Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңашыл 40 әдіс -тәсіл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ |
Әдіс-тәсіл түрі |
Мақсаты |
Тиімділігі |
Қолданылуы |
Кіріктірілген модульдер |
1 |
Миға шабуыл (әдіс) |
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша келтіреді. |
Балаға сұрақ қою арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы басталады |
Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алуға болады |
СТО |
2 |
Шаттық шеңбері (сергіту сәті) |
Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді. |
Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады |
Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. |
|
3 |
Ақылдың алты қалпағы |
Баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады . Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. |
Ұсынылған мәселе бойыншаи өз ойына талдау жасай біледі. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасай біледі, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсете біледі, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шебердігі артады. |
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді. |
СТО |
4 |
«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) |
Тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. |
Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады |
Балалар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. |
|
5 |
«Сұраққа жетіп ал» әдісі |
Баланың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру |
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. |
Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, балалардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою (сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің қоюына болады) |
СТО, Диалогтік оқыту |
6 |
«Галереяны шарлау» әдісі |
Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасау; Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстыра білу; Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін білу; Мәтін бойынша белгілеп алу, сғрақ қою, тұжырымдау; Өз жғмысын сыныптастарымен талқылау, жғмысқа терең сараптама жасау өз білімін, түсінігін кеңейту; Танысу әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігін дамыту. |
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, Көшбасшылық |
|
7 |
«Биопоэма» әдісі |
Материалдың жан-жақтылы зертеу, саралау, салыстыру |
Топтағы таныстықты арттыру, өз ортасындағы ұқсастықты табу, ізденімпаздыққа жетелейді |
Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырылады. |
Жаңа әдіс-тәсілдер, диалгтік оқыту |
8 |
«Сұраққа жетіп ал!» әдіс |
Материалды пысықтауда немесе қайталауда оқушының білімі мен ізденімпаздылығын арттыру; |
Сұрақты дұрыс қоя білуге, нақты жауап беруге дағдыланады |
: Сұрақ бағыттаушы доп- топ мүшелеріне сұрақты қояды, ал екінші доп- жауап беруші барған тұлға жауап беруі қажет . Доп кезек-кезек домалап, бағытталып, өз жауабын айтуға жетелейді |
|
9 |
«Джигсо» әдісі |
Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап,әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. |
Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға , білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. |
Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленнеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады.сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. |
|
10 |
«INSERT» әдісі |
Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру |
Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен малімет жинау және алуға тиімді |
Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады V- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды. |
|
11 |
«Кластер» әдісі |
Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындау. |
Тақырыптаршалардыңбайланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген тиімді |
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер) |
|
12 |
«Фишбоун» әдісі |
Жаңа мәліметті сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау |
Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. |
Жар қағазға балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы сызбаларға сұрақтарын, төменгі жағынағы сызбаларға жауабы жазылады. Балық қабырғасының саны жетіден кем болмауы керек, түйінді ой құйрығына жазылады. Қосымша сұрақ туындайтын болса үстінгі және астынғы қабыршақтарға жазады. |
|
13 |
«Өрмекші» әдісі (постермен жұмыс) |
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту |
Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді |
Оқушылар өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздерді жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. |
|
14 |
Үштік әдіс (Ойлан,жұптас, бөліс) |
Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазады. Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді. Соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды. |
Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. |
Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар үш жұптан бөлінеді бірінші оқушы оқиды, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады. |
|
15 |
«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі |
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады. |
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады. Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады. Шығарашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. |
Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіру. |
|
16 |
Қар кесегі |
Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. |
Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді. |
Төрт топ окушылары әр топқа бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады |
СТО |
17 |
Заряд алу (сергіту сәті ) |
баланы ұқыптылыққа, мұқияттылыққа үйретеді. Сезімталдыққа үйрету. |
Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді. |
Шаттық шеңберге тұрып бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, енінші айналымда 2 рет қысады, соңында барлығы көзді жұмып 3 рет қысады бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта сол келу керек. |
|
18 |
Бұзық телефон (Сергіту сәті ) |
Дұрыс тындалым, айтылымға бағытталған. |
Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді. |
Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам қүлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек. сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады. |
|
19 |
Бэкроним әдісі |
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. |
Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.жазылым дағдысы қалыптасады |
Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құру. |
|
20 |
SMART (Сабақты мақсатты жоспарлауға қолданады) |
Айқын, нақты, қол жетімді шындыққа негізделген. Нақты мерзім және мақссатты жүзеге асыратын орынды құралдары болу керек . |
Нақты мақсатқа жете алады |
Тақырыпқа жүйелі мақсат қою. мысалы математикада Теңдеулерді шешу тәсілдерін екі аптада меңгерту. |
|
21 |
Мюллердің ғажайып саны |
7±2=5\9 КМЖ жазғанда мақсат 5-9 сөзден аспау керек |
|
|
|
22 |
Константинополь (Стамбул) |
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. |
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сөздік қорын арттырады. |
Берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен зат есімдер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек |
|
23 |
SWOT -талдау |
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды,жағымсыз жақтарына сараптама беріледі,мүмкіндіктері бағаланып,қатерлері туралы айтылады. |
Оқушының ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту.Өз пікірін ашық айтады. |
Сабақты қорытындылау барысында қолданылады. |
СТО |
24 |
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі |
Зерттеудің үдерістерін ескере отырып рефлекссия жасауды дамыту. |
Ұсынылған мәселе бойынша өз елестетулерімен таныстыра білу. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.. Оқушының зерттеушілік шеберлігін анықтай отырып сауалнама өткізеді |
1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы. |
|
25 |
Кейс - Стади |
Нақты болған жағдайды шындыққа ұқсату немесе шынайы суреттеу |
Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. |
Жұмысты жүргізу үшін бірнеше болған оқиғаларды немесе жағдайларды ұсынады, жеке және ұйымдық мәселелерді туындататын, оларды жеке суреттеуге немесе бірден екеуін суреттеуге болады. |
|
26 |
Дауыстап ойлау |
Оқи отырып ой түю,ой бөлісу. |
Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. |
Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді . Бір- біріне түсіндіреді. |
Диалогтық әңгіме |
27 |
Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі |
Баланы алған білімін саралай білуге дағдыландыру |
Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.. |
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жаза алады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазса болады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім біледі. |
|
28 |
«Ыстық орындық» әдісі |
Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау |
Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі |
Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. |
|
29 |
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі |
Баланың бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру |
Балалар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді. |
Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларын бөліседі. |
|
30 |
«Кинометафора» әдісі |
Баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту |
Баланың логикалық ойлау қабілеті дамиды |
Кез-келген видеолық көрініс көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
|
31 |
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс |
Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту |
Баланың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал етеді |
Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі бағалауға қатыстыруға болады |
ОүБ, ОБ |
32 |
«Бес саусақ» әдісі |
Баланың бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету |
Бас бармақ – басты мәселе Балалы үйрек – бірлесу Ортан терек – ойлану Шылдыр шүмек – шынайылық Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы |
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? |
|
33 |
«Ыстық микрофон» әдісі |
Баланы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру |
Құнды ой жинақтау, ойын ашық айту |
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. |
|
34 |
«Шахмат» әдісі |
|
|
|
|
35 |
«Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос) |
Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. |
Баланың бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, қоғамдаса біледі |
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады. |
|
36 |
«Ханшайым, айдаһар, Самурай» сергіту сәті |
Қандай да бір ақпарат алуда шапшаңдыққа баулу |
Баланың шапшаң ойлауы арқылы жылдам шешім қабылдауына ықпал болады |
Екі топқа бірігіп, қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ самурай болып,бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен самурай болу арқылы т.с.с бірнеше рет қайталау арқылы сергіту жаттығуы жүргізіледі. |
|
37 |
«Сұрақ ілмегі» әдісі |
Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру |
Бала сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айта алады |
Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. |
|
38 |
«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі |
Баланың ойлау қабілетін дамыту |
Баланың өзине тест құрату арқылы уақытты тиімді пайдалану |
Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады. |
|
39 |
«Жалғасын тап» сергіту сәті |
Баланы жылдам ой қорытуға баулу |
Баланың логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді |
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады. |
|
40 |
«Буклет» әдісі |
Ақпаратты жинақтап жеткізу |
Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады |
Бұл әдіс топпен жасалады және «Автобус аялдамасы» әдісімен түсіндіріледі |
|