400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңашылдыққа ұмтылған мектеп ұжымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңашылдыққа құштар педагог қызметкер, мұғалімдер қандай қиындық кездессе де, білімі мен өнегесін ел келешегі-жас ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытып, тәрбиелеу үшін оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, жетілдіріп іске асыруға күш салуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы

Абай атындағы «Мектеп – бала бақша» кешені КММ-сі

Ж аңашылдыққа ұмтылған мектеп ұжымы



Жедел дамып, өзгеріп жатқан өмірде өмір көшінен қалыспай, заманымен қатар адымдауы үшін, біліктіліктерін арттырып, деңгейлік бағдарламаларды меңгеріп, мұғалімдер үшін жасалып жатқан зор мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып отырған мектеп ұжымы- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ-сі.

Жаңашылдыққа құштар педагог қызметкер, мұғалімдер қандай қиындық кездессе де, білімі мен өнегесін ел келешегі-жас ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытып, тәрбиелеу үшін оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, жетілдіріп іске асыруға күш салуда.

Ахмет Байтұрсынов «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» дегендей, еңбегінің нәтижесіне оқу, іздену арқылы жете алатын мұғалім мәртебесі қашанда биік.

Деңгейлік бағдарламалар курсын аяқтаған Ибраева С.К., Енсебаева Б.К. , Суюндукова Ж.М., Оралова А.М. Бабажанова Ж. Ж. Ахметкалиева Г.К. әріптестерінің теориялық және тәжірибелік деңгейіне жетуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үрдістерін іске асыра, І деңгей бағдарламасын аяқтаған оқу ісінің меңгерушісі Смагулова Г.Ч., педагогикалық шеберлік орталығында білім беру ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқыған мектеп директоры Кусаинов Е.Г. мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етіп, оқыту мен оқудағы инновациялық үрдістердің енгізілуіне қолдау көрсетіп, мектептің даму жоспарына сай, мұғалімдердің желілік және кәсіби қоғамдастығын ұйымдастырып, басқаруды қолға алған.

Жаңашылдыққа құштар ұстаздар қауымының жетістігі- білім жүйесіндегі саясаттың негізгі бағыты- сапалы білім берудің көрсеткіші болары сөзсіз.

Мектепті дамыту жұмысының әсері жұмыс барысында сезіледі. Жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, оны оқытуда пайдалану барысында мектеп ұжымында 4 шығармашылық топ жұмыс істейді.

І. Оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі-Lesson Study мен жұмыс істейтіндер тобы. / жетекшісі Смагулова Г.Ч./

ІІ. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жұмыс істейтіндер тобы. /Ибраева С.К./

ІІІ. «Орта мерзімді жоспарлау» тобы. /Енсебаева Б.К./

ІV. «Жеті модульді оқыту» тобы. Оралова А.М.

Мектеп әкімшілігі ұжымдағы адамдардың ой-пікірімен санаса отырып, бастапқы алғы шарттарды өзгертіп отыруы мектептің алға қарай өрлеуі мен дамуына қозғағыш күш береді.

«Өмір бойы білім алу» қағидаларын жүзеге асыру, міндеттерін орындау – мұғалімдер мен мектеп басшыларының жұмысы мен біліктілігіне байланысты.

Мектеп ұжымы 2014-2015 оқу жылында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауына қатысып, ШҚО Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстандағы 30 жетекші мектептердің бірі ретінде 12 жылдық оқыту тәжірибе мектебі болып жаңа оқу жылын бастады. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО филиалы БАИ-мен келісімшартқа отырса, Астана, Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз қарым-қатынаста. Мектептің қазақ тілі және бастауыш сынып мұғалімдері Астана қаласындағы Назарбаев мектебінің іс-тәжірибесін үйренуде, 34 курстан мұғалімдеріміз өтіп, білімдерін көтерді.

Қазан айында «Өрлеу» ШҚО филиалы «Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері: филология ғылымының кандидаты Симбаева Салима Оралхановна мен Pisa тренері Жақсылыкова Гульмира Идришевна келіп, «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг-семинар өткізсе, қаңтардың 5-10 аралығында білім көтеру курсын мектепте ұйымдастыру сұранысы бойынша деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері жетекші Жақсылыкова Г.И. және білім беру саласы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Сеилхан Айгүл Қауатайқызымен «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда оқытудың жаңа бағыттары» тақырыбында 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан мектептегі 26 мұғалім өтіп, сертификат алды.

2015-2016 жаңа оқу жылынан бері 1-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Мейрембаева Б.К.) жаңартылған білім бағдарламасы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында апробациядан өтуде. 1-сыныпқа дәріс беретін пән мұғалімдерімен ата-аналар ұйымдаса, бір кісідей жұмыла, жауапкершілікпен жұмыс атқаруда. Бастауыш сыныптың материалдық-техникалық базасы да, жаңа талапқа сай жаңаруда. Даярлық және 1 сынып оқушылары 3-тілде компьютер «Сөйлейтін қалам», әр түрлі әдістемелік дисктер арқылы білім алуда. Ұжым Семейдің Назарбаев Зияткерлік мектебінде күз айында 3 күн семинарда іс-тәжірибе алмасса, әр тоқсан сайын Зияткерлік мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері біздің 1-сынып оқушыларының білімі мен пән мұғалімдерінің әдістемесін көріп, тексеріп,саралап, жетістіктерін риза көңілмен бағалауда.

1-сынып мұғалімдері: Мейрембаева Б.К., Кемербаева Г.А., Суюндукова Ж.М., Ахметкалиева Г.К., Рахимова Г.С., Ганиев Д.А. заманауи жаңа әдіс-тәсілдермен өткізген әр сабағы мен күнделікті тынымсыз еңбектерін айтпау мүмкін емес. Мониторинг, технологиялық карта әр балаға т.б жұмыс қыруар.

Сынып мұғалімдері жеке тұлғаның жалпы білім мен мәдениетінің қалыптасуына, топпен жұмыс істей отырып, топ ережесін, бір-бірін құрметтеуін, сөз қадірін бағалауын, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды, олардың дарынын ұштауға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді,тиянақты 3-тілде білім алып, сол білімге деген ұмтылысты жаңа инновациялық тәсілдер арқылы оятуға негіз салады.

Осындай жұмыстар барысында ұстаздар бойында өзгеріс, кәсіби даму пайда болады. Жаңаға талпыныс, алға ұмтылу сезімдік оянады.

Мұғалім – адам тәрбиешісі, баланың болашағына баға беріп, жөн сілтеуші. Демек, оған бір мезетте босансуға болмайды, жаңашылдыққа жанын салып, үнемі іздену үстінде болуы міндетті жағдай.

Мектеп ұжымы болашақта шәкірттері қияға самғап, тәуелсіз елдің тағылымды ұрпағы болып жатса, ұстаздардың да «ақырын жүріп, анық басқан» еңбегінің зая кетпегені, еңбегінің жемісін сезінуі баға жетпес бақыт, зор қуаныш екені анық.

Уақыт, шіркін, берген бе талайға дес,

Тұра алмайды бір сәтке қарайлап еш,

Ұлылықты ұстанар ұстаздық жолда,

Талай асу асармыз, талай белес.

6 қазан айында Өскемен қаласынан ПШО тренерлері Ислямова С.А. және Зейнолдина Г.Т . пилот мектебінің директоры Кусаинов Еркинбек Кабдуалиевич және оқу ісінің меңгерушісі Смагулова Гульмира Шакербековнамен кездесу барысында жаңартылған білім мазмұнын апробациядан қалай өтіп жатқаны және оны еңгізу барысында қандай қиындықтар кездескені туралы талқыланды. Осы күні жаңартылған білім мазмұнын еңгізіп жатқан бастауыш сынып мұғалімі Мейрембаева Баршагуль Кусайновна, орыс тілі мұғалімі Кемербаева Гульмира Алпысбековна, өнер пәні мұғалімі Ахметкалиева Гульгина Кайрхановна, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ганиев Дидар Алибекович, музыка пәні мұғалімі Рахимова Гульмира Солтановна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Суюндукова Жанна Маратовнамен дөңгелек стол ұйымдастырылды.



Дөңгелек стол барысында келесі мәселелер талқыланды:


№

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

1

Мейрембаева Баршагуль Кусайновна

математика

1 А бөлім Сандар туралы ұғым.

Ондықтармен санау. 9 саны және цифры.

2

Мейрембаева Баршагуль Кусайновна

ана тілі

Атам және мен

3

Кемербаева Гульмира Алпысбековна

орыс тілі

Раздел: Моя школа; «Все вокруг меня в моем классе»







Жаңартылған білім мазмұнын апробациялауға қатысып отырған бастауыш сынып пән мұғалімдермен сұхбаттасу барысында анықталған оқу мақсаты мен электронды журнал бойынша қолдау көрсету мақсатында мастер класс ұйымдастырдық.

Бұл мәселе бойынша ПШО тренері Г.Т.Зейнолдина «Критериалды бағалау жүйесі: мүмкіндіктері мен қиындықтары» атты мастер-класс ұйымдастырды.


Пилот мектептің деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тәжірибеде қолдану барысындағы қысқа мерзімді жоспарды жетілдіру» атты мастер-классты С.А.Ислямова ұйымдастырды.










Абай атындағы «Мектеп – бала бақша» кешені КММ-сі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабаева С.Т.

Бастауыш сынып мұғалімі Мейрембаева Б.К.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі