Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңашыл маман - жұмыс берушінің арманы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл.
Сондықтан сөзімізді Елбасы Н.Назарбаевтың: «Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден – бір құдырет – білім, білімді ұрпақ» деген сөзімен бастағым келіп отыр.
Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағынына ілесіп, заман талабынан көрініп жүрген облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі. Тарихы да, тәжірибесі де бай білім шаңырағы жарты ғасыр бойы кәсіби сапалы мамандар даярлау ісімен айналысып отыр. Маман дайындау – мемлекеттің алдыңғы қатарда дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ұжымы 58 жылдық тарихында еліміздің білім саласынада мыңға жуық маман даярлап шығарды.
Колледж тарихын екі кезеңге бөліп қарастыратын болсақ, бірінші кезең – құрылғаннан еліміз тәуелсіздік алғанына дейін, екінші кезең тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Елімізбен тағдырлас білім ордасы мемлекетімізбен бірге жетіліп, өркендеп, жылдан-жылға өрістей даму үстінде. Бүтіндей бір елдің қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі қара шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше.
1963 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті және министрлер кеңесінің 19 шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес ҚазССР ауылшаруашылық министрлігінің № 164 бұйрығы бойынша «Ванновка ауылшаруашылығын механикаландыру» техникумы болып құрылып өз жұмысын бастады. Алғашқы директоры М.Костюченко болды. Одан кейінгі жылдарда білім ордасын өркендетіп, керегесін кең ұстаған С.Қалғынбаев, Ә.Алғабаев болса, білім мекемесін келесі кезеңдерде абыроймен басқарған Қ.Анашев, Г.Нысанов, сынды басшылар колледжге сіңірген ұшан-теңіз еңбектерімен ел есінде сақталады. Колледж директоры С.Ж.Адилбековтың атқарып жатқан жұмыстары және алға қойған мақсаттары ауқымды. Жыл өткен сайын білім мекемесінің оқытушылар құрамы ұлағатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкіндіктері де арта түсті.
Колледж ұжымы заманауи үдерістерге үн қосып, республика деңгейіндегі жобаларды оқу процесіне енгізу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз етіп, рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қазіргі қоғамның басты қажеттілігі.
Бүгінгі таңда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі Республика көлемі деңгейде танымалдыққа ие болды деп нық сеніммен айтуға болады. Оның жарқын дәлелі колледждің тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills TURKISTAN – 2019» чемпионаты өтті. Облыстық чемпионатқа 8 құзыреттілік бойынша Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінен 6- студенті қатысып, оның 2 студенті жүлделі орынға ие болды.
Алтын медаль – Умирбай Нұрқанат Алибекұлы, «Туризм» құзыреттілігі, жетекшісі Эшанкулова Ф.А және Алтын медаль – Жұмабай Асқар Әбілғазыұлы , «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі, жетекшісі Ахметова Н.Ж.
Республика деңгейінде Нұрсултан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan– 2019» V-республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына , «Мейрамхана сервисі» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Жұмабай Асқар Әбілғазыұлы қатысып сертивикатпен марапатталды.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі өзінің 58 жылдық даму тарихында маңызды өзгерістерге қол жеткізді, жаңа тұрпатты білім ордасына айналды. Бүгінде білім ордасынан тәлім алып, еліміздің түкпір-түкпіріне қанат қаққан әрбір түлегіміз бар жиған білімдерін жас ұрпаққа, өз халқының игілігіне арнағаны ақиқат. Оқытушылар құрамы сандық әрі сапалық жағынан өсті. Республикамызға танымал іргелі білім ордасында 54 оқытушы, 21 оқу өндірістік шеберлер табысты еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай тер төгіп келе жатыр. Олардың ішінде 15 жоғарғы санатты, 16 бірінші санатты, 31 екінші санатты оқытушылар, 6 - ғылым магистрлері.
Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдірілуде. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен жабдықталған. Колледжде 2 оқу ғимараты, 2 оқу-өндірістік шеберхана, 400 орындық жатақхана, 300 орындық акт залы, 63782 кітап қоры бар кітапхана, спорт залы, оқу кабинеттері бар. Сапалы білім беру мақсатында оқу кабинеттері жаңа технологиялық оқу жабдықтарымен толықтырылуда: 12 – интерактивті тақта, 11 – мультимедиялық проекторлар, 5 – компьютерлік аудиториялар.
Колледждің бас оқу ғимаратында студенттердің білім сапасын көтеру және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында барлық оқу аудиторияларда бейне дыбыс камералары орнатылған. Бейне камералары арқылы педагогтың сабақ өту сапасын көтеру және педагог пен студенттердің арасындағы қарым – қатынас пен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үлкен рөл атқаруда.
Сонымен қатар колледждің бірінші қабатында студенттермен қызметкерлерге арналған Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда.
Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Заманауи талаптарға жауап бере алатын, білімді де білікті маман даярлау – біздің мақсатымыз. Осы орайда 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев тапсырған тапсырысты орындау мақсатында «Жас Маман» жобасы (бұдан әрі - Жоба) іске асырылды. «Түлкібас агробизнес және саяхат колледж» МКҚК Жоба шеңберінде 2020 жылы 80 колледждің қатарынан орын алып, жобаны жүзеге асыруға осы «Жас маман» жобасы аясында 1201000 - «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша заманауи құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Барлық құрал - жабдықтар тізімі WorldSkills стандарты мен салалық бірлестіктер, «Атамекен» ҰКП және ірі кәсіпорындар (100 сұранысқа ие мамандықтар бағыты бойынша) ұсыныстары негізінде әзірленді. Атап айтқанда құрал – жабдықтар негізінде үш бірдей жаңа үлгідегі лабараториялық аудиториялармен қалыптасты.
Сонымен қатар, бұл алынған заманауи құрал-жабдықтарда,осы мамандық бойынша Түркістан облысына қарасты колледждерден WorldSkills Kazakhstan чемпионатына қатысушыларға дайындық жұмыстарын жүргізуге құзыреттілік орталық болады.
Студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалынып 2019 – 2020 жылдары колледждің бас оқу ғимараты заманауи үлгідегі толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар колледж аумағы толық қоршалып көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Колледжде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу барысында да инновациялық технологиялар жолға қойылып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттердің сапалы білім алуларына мүмкіндіктер жасалған. Бұл мақсатта колледжіміз «Әлеуметтік серіктестік» жобасы бойынша бірнеше жұмыс беруші ұйымдармен келісім-шарт жасасқан. Атап айтқанда, «Майлыкент сүт» СТК, «Ережеп ата» мәдени-сауықтыру кешені, «Т.Рысқұлов автобус паркі» ЖШС, «Аудандық ветеринарлық қызмет» МКК, «Ақсу – жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық мекемелерімен келісім-шарт жасалып, аталған мекемелерде болашақ мамандарымыз теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде пайдалануға машықтануда. Сонымен қатар ауданымыздағы басқа да 20-дан астам жеке шаруашылықтармен келісім-шарт жасалып, бірлесе маман дайындауда.
Колледждің жаңа мамандықтар бойынша білім беруі, колледж ғимаратының күрделі жөндеуден өтуі, материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, киелі шаңыраққа шынайы иелік жасаған Адилбеков Сержан Жақсылықұлы басшы ретіндегі атқарған жұмысының жемісі. Іскер басшы С.Адилбеков педагогикалық ұжымды заманауи үрдістерге бағыттай отырып, білім берудің мазмұны мен формасына жаңашыл өзгерістер енгізу арқылы халықарлық білім берудің инновациялық, ақпараттық-технологиялық жүйесіне бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыруда.
Кәсіптік техникалық білім беру жүйесінің тәжірибесін жалпылау және одан әрі жетілдіру, жаңа білім берушілік қызметтер алу үшін қойылған міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік беретін өзін-өзі сындарлы бағалауды қамтамасыз етуші, жаңа инновациялық технологияларды енгізу жолымен оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне жаңа сапалық деңгейге көтеру болып табылады.
Жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктеріміз үлгілі ұстаздарымыздың, ұжымның ерен еңбектерінің жемісі. «Ұйымдаса білген – ұтады» деген халқымыздың тәмсіл сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жоспарланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағамдаймыз. Сондықтан білім саласындағы атқарылуға тиісті түрлі іс-шараларды жүйелеп, зерделей отыра жүргізсек, әлі де талай биіктерге көтерілетініміз анық.