Түркістан
облысы
Қазығұрт
ауданы
Қаржан
елді мекені
Ө.Жамалов
атындағы жалпы орта мектеп коммунальдық
мемлекеттік мекемесі
«Жаңа
мектепке-жаңашыл ұстаз»
Эссе
Ағылшын
тілі пәні мұғалімі: Пазлиева Шаттық
Қаржан
2019
«Жаңа
мектепке-жаңашыл ұстаз»
Еліміз
дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында
білім саласында тың бағдарламалар іске
асырылып, атап айтқанда, білім берудің
қалыптасқан стандарты ауыстырылып,
әлемдік білім берудің трендіне толыққанды
жауап бере алатын жаңартылған білім
жүйесі келді.
Менің
ұстаз болғаныма 1 жыл болды, жас ұстазбын.
Осы уақыт аралығында жаңартылған білім
мазмұны бойынша білім беріп, оның
нәтижесін көріп келемін. Жаңартылған
білім мазмұны, логикасы, әдіс-тәсілі
жағынан ерекше тиімді нәтиже береді
деп ойлаймын. Педогикалық және
психологиялық білімі терең жеке тұлға
бүгінгі күннің бетке ұстар ұстазы -
әлемдік білім стандарттарына жауап
бере алатын маман даярлары хақ.
Мұғалімнің
сабаққа дайындығының өзі сабақтарды
тақырып бойынша жоспарлаудан бастап,
түрлі әдіс-тәсілдер, жаңашылдық,
ақыл-ойдың тереңдігін, тапқырлықты,
ұшқырлықты қоса отырып, ең бастысы,
әлемдік мәдениетпен ұштастыра отырып,
терминологияларды қолданумен қатар,
нағыз ғылыми сабақ өтуге толық
мүмкіндігіміз бар. Бұл қуантарлық
жағдай, өзім сабақ беретін ағылшын тілі
пәнінде әрбір тарау бойынша тақырыптарға
бөлінген және сол тақырыптар сыныптан
сыныпқа көшкен сайын күрделене түседі.
Ақпараттар, соңғы әлемдік жаңалықтар,
соңғы қолданыстағы сөздер, жаңалықтар,
даму көрсеткіштер бұл баланы қызықтыра
отырып,ғылыми дәлелдер, әлемдік тұлғалар
- бәрі интерпретациялық зерттеуге
итермелейді. Баламен бірге өзіңіз де
сол тақырыпқа кіріп, интернет материалдарын
қолдана отырып, кең мүмкіндіктерге қол
жеткізесіз. Бір қуантарлығы, бұрын
елімізде тың зерттеулер, білім беруде
тәжірибемен теорияны қатар қолдану тек
ЖОО-да ғана болса, қазір мектептерде
БАҚ-тан естіп жүргеніміздей, мектеп-лицей
оқушылары жаңалықтар ашып, оны өздеріне
патенттеп, жас ерекшеліктеріне қарамастан,
ғылымның қыр-сырын үйреніп қалды. Кезінде
Шоқан да қазақтан шыққан тұңғыш этнограф
болуының алғышарты - жаз бойы ата-әжесінің
қасында «құйма құлақ» болып, әңгіме
жыр-дастандарды жазып алып, сол арқылы,
қазақтың тың тарихы туралы том-том кітап
шығарды. Қазақта «болар бала жасынан»
дегендей, бізде бүгін балаларға үш тілде
білім бере отырып, әлемнің кез-келген
елімен бәсеке бола алатын, өз тарихын
білетін, ұлтын сүйетін жаңашыл жас
тәрбиелеу міндетіміз деп білемін.
Жаңа
әдіс тәсілдер қолдану тәжірибесі -
күнделікті сабағымда Блум таксономиясының
иерархиялары бойынша өтеді. Оқушылар
білу деңгейінде -қайталау, тану арқылы
тапсырмалар орындайды. Тиімділігі жеңіл
өтілген тақырып не тарауға байланысты
тест, сәйкестендіру, қайталау сұрақтары
арқылы өткіземін. Түсіну деңгейінде -
топ болса, мәліметтерді ұлғайтып, өзара
бір-бірімен ақпарат ауысады. Бір-біріне
түсіндіру, жан-жақты мәлімет жинақтайды.
Қолдану деңгейінде - көбіне өз тәжірибемде
постер қорғату арқылы орын алады. Талдау
бөлігінде - топтар тақырыптың маңыздылығын,
топ болып бір–біріне түсіндіреді.
Көбіне жұптық жұмыс топтағы оқушылар
бір-біріне түсіндіру арқылы тез ұғынады.
Осы Блук таксономиясының талдау бөлігі
менде ұтымды өтеді. Оқушылар бәрін
біліп, сипаттайды. Жинақтау бөлігі
көбінде оқушының шығармашылық тұсын
көрсетеді. Ағылшынша тақырыпқа қатысты
өлеңдер айтып не өздері жаңа сөздерді
қолдана отырып өлең құрастырады. Бағалау
- ұтымды, еңбегінің нәтижесі, қателіктерін
білетін кезі. Көп кезде оқушылар бір-бірін
бағалауды және сабақты бағалайды.
Сабақтың өн бойы осы әдістер арқылы
оқушының дамуына септігін тигізеді,
ойлау қабілеті артады.
Жаңа
білім жүйесіндегі жаңа ұстаз бейнесі
ретінде көз алдымда ақпараттық
технологияларды меңгерген, сабақта
инновациялық технологияларды қолдана
алатын, сыни тұрғыдан оқушыларды ойлауға
баули алатын жанашыр жан елестейді.
Әрине әл-Фараби айтқандай: «Тәрбиесіз
берілген білім - білім емес» деген үнемі
есімде. Менің ойымша, ең алдымен, балалар
ұлтжанды, елін сүйетін нағыз патриот
болмайынша, ұлттан рух алмайынша бұның
бәрі бекер. Сондықтан, бүгінгі жаңашыл
педогог тек білім беріп қана қоймай өз
ісімен, сөзімен, ұлтқа деген махабабатын
оқушыға көрсете білу керек деп ойлаймын.
Себебі, көп айтылғаннан, жасаған іс
жүзінде іске асырылған әрекет оқушыға
анағұрлым көбірек сабақ.
Бүгінгі
жаңашыл ұстаз – интерактивті
әдіс-тәсілдерді қолдана білетін және
оқушыларға білім беру мақсатына жету
үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдана
отырып, коммуникациялық тәсілдерді
үйрететін жан.
ЖОО-да
және жоғарғы сыныптарды кезең-кезеңімен
ағылшынға көшіру ұтымды прогресс.
Себебі, көптеген пәндердің терминологиясының
шығу төркіні - латын. Әлем сөйлеген тіл,
даму, ақпарат, ғылым, экономика мәдениет
тілін неге үйренбеске. Бүгінде Қазақстанда
3500-ге жуық шет ел компаниялары ағылшынша
сөйлеседі және айналасындағылардан
соны қажет етеді. Әлемде 10 миллионға
жуық кітаптың 85 % ағылшын тілінде.
Бүгінде Елбасымыз 100 әлемнің ең қажетті
ғылым салаларына қатысты кітаптарды
аудартуы ұтымды табыс. Әр ғылымның өз
зерттеу шеңбері, проблемасы бар. Өзім
1 сыныптарға ағылшын тілін жүргіземін.
Ағылшы н тілін меңгеруде оқушыларда
ешқандай қиындық жоқ, өз деңгейлеріне
сәйкес бала тақырыпты жаза алады,
меңгереді, айта алады, қолдана алады.
Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында мұғалім мәртебесін
көтеруге басым бағыттар берілген. Бұл
бағдарламаның маған ұнаған тұсы: қазақ
халқының тарихына, мәдениетіне көңіл
бөле отырып, көп ұлтты Қазақстандағы
этно-мәдени мектептерді дамыту идеясы.
Қазақстан көп ұлтты ел бола отырып,
этникалық құрамына да мән бергені
халықаралық деңгейде жоғары бағаланары
хақ.
Сауатты,
зияткер ұстаз жаңа дәуірдің басшысы.
Оқушымен ұстаз байланысы білімнің
құдығын қазуға апарар жолдағы жолдастық.
Баланы түсіну әсіресе, психологиялық
тұрғыдан ұғына отырып, функциональдық
бейімдеу жаңашыл ұстаз бейнесі.
Қорытынды,
жаңа мектептегі жүргізіліп отырған
жаңартылған білім беру мазмұны арқылы
білім нәрін сусындататын ұстаз - заманауи
өз пәнін ғылым ретінде қарайтын, сан
түрлі әдістер қолдана отырып, оқушыға
жеңілден қиынға қарай үйрететін адам.
Жаңашыл ұстаз- инновациялық ақпараттық
технологияларды меңгерген, адам жанын
түсінетін психологиялық білімі мықты,
интернет желілерін еркін қолданатын,
қазақ халқының құндылықтарын бірінші
орынға қоятын тұлға.