Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны: Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді стратегиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім мазмұны: Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді стратегиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
? Бұл терминге анықтама беру оңай емес: ол қабілеттер мен құндылықтарды және түрлі әрекеттер сияқты әр түрлі өлшемдерді қамтиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім мазмұны: Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді стратегиялары


Оқыту өмірге дайындау емес, өмірдің өзі”, – дейді Дж.Дьюи. Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру – мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани  азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп,  өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. 

Қазіргі кезде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын тәжірибеге енгізілді. Ол – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір – түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Канзастан бастап Қазақстанға дейінгі, Мичиганнан Македонияға дейін мектеп мұғалімдері мен университет оқытушылары өз оқушыларының бойына сыни тұрғыдан ойлау қабілетін сіңіруге  ұмытылады. Біз сыни ойлауды ерекше, теңдессіз, ХХІ талаптарын жақсылап орындап шығуға мүмкіндік беретін және оқып үйренгендерімізді тереңірек түсінуге көмексетінін білеміз.

Дей тұрғанмен де, сыни ойлау дегеніміз не? Бұл терминге анықтама беру оңай емес: ол қабілеттер мен құндылықтарды және түрлі әрекеттер сияқты әр түрлі өлшемдерді қамтиды. Терминнің анықтамасын айтпастан бұрын сыни тұрғыдан ойлауға жатқызуға болмайтын ой әрекетінің бірнеше түрлерін қарастырып өтейік. Жай ғана есте сақтаудың сыни ойлауға жатпайтындығымен келісуге тура келетін шығар.   Есте сақтау маңызды ойлау операциясы да, онсыз сабақ процесін көз алдымызға елестету мүмкін емес, бірақ сыни ойлаудан оның түбегейлі айырмашылығы бар. Әрқайсымызға қарағанда компьютердің есте сақтау қабілеті ерекше, бірақ оның есте сақтау қабілетінің сыни ойлауға жатпайтынын түсінеміз.

Ал сыни  тұрғыдан ойлау болса, жаңа идеялар тексеріліп, бағаланғанда және дамып, қолданылғанда іске асады. Фактілерді есте сақтау мен идеяларды түсіну сыни тұрғыдан ойлаудың алғы шарттары болып табылады, дегенмен олар жинақталғанда да сыни ойлау құра алмайды. Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше, өйткені ол – ұзақ мерзімді, бір мезгілде әр түрлі 24 және экстраординарлы елдердің Орталық және Шығыс Европа мен Орта Азиядағы көпұлтты мектептерін қайта құру үшін қолданған жоба. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі университет оқытушыларымен  бірге барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктіреді.

Аlvermann, Smith and Readence, Anderson, Hierbet, Scot and Wilkinson, Pearson and  Fielding, Rosenblatt  және тағы да басқа еңбектерін басшылыққа ала отырып, «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» 3 фазасы анықталған. Бұл үш саты өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану, Ой толғаныс. Алғашқы фаза  – қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерелеріне еніп,  жаңа білімге мазмұн қалап, тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.

Осы алғашқы фазада  оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды. Қызығушылықты ояту  – оқушылар үшін сабаққа  қатысудағы алғашқы қадам. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын, болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.

Дәстүрлі оқытуда қызығушылықты ояту көбіне қалып кетіп жатады. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып келеді деп ойлайды. Солай болады, бірақ көп жағдайда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылықтарын оятып алып, бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта құру керек. Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Сабақты басқаратын талқылау, кітап оқу, видео, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын осы 2-фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен  кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының міндеті – мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу.

Тиімді түрде  білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет. Мағынаны тану фазасында оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Ой толғаныс – үйрету үрдісінің соңғы фазасы болады да, бұл  кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерінөз сөздерімен жеткізіп бере бастайды.

Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласу  үшін бұрынғы мәліметтерімен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен, құрылыммен қамтамасыз ету – бұл фазаның мақсаты. Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт. Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Оқушылар ойын нақтылайды, достары мен мұғаліммен кері байланыста отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше олардың үйренетіндері бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі.

ҚМО құрылымы үйрету процесін  түсінудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизмі ретінде қызмет атқарады. Бұл мұғалімдер өз сабақтарында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектескен стратегияларды біріктіре алатын үлгі. Сын тұрғысынан ойлау саласында қызмет ететін мұғалімдер шыдамдылық пен басқаны таңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапаларды өңдеуге ерекше назар аударады. Осылайша мұғалімдер сабақ процесін класс бөлмесінен тыс жүріп жатқан шындық өмірге едәуір жақындата алады.

Кез келген педагогикалық қызмет идеалды қоғам құруға бағытталады, осы жағынан алғанда сын тұрғысынан ойлау негізінде тәрбиеленіп жатқан мектептердегі бір кластың өзі үлкен мақсаттарға жетуге жасалған қадам болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ХХІ ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет. «Оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиялары сабақтарда баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететін,  оқушылар – оқудың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!