Тақырыбы:
Жаңартылған білім мазмұнын игерудегі сын
тұрғысынан
ойлаудың тиімді
стратегиялары
Мақсаты:
• Жаңартылған
білім мазмұнын игеруде сын тұрғысынан ойлау әдісінің тиімділігін
тәжірибеде көрсету
•
Оқушы дүниетанымын кеңейтуге бағытталған пәндік ұғымдарды
сабақтастыру
I
Кіріспе бөлімі
Қазақстанның
әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының
стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім
жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік
үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап
етуде.
Білім бере
отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың
мақсаты екені анық.
Білім мазмұнын
жаңартудың ғылыми негізінде оқушы білімді, сауатты, өз ойын дұрыс
әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті
тұлға.
Жаңартылған білім мазмұнын игеруде сын
тұрғысынан ойлау әдісінің тиімділігін тәжірибеде
көрсету
Сыни тұрғыдан
ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар
қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін
мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек
қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді
білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала,
үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің
бірлігі.
Сын
тұрғысынан ойлау үш бөліктен
тұрады:
Біріншіден, сын
тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады.
Екіншіден , сын
тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес,
оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең
ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың
идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын
тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін
мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге
құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне
жауап беруге талпынады.
Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны
ашу,
ой толғаныс
кезеңдерінен түзіледі.
Сабақта оқушыға
білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы
баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр
түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,
іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның
басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы
оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең
білім беру.
Бұл бағдарлама
Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп
келеді.
Жаңа технология
ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала
бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың
басты міндеті.
Бұл бағдарлама
оқытудың 60 түрлі стратегияларынан, яғни, әдістерінен тұрады.
Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды
дамыту.
Сабақтың
мақсаты:
а)
қызығушылықты ояту – сұрақ
қою;
ә) мағынаны
ажырату – жауаптар іздеу, мәселені
зерттеу;
б) ой толғаныс
– ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш
фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда
ұйымдастыру.
Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының
жетістіктері:
-белсенді
шығармашылықты ойлауға негіз
қаланады;
- мұғаліммен
еркін сөйлесіп, пікір
алмастыруға;
- бір-біріне
құрметпен қарауға;
-бір-бірінің
пікірін тыңдау,сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі
қаланады;
- өзін жеке
дара тұлға ретінде тануға жол
ашуға;
- өз ойын ашық,
еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі,
бірін-бірі бағалауға;
- достарының
ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектеседі.
Қазіргі жаңартылған білім мазмұнының талабына
сай білімді, жан-жақты, дарынды, талантты ұрпақ тәрбиелеу біздің
міндетіміз. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты
ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға
тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Мен оқыту тәжірибемде жетістіктерге
жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын
еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру
емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс
жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің
биік мақсатқа қол жеткізгені
болмақ.
Оқушы
бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,ал мұғалім осы
әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын
тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге
бағытталған бағдарлама. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса
да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз
көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын
тұжырымды жеткізе алады.
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін
диалогтың, соның ішінде жұптық әңгіменің орны басым.(«РАФТ – 2»
стратегиясын қолдану тиімді.)
Сыни
тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме кезінде
оқушылардың бойында жеке ерекшеліктерін байқадым, пікірлерінің
құнды екеніне көз жеткіздім.
II
Практикалық бөлімі
Жаңартылған білім мазмұнының талабына сай
қарапайымнан күрделіге біртіндеп өту көзделеді. Осыдан келіп, сыни
тұрғыдан ойлаудың ең танымалысы болып табылатын «Блум Таксономиясы»
стратегиясына жүгінеміз.
Ең
төменгі деңгей БІЛІМ деңгейі, яғни, оқушының мектепке дейінгі
білімі немесе белгілі бір тақырып төңірегіндегі білімі болып
табылады.
Келесі ТҮСІНУ деңгейінде оқушы жаңа білім
алады. Жаңа білімді мұғалімнен және мұғалімнің нұсқауымен өз
бетінше алады. Мысалы: бала тілі дамып, сөзден сөйлем құрап
мектепке келеді. Сөздің, сөйлеудің мағынасын түсіне
бермейді.1-сыныпта сөз, сөйлем туралы жаңа білім алады. Сурет
бойынша, сызба, тірек сөздер арқылы сөз, сөйлем, одан әрі қысқа
мәтіндер құруды, оған тақырып ойлап табуды үйренеді. Жыл соңында
сурет бойынша, сызба, тірек сөздер арқылы, сұраққа жауап алу арқылы
мазмұндама жазумен аяқталады.
ҚОЛДАНУ деңгейіне 1-сынып оқушылары түгел
жете бермейді.Оқушы білгенін және түсінген ақпаратын қолданып біле
бермейді. Мұғалімнің жұмысы осы жерде көрінбек.Бағдарламада
көрсетілген жаңа білімді оқушы санасына сіңіріп, өмірде қолдана
білуге бағыттауымыз тиіс. Осы үш деңгейде бала білімі
қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге
асырылады.
Ары
қарай ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ деңгейі мәселені өз бетімен шешу,
себептерін анықтау, өзіндік ерекше бір туынды жасау, қарама-қарсы
немесе өзінше көзқарасын білдіру деңгейлеріне жеткізуді болашақтың
еншісіне қалдырамыз.
III
Іс-тәжірибемен бөлісу
Жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасында
міндетті оқу мақсаттары
көрсетілген.
Соның бірі 1.3.10.1 кодымен берілген “заттың атын, сынын,
қимылын
білдіретін
сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу “ деген оқу
мақсатына
қол жеткізуде
«Бес жолды өлең» стратегиясын
қолданудамын.
1.
НЕ?(КІМ?) Қоян
2. ҚАНДАЙ?
Аппақ, әдемі
3. НЕ ІСТЕДІ?
Жүгірді, секірді,қорықты
4. СӨЙЛЕМ Қыста
аппақ қоян секірді.
5. МАҒЫНАЛАС
СӨЗ Аң
«Ортадағы қаламсап»
стратегиясы
Топтың мүшесін қаламы арқылы
таңдаймын.
Мәтіннің
мазмұнын қалам иесінен
сұраймын.
“Топтастыру”
стратегиясы
Топтық, жұптық
жұмыстарын жүргізуде кез-келген тақырыпта қолдануға ыңғайлы
әдістердің бірі болып табылады.Баланың ойын жинақтап айтуына көмегі
мол.
“Болжау”
стратегиясы
Ертегімен
таныстыруда әр бөлім сайын болжау әдісін қолданып
отырамын.
Өзін-өзі тану
сабағында «Құмырсқа» атты мәтін 4 бөліктен тұрады. Әр бөліктен соң
келесі бөлікте не болатындығын оқушылар
болжады.
Достарынан
бөлініп кеткен құмырсқаның шаруасы
бітпейді...
Бірігіп шешкен
іс жеңіл болады...
деген сияқты
шешімдерді оқушылардың өздері шығарып
отырды.
«Қайыңның көз
жасы», «Құмырсқа жараланбасын деп...» сияқты мәтіндерді таныстыруда
мәтіннің жалғасын алдын-ала болжау арқылы табиғат жана-шырларының
үнін тыңдауға болады.
Сауат ашу
пәнінің 2- бөлімінде берілген мәтіндер мен әңгімелерді оқытуда осы
әдісті қолдану өте тиімді болары сөзсіз. Оқиғаның қалай аяқталатыны
баланың қызығушылығын оятады.
«Көрнекілік»
стратегиясы
Сауат ашу
сабақтарында суретпен жұмыс жасауға көп уақыт
берілген.
1.2.5.1 Мәтін
иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа
жауап беру;
1.1.4.1
Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша
болжау;
оқу
мақсаттарына жету үшін осы әдісті пайдаланудың пайдасы
зор.
«Сұрақ қою»
стратегиясы
Сурет арқылы
немесе мәтін мазмұнын шығарып алу мақсатында «сұрақ қою» әдісін
қолданамын. Мысалы сауат ашу
сабағында:
-Көл жағасында
не өсіп тұр?
-Ағаштың
айналасынан нелерді көріп
тұрсың?
-Ағаш бұтағынан
не байқадың?
-Ағаш маңында
нелер ұшып жүр?
Оқушылар өз бетімен осы сұрақтарға жауап беру
арқылы мәтін құрайды.
Әсем
табиғат
Көл жағасында
.
Ағаштың
айналасында , бар.
Ағаш бұтағына
қонды.
Ағаш маңында
.
Болат
.
Табиғат
!
«РАФТ
– 2» стратегиясы
Оқулықтағы берілген суретке қарап, балалар
диалог құрды. Диалог арқылы шағын мәтін
құрылды.
роль
аудитория форма тақырыбы
Бақбақ
Жаңбыр
дала
диалог көмек
Жаңбыр жауып кетті. Жерде шалшық көбейді.
Бақалар қуанды. Бақбақ қорқып жылай
бастады.
-Неге жылайсың?
– деді жаңбыр.
-Менің
күлтелерім ұшып кететін болды!– деді
бақбақ.
-Жаңбыр жауса
табиғат жаңарады!
-Сенің де
күлтелерің жаңарып өседі - деп Жаңбыр Бақбақты
жұбатты.
•
Қорыта келе, «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының
білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз айтқандай, жаңартылған білім
мазмұнының талабына сай тиімді жолмен сын тұрғысынан ойлау
әдістерін қолдана отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруға ат
салысайық!
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Осы
бағдарламаны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір
жетістіктерге жетуге болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім мазмұнын игерудегі сын тұрғысынан ойлаудың тиімді стратегиялары

шағым қалдыра аласыз