жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім-саналы ұрпаққа сапалы білім берудің негізі
Жаңартылған білім-саналы ұрпаққа сапалы білім берудің негізі
1. Бүгінде Қазақстан білім беру саласына қаржы бөлуден көшбастаушы елдер қатарынан ойып тұрып орын алады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білімді ұрпақ - кемел келешек пен жарқын болашақа жол ашатындығын атап көрсетті.
Елбасының бағдарламалық мақаласында елдің рухани жаңғыруы мемлекеттік тіл мен салт – дәстүрі, әдебиеті мен мәдениетін сақтай отырып, патриоттық тәрбие беру арқылы жүзеге асырылуы тиіс делінген. Қазіргі заманғы жағдайда қазақ тілі әлемдік қауымдастықтан өзіндік орнын қалыптастыруы қажет.
Рухани тұрғыда бай әрі білімді адамзат қана тарихты өзгерте алады. Себебі білімді, сауатты адамдар ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші болмақ.
Әлемдік қарқынды жаһанданудың әсерінен айналадағы қоғам түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Адамзат өміріне маңызды салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр.
Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.
2. Елдің берік іргесін бекітетін ұрпақты толыққанды біліммен қамту –бүгінгі таңның басты мәселесі. 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында «Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл –мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау...» деп баса назар аудара айтқан болатын.
3. Сондықтан да білімнің жаңартылған мазмұнын сіңіру жолы сол күннен бастап қолға алынған. Біздің Болашақ колледжінде заман талабына сай кәсіби маман даярлауды жетілдіру мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мұндағы мақсатымыз колледж тәлімгерлерін қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман иесін дайындау және сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Біз педагогтар колледж білім алушыларына өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуына дайын болуға көмектесіп, рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі 6 басымдығын яғни, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы және сананың ашықтығын негізге ала отырып оқытудың жаңа технологиялары мен озық үлгілерін үйретуіміз қажет.
4. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – студент тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
5. Жаңартылған білім беру мазмұнының дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы.
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»берілуі.
4.Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру.
5.Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру.
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою.
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).
6. Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.
Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Оқытушы мен студентке алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. Тақырыпты оқытушы меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады. Белсенді оқыту білім алушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы оқытушы берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
Үштілділік саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Кез-келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан білім алушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр білім алушының үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
7. Сонымен жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне мыналар жатады:
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
сын тұрғысынан ойлау ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу сыни ойлау дағдысы;
алгоритмдік ойлау дағдысы;
ойлау дағдысы;
мәселелік ойлау дағдысы;
технологиялық ойлау дағдысы;
тілдік құзіреттілік дағдысы;
білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, білім алушы үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді педагогтар ғана жұмыс істей алады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Ол білім алушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, ұстаздар тынымсыз еңбектену керек. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген