жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңаша оқыту жағдайында дарынды балалармен жұмыс түрлері
Естаева Кульшат Таурбековна, биология пәні мұғалімі
Шал ақын ауданы
Қазақ орта мектебі КММ
Тақырыбы:
Жаңаша оқыту жағдайында дарынды балалармен жұмыс түрлері
Дарынды да талантты балалармен жұмыс жоспарының
бағыттары:
-диагностика- оқушыны жеке тұлға ретінде
байқау /мұғалімнің, кейіннен психологтың/;
-жаңаша оқытудың педтехнологияларын сабақта пайдалану,
-қосымша білім беру
-сабақтан тыс жұмыстар өткізу
Мақсаты:
оқушылардың зерттеу жұмыстарына
деген қызығушылығын дамыту, күрделі тапсырмаларды орындатуға бейімдеу,
шығармашылықпен ойлау қабілеті мен өздеріне деген сенімділіктерін арттыру
Міндеттері:
-пәнге деген қызғушылқтары бар дарынды да талантты балаларды анықтау;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта жас ерекшеліктеріне сәйкес қосымша жұмыстар жасау;
сыныптан тыс жұмыстар арқылы дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Дарынды да талантты балаларды анықтайтын сенімді өлшемдер:
Есте сақтау және білім
(есте сақтау қабілеттері жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады.)
Мәселені шешу
(ақпаратты толықтырып, мәніне тез жетеді.)
Күрделілікке деген сүйіспеншілік
(қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады)
Икемділік
(ойлау қабілеттері тез, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдайды)
Икемділік
(ойлау қабілеттері тез, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдайды)
Өз білімін жетілдіру(оқыту үдерісінің қалай жүретітін басқалардан жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады)
Ойлау қабілетінің жылдамдығы
(жоспарлауға көп уақыт жұмсайды, бірақ оны орындауға тез жетеді.
Шоғырлану және ерте символдық белгілер
(ерте жастан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды. (Freeman, 1998)
Дарынды балалармен жұмыс істеу үлгісі: /4 кезеңнен тұрады /
І. Дайындық кезеңі, 6- сыныпта
Дарынды балаларды анықтау: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, үйірмелерде.
ІІ. Шығармашылық кезеңі 7-8 сыныпта
Қабілетті оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, пәндік апталықтар, мектепішілік олимпиадалар, факультатив сабақтар, экологиялық конференциялар, және үйірмелерде.
ІІІ. Дамыту кезеңі, 9- сынып
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, үйірмелерде, пәндік апталықтар, мектепішілік және аудандық олимпиадалар, экологиялық конференциялар, факультатив сабақтар /оқушылардың ғылыми қоғамы/, рефераттар мен ғылыми зерттеу жобаларын қорғау.
ІҮ. Зерттеу кезеңі, 10-11 сыныпта
Білімдерін қолдану: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, пәндік апталықтарда, факультатив сабақтар, ОҒҚ, ғылыми жобаларды қорғау.
Блум таксономиясы – мұғалімнің жеке іс- әрекеті
Білу 6- сыныпта
Түсіну, қолдану 7-8 сыныпта
Талдау 9- сынып
Жинақтау, бағалау 10-11 сыныпта
І. Дайындық кезеңі
Сабақтарда
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау, эссе жазу, Венн диаграммасы, “кубизм”, бес жолды өлең, топтастыру т.б. Зертханалық жұмыстар- оқушының өзіндік жұмысы ретінде.
Сабақтан тыс жұмыстарда
Мектептің оқу тәжірибе үлескісінде тіршілік үшін күресті және мәдени өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына дамуын бақылау
ІІ. Шығармашылық кезең
Пәндік апталықтар
Өз білімдерін толықтырады, білімдерін пайдаланады.
Ғылыми конференциялар
байқаулар
Ғылыми ізденіс
Бақылау, салыстыру, анықтау, зерттеу
Мектепішілік, аудандық олимпиадалар
Білімді насихаттау, қызығуын дамыту, өз бетімен жеке жұмыс жасау
Факультативтер мен үйірмелерде
ІІІ.Даму кезеңі
ОҒҚ (оқушылардың ғылыми қоғамы)
Теория мен практиканы байланыстыру,
сызбалар, графиктер, табиғи материалдармен жұмыс
Ғылыми рефераттар
Қосымша әдебиеттермен жұмыс, баяндама жасау, дәлелдеу.
ІҮ. Зерттеу қорытындысы (рефлексия) Зерттеу жұмыстарын жүргізу, нәтижесін шығару, жұмысты қорғау (аудан, облыс, республика көлемінде)
Кезеңдерді жүзеге асыруда қолданылатын әдіс тәсілдер:
Миға шабуыл
Қосымша дерек көздерді пайдалану;
Үйірме «Жасыл әлем»
білімдерін табиғат құбылыстарымен байланыстыру;
Минизерттеулер жүргізу
Табиғаттан бақылағандарына түсінік беру;
Жекелеген жұмыстар орындау;
Экологиялық зерттеулер;
Зерттеулерін модельдеу, үлгі жасау, жоба құру;
Жұмысына презентация жасау.
Қосымша білім беру
1. Үйірме «Жасыл әлем»
Мақсаты мен міндеттері:
Балалардың зияткерлік, ойлау, есте сақтау, бақылау қасиеттерін дамыту ;
Қорытынды жасауға, пікір айтуға, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету.
Білімдерін шығармашылық түрде пайдалануға үйрету.
2. Факультатив «өсімдіктер мен жануарлар экологиясы»
Мақсаты мен міндеттері:
Коммуникативті бағытта білім беру;
Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Танымдылық қасиеттерін дамыту;
Білім мен тәжірибені ұштастыруға үйрету.
3. Сабақтан тыс жұмыстар
-Зияткерлік жарыстар «Кім білгір?»
-Пәндік мектепішілік олимпиадалар
-Халықаралық қашықтық олимпиадаларға , сабақтарға қатысу.
-“Жас натуралистер станциясы”.
-Экологиялық айлықтар, пәндік апталықтар
Зерттеу жұмыстарына қатысатын оқушылар саны
2013-2014-5 оқушы
2014-2015-8 оқушы
2015-2016-10 оқушы
Биология пәні бойынша шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушылар
Оқушының аты |
сыныбы |
тақырыбы |
Ержанов Ербақыт |
6 |
“Бөлме өсімдіктері-әдемілік, денсаулық және қауіп” |
Нұрғалиева Дильназ |
6 |
“Адам денсаулығына дәрумендердің маңызы” |
Базарбекова Мерей |
7 |
“Сүт- тіршілік нәрі” |
Таушарва Жұлдыз |
7 |
“Өсімдіктердің өсіп дамуына қоршаған ортаның әсері” |
Қайырбай Лаура |
7 |
“Бөлме өсімдіктеріне қышқылдық ортаның әсері” |
Зейноллова Айгерім |
8 |
“Өсімдіктің даму жылдамдығының рН ортаға тәуелділігі” |
Сатыбалды Аида |
9 |
“Лимондағы С дәруменінің мөлшерін анықтау” |
Тлеужанова Диана |
9 |
“Ауылшаруашылық дақылдарының дамуы мен өнуіне топырақтың қышқылдық қасиетінің әсері” |
Тұрсанова Диана |
11 |
«Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу екпе жұмыстары» |
“
«Жануарлардың жұқпалы ауруларының
алдын алу
жұмыстары “
Жоба авторы- Тұрсанова Диана
11- сынып оқушысы
Аудандық кезең 1- орын
Облыстық кезең 3- орын
Республикалық кезең 3- орын
“Лимон құрамындағы С дәруменін анықтау”
Авторы- Сатыбалды Аида
Аудандық кезең 2- орын, аймақтық кезең 3- орын
Қорытынды
Дарынды балалармен осындай жұмыс түрлері білімді игеріп қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілеттерін, ойлауын, тіл шеберлігін, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, төзімділігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамытады. Нәтижесінде дарынды баламен жеке жұмыс жүргізу қажеттілігі анықталады. Оқушының пәнге деген қызығушылығы сабақтармен қатар сабақтан тыс жұмыстарда да артады.Дәстүрлі пәндік олимпиадалар, түрлі байқаулар, сыныптағы және мектепішілік пәндік интеллектуалды жарыстарға қатыстыру дарынды балалардың қабілетін ашады. Осындай жұмыс түрлерінің нәтижесінде оқушы белгілі бір ғылым саласына бейімделіп, келешек өз мамандығын таңдай алады.
Нәтиже
Дарынды балалармен жұмыс жүйесі қалыптасты.
Жұмыс кезеңдері анықталды
Оқушылар
шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімделді.
Мұғалім біліктілігі артты .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген