жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас
Коучинг
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас |
|
Сілтеме: |
Нұсқаулық |
|
Жалпы мақсаты: |
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. |
|
Оқу нәтижелері: |
- Ата - ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы бойынша баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады. |
|
Негізгі идеялар: |
|
|
1. «Танысу» жаттығуы
ІІ.Топқа бөлу
ІІІ. «Постер» қорғау
IV. Ситуациялық сұрақтар:
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Кері байланыс Қорытынды: |
1. «Танысу» жаттығуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді. ІІ.Топқа бөлу Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті стикерлерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. |
|
ІІІ.«Постер» қорғау -Топтық жұмыс Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. II-топ. Критериалды бағалау - бала білімінің нақты өлшемі дегенге көзқарасыңыз. III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай кері байланыс болу керек (Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады). |
|
|
IV. Ситуациялық сұрақтар: Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады: Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді. Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы. Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді. Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны. Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз. |
|
|
Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы Ашық айтсам...» Коучингтің жүргізілген күні______________________________________ Менің есімім_____________________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім________________________________ _______________________________________________________________Бәрінен де маған ұнады_________________________________ ұсыныс_________________________________________________ _______________________________________________________________Түйінді сөз: Ата - ананың жүрегі бала деп қана соғады, Баласы жақсы адамның басына бақ қонады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген