенімен, жазылым кезінде сол білімді жеткілікті қолдана алмады. Ол үшін оқушылар жұмыстарының алғашқы нұсқасы тексерілген соң, кері байланыс берілді. Содан кейін оқушылар сол кері байланысты ескеріп, жұмысты қайта қарастырып және терең талдау жүргізді. Ағылшын тілін үйренуде жазылым дағдысын дамыту үдерісі бойынша жұмыстың екінші нұсқасы жазылуы керек.
Оқушыларға ағылшын тілінде
жазылым дағдысын қалыптастыруда сөйлемнің дұрыс құрылу структурасын
дұрыс үйреткен жөн.Сөйлем – Бастауыш-
Баяндауыш-Анықтауыш-Пысықтауыш-Мезгіл пысықтауыш.Сөйлем құрар
алдында қай шақта сөйлейтінін білу керек.Осы шақ,Өткен шақ,Келер
шақ.Сол шақтарға сүйене отыра көмекші етістіктермен сөйлем құрап
жазады. 
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі.
Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал.
Тиімді оқылым дағдылары: Скимминг (шолып оқу ). Көзіңді жүгірт
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Мақсаты: кітаптың қаншалықты пайдалы болатындығын анықтау. Мысалы, сіз кітап дүкенінде екеніңізді және қай кітапты сатып алуды әлі шешпегеніңізді айтыңыз. Сіз күрделілікті бағалау үшін, тілді сезіну үшін, диалогтар бар-жоғын білу үшін бірнеше парақ оқыдыңыз. Кітаптың дәмін көру үшін мазмұнды қарап, барлық тараулардың алғашқы сөйлемдерін оқып білуге болады.
Пайдасы: сізге белгілі бір кітап қажет пе, жоқ па, соны шешуге көмектеседі. Мәтіннің стилі мен ұйымдастырылуына шолу жасайды.
Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, тест оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқу.
Сөз мағынасын мәнмәтіннен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
Мақсаты: мәтіндегі белгілі бір ақпаратты табу, мысалы, басты кейіпкерді сипаттау. Бұл оқуға дайындық кезеңі, сіз мәтінді таныс емес сөздердің бар-жоғына сканерлеп, жазып алып, содан кейін ешнәрсе қиналмай мәтінді оқи аласыз.
Пайдасы: мәтіндегі нақты ақпаратты жылдам іздеу дағдысына машықтану.
Белсенді оқу және пассивті оқу
Сізде мұндай жағдай болды ма: сіз 20 бет оқыдыңыз, бірақ олардың мазмұны есіңізде жоқ па? Сіз пассивті оқумен айналысқаныңызға байланысты. Оқу да белсенді болуы мүмкін. Бұл екі әдіс әртүрлі мақсаттарға қызмет етеді. Сіз ләззат үшін оқитын болсаңыз, парақтарды ашып, оқуды жағымды жағдай ретінде қарастырсаңыз бұл пассивті оқу.
Мәтінді белсенді түрде оқығанда, сіз әр сөз бен сөйлем туралы ойланасыз, қатыса отырып оқисыз немесе белгілі бір ақпарат іздейсіз. Сонымен бірге сіз қандай мақсатта оқып отырғаныңызды, мәтін не туралы екенін білесіз.
Мақсаттарыңыз туралы шешім қабылдағаннан кейін, сіз оларға әртүрлі оқу режимдерімен қол жеткізе аласыз.
Коммуникативті белсенділіктің бір түрі
ретінде тыңдалымның сөйлеу ерекшелігі ағылшын тілін меңгерудің жеке
кезеңдерінде ерекше рөл атқарады, осыған байланысты әрбір заманауи
мұғалім немесе ағылшын тілін үйретуші міндетті түрде өз сабағына
тыңдалым тапсырмаларын
қосады.
Мақалада шет тілін оқытуда тыңдалымның
маңыздылығы қарастырылады, мәтінді тыңдау кезінде қолдануға болатын
тәсілдерді бөліп көрсетеді, тыңдау стратегияларын ұсынады, сонымен
қатар сабақтарда тыңдауды үйренудің ең ыңғайлы және кең таралған
әдісін ұсынады. Шет тілі сабағында
тыңдалымның мақсаты:
• әртүрлі қарым - қатынас жағдайларында,
соның ішінде шет тілдік құралдарда сұхбаттасушының сөзін
түсіну;
• оқу және түпнұсқалық мәтіндерді олардың
мазмұнына ену дәрежесі мен тереңдігі әртүрлі
түсіну;
• белгілі бір дағдыларды
қалыптастыру;
• белгілі бір оқу дағдыларын
дамыту;
• бір сөздің мағынасын түсінуге
үйрету;
• есту жадын
дамыту;
• ақпарат ағымындағы басты мәселелерді бөліп
көрсетуге үйрету;
• сөйлеу материалын есте
сақтау
Ағылшын тілінде тыңдалымды меңгеру барысында
оқушылар немесе студенттер лингвистикалық жоспардың бірқатар
қиындықтарымен кездеседі: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық.
Бірінші сыныпта, мысалы, дыбыстарды есту арқылы ажырату ерекше
қиындық тудырады: [æ — e], [o: — ə], [e — i], [i: — i]. Мұны біле
отырып, мұғалім осындай қиындықтарды жеңілдететін жаттығуларды
қолданады. Ол студенттерге дыбыстарды оқшауланған және комбинацияда
ажырата білуге, [s], [z], [b] және [р] айтылуындағы айырмашылықты
естуге, бойлық пен қысқалықты естуге, Дыбыстардың сандық және
сапалық сипаттамаларын, ритмдық, екпінін және олардың мағыналық
функциясын тануға үйретеді
[3].
Оқу процесінде тыңдалым мақсат ретінде де,
құрал ретінде де әрекет етеді. Құрал ретінде оны келесідей
пайдалануға болады:
1. Оқу процесін ұйымдастыру
тәсілі.
2. Тілдік материалды ауызша енгізу
әдісі.
3. Сөйлеу әрекетінің басқа түрлері бойынша
оқу құралдары.
4. Алған білімдерін, дағдыларын бақылау және
бекіту құрылғысы.
Сонымен қатар, тыңдалымда материалды игеруде
оқушыларға арналған көптеген жаттығулар түрлері қолданылады.
Тыңдалымды қалыптастыруға арналған жаттығу жаттығуларын бес топқа
біріктіруге болады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Леонтьев А.А. Преподавание иностранного языка в школе: мнение о путях перестройки // Иностранные языки в школе.- 1988. -№ 4
2. Колягин Ю.М., Алексеенко О.Л. Интеграция школьного обучения // Начальная школа. 1990. № 9. С. 28–32.
3. Бочарова Л.П. 1996; - 27б. «Игры на уроках английского языка в младших классах для развития речевых навыков и умений»
4. Гальскова Н.Д. 2004; - 55б. Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз