Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны-бүгінгі заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім мазмұны-бүгінгі заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақаладағы материалдың ұстаздар қауымына көмегі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2021
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім мазмұны-бүгінгі заман талабы

Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Осы орайдағы білім,ғылым саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Міне, білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Ел ертеңі үшін алаңдаған ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаз үшін кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған ұлы міндет- ғылым мен техниканың даму деңгейіне сай білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсат аясында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Бағдарлама мынадай міндеттерді қамтиды:

  1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету

  3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Желтоқсан айының 21-25 күндері аралығында «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ мекемесі басшылығымен педагог мамандарды қашықтан оқыту форматындағы «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін жоспарлау» тақырыбында біліктілік арттыру курсы ұйыдастырылып,бірнеше әріптесіммен бірге білімімді жетілдірдім.

Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесімен таныстырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерткен бұл курстың нәтижесінде мұғалімдерге ауыз толтырып айтарлықтай әдістемелік көмек көрсетілді. Топтағы әр ұстаз әріптестермен бірге оқу бағдарламасының құрылымын талдай отырып,тренер жүргізген диалог барысында ұзақ мерзімді,орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспар жасаудың мақсат-міндеттері жайында көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алды.

      Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін-тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды- жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын қарапайым бақылауға, тәжірибе арқылы білімінің қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған. Осындай жаңашыл бағыттың жаршысы болып, көптеген ұстазға білім мазмұнын жаңарту курстарын сапалы өткізуде көп көңілінен шығып жүрген «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының Филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Гүлдариға Мамутоваға алғысымыз шексіз.

Қорытындылай келе, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын. Жаңа бағдарлама бойынша көкейге түйгенім- алдымызға мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бойдағы бар күш-жігерімді салып, еліме пайдамды тигізсем, білімді жастарымыздың көбеюіне ықпал етсем, бұл өмірде бір кірпіштің болса да түзу қалануына қосқан үлесім болар еді деп ойлаймын.

   



Гүлжан Оразалиева



«Бейнеу лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бейнеу ауданы



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!